Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген борышы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 3 бабына сәйкес:

мемлекет кепілдік берген борыш – мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;

мемлекет кепілдік берген қарыз – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 213 бабына сәйкес:

Қазақстан Республикасының қарыз алушы резидентi одан тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң берешектi толық немесе iшiнара өтеуге қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк, егемендi) кепiлдiгi (мемлекеттік кепiлдiк) болып табылады.

Мемлекеттiк кепiлдiктер қарыз берушiлерге Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өздерi алған мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуi ретiнде берiледi.

Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкiметi ие болады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер берудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен жүзеге асырады.

 

Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш сұрақтарының нормаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер:

-       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі     (12-бөлім «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі);

-      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.02.2009 жылғы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (12-бөлiм «Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар»).