2012 жылдың 1 жарты жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шолу

 

Республикалық бюджеттің атқарылуы бірінші жартыжылда республикалық бюджеттің атқарылуы экономиканың оң даму үрдісімен жалғасуы жағдайында жасалынды.

Қазақстанның 2012 жылғы 1 жартыжылында әлеуметтік-экономикалық дамуының түйінді индикаторларын сипаттайтын статистикалық деректер 1-слайдта келтірілген.

 

   1-слайд

 

Атауы

 2010 жыл                   

 2011 жыл                  

2012 жылғы      1 жартыжылы

1

2

3

4

Жалпы ішкі өнім, млрд.теңге

21 815,5

27 334,1

12 369,5 1

 өткен жылға нақты есептеудегi %-бен

107,3

107,5

105,6

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге

12 105,5

15 657,6

8 047,7

 өткен жылға %-бен

109,6

103,5

101,6

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге

1 442,6

2 256,6

464,8

 өткен жылға %-бен

88,3

126,7

93,7

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасмалдау, млн.тонн

2 439,4

2 965,0

1 402,3

 өткен жылға %-бен

114,3

116,6

118,7

Байланыс қызыметының көлемі, млрд.тенге

479,9

555,9

286,3

 өткен жылға %-бен

105,0

118,7

112,8

Тұтыну бағаларының индексі

 

 

 

өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен

107,8

107,4

102,7

орташа есеппен жыл бойы өткен жылға тиiстi кезеңiндегi кезге арналған, %-бен

107,1

108,3

105,0

Халық саны, мың адам

16 441,9

16 675,4

16 793,9

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

77 611,0

89 959,0

97 279,0

 өткен жылға %-бен

115,3

116,1

117,6

Экспорт, млн. АҚШ долл.

60 270,8

88 272,6

46 755,3

 өткен жылға %-бен

137,1

146,5

110,8

Импорт, млн. АҚШ долл.

31 126,7

37 940,1

19 932,8

 өткен жылға %-бен

104,8

121,9

123,2

Сауда балансының сальдосы, млн. АҚШ долл.

28 669,9

47 262,7

25 310,5

Теңгенiң АҚШ долларына қарағандағы ресми айырбас бағамы:

 

 

 

кезеңнiң аяғындағы

147,4

147,9

149,2

 орташа жылдық

147,5

146,6

148,9

Мұнайға әлемдік баға Brent  сорты

79,6

110,9

113,7

өткен жылға %-бен

128,7

139,3

102,4

 

Дерекнамасы:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі

ҚР Статистика агенттігінің алдын ала бағалауы бойынша өткен  жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2012 жылғы 1 жартыжылында ІЖӨ 5,6 %-ға артты.

 

2011-2012 жж. ІЖӨ

 

өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен

салыстырғандағы %

 

 

Дерекнамасы:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

 

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) – алты базалық салаларда есептелінетін көрсеткіш, (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда, байланыс) 2011 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 2012 жылдың қаңтар-маусым айларында  103,8% -ды құрады.

 

 

ҚЭИ-дің 2011-2012 жж. өзгеру серпіні

 

өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен

салыстырғандағы %

 

 

Дерекнамасы:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Есепті кезеңде сыртқы жағдаяттың тұрақтануына байланысты Қазақстан экономикасының дамуына сыртқы фактор және ішкі сұранымның ұлғаюы әсер етті.

Экономиканың дамуының негізгі сыртқы факторы болып әлемдік нарықта мұнайға қолайлы жағдаяттағы бағаның сақталуы болып табылады.

Дүниежүзілік банктің мәліметіне орай Brent сортты мұнайдың орташа  дүниежүзілік бағасы ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында баррельіне 113,7 долларды құрады және 2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда  2,4 %-ға өсті.

2012 жылдың  қаңтар-мамырында тауарларды шетке шығару (Ресей  мен Беларусьпен өзара сауданы есептегенде) 38,3 млрд. АҚШ долларын құрады және 19,5%-ға өсті. Есепті кезеңде мұнай мен газ конденсатын шетке шығарудан түскен түсімдер 24,4 млрд. АҚШ долларын құрады 2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға артты.

 

 2011-2012 жж. қаңтар-маусымдағы  Дүниежүзілік мұнайдың бағасы

 

Ішкі фактор болып экономиканың жоғары қарқын өсуіне мемлекеттік және жеке меншік секторларында тұтынудың өсуіне қамтамасыз етілуі  ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге сұраныстың ұлғаюы болып табылады.

Экономикада сұранымның негізінің бірі және инвестицияның белсенділігін қолдау болып мемлекеттік бюджеттің шығыстары болып табылады.

Экономиканың өсуінің маңызды факторы болып тауарайналымының жеке саудасының өсуіне орай тұтынушының сұранымының өсуі болды.

2012 жылдың қаңтар-маусымында 2011 жылдың қаңтар-маусым айларына жеке сауда нақтылық тұлғалауда  12,6 %-ға өсті және 1 925,6 млрд. теңгені құрады.

 

2011-2012 жж. қаңтар – маусымдағы жеке сауда

 

өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен

салыстырғандағы %

 

Дерекнамасы:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

 

Сондай ақ сұранымның көбеюіне  тауарлардың импорттық көлемінің өсуі де куә. 2012 жылдың  қаңтар-мамырында тауарларды импорттау Ресей  мен Беларусьпен өзара сауданы есептегенде 2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 22,8%-ға өсті және  16,2 млрд. АҚШ долларын құрады.

Тұтынушылардың сұранысының ұлғаюына халықтың табысы мен еңбек ақысының өсуі де әсер етеді.

         Орташа айлық номиналдық еңбек ақы 17,2 %-ға өсті және 95,7 мың теңгені құрады. Халықтың нақты табыстары осы кезеңде 9,6%-ға өсті, нақты еңбек ақы – 11,7%-ға.

Ағымдағы жылдың 27 қаңтардағы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында елімізді әлеуметтiк-экономикалық дамытудың макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң нақтылануымен байланысты 2012 жылғы республикалық бюджетке нақтылау жүргiзілдi.

2012 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері 5 236,9 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (4 751 млрд. теңге) салыстырғанда 485,9 млрд. теңгеге өсумен анықталды. Одан 300,1 млрд. теңге (150,1 млрд. теңге салық түрінде, 150 млрд. теңге дивидендтер түрінде) Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясынан 10 пайыздық қатысу үлесін сатып алу бойынша келісімді іске асыруға байланысты күтілуде. Бұл ретте осы үлесті сатып алу қажеттілігіне байланысты, осы сома нақтыланып жатқан бюджеттің шығыстарында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансфертті      180 млрд. теңге сомаға артты.

Президенттің экономикалық өсуді және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін бюджет шығыстарын қысқартуға қатысты тапсырмаларын орындау үшін Үкімет 25,6 млрд. теңге шығыстарды оңтайландырды.

Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарының негізінде, қаражатты неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында жалпы сомасы         21млрд.теңге қаражатты қайта бөлу ұсынылады.

Нәтижесінде, 2012 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген (5 509,5 млрд. теңге) бюджетпен салыстырғанда 507,2 млрд. теңгеге ұлғайтумен 6 016,8 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында берілген тапсырмаларын орындау үшін қаражаттар қосымша басымдық бағыттарға бағытталды:

     1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы – 11,8 млрд. теңге, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуды мемлекеттік қолдауға.

     2. «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы 36 млрд. теңге, оның ішінде: инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, абаттандыруға және (немесе) сатып алуға берілетін трансферттер, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін трансферттер, (әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін, жас отбасылар үшін).

     3. Өңірлерді дамыту – 66,9 млрд. теңге, оның ішінде:
 аумақтарды, қалалық агломерациялар мен моноқалаларды дамытуға.

4. Ауыл шаруашылығы – 5 млрд. теңге, оның ішінде:
 жергілікті атқарушы органдарға (446 ветеринария мамандарына) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер бөлу үшін, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға.

5. Индустриялдық-инновациялық даму – 15,1 млрд.теңге, олардың ішінде: индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкер-инноваторлардың жобалары үшін қарызды кепілдендіруге инновациялық гранттарды беру жолымен инновацияларды ынталандыруға,  2 теміржол  және газқұбыры  құрылысы бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге.

6. Қазақстандағы адам капиталының сапалық өсуі – 39,1 млрд. теңге, оның ішінде:

- білім беруге – 13,1 млрд. теңге, олардың ішінде:

Жоғарғы оқу орындары мен колледждерге жатақхана салуға, 73 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында зертханалар мен шеберханаларды материалдық-техникалық жарықтандыруға, ілгері ғылыми зерттеулерді жүргізуге және отандық ғалымдарды қолдауға, педагогикалық мамандықтар бойынша дайындықты жүзеге асыратын жоғарғы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру жүйесін құруға, білім беру объектілерін салу және реконструкциялау.

- денсаулық сақтауға – 18,6 млрд. теңге, оның ішінде:

Қазақстанда  онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын әрі қарай іске асыруға, Медициналық жоғары оқу орындарында 4 жаңа жатақхана құрылысының басталуы, «100 аурухана» және «350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емхана» шеңберінде денсаулық сақтаудың 18 объектісін салуға.

- «Назарбаев Университеті» Дербес білім ұйымын дамытуға қосымша 6,8 млрд. теңгедей бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде:

«Болашақтың госпиталін» құруға, «Назарбаев Университет» базасында инновациялық-зияткерлік кластерді қалыптастыру үшін инфрақұрылымды дамытуға, Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықты құру бойынша консалтингтік қызметке.

7. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру – 5,2 млрд. теңге көзделген, бұл – Астана, Алматы, Ақтау және Қарағанды қалаларында мамандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құруға, электрондық форматта рұқсат беру құжаттарын беру жүйесін жетілдіруге қарастырылған (Жер ресурстар басқару агентігі, Әділет, Қорғаныс, Көлік және коммуникация министрліктеріне).

8. Туризм және көпшілік спорт саласын дамытуға - 3,6 млрд. теңге, оның ішінде Астана қаласының республикалық велотрегін салу бойынша міндеттемелерін төлеуге, туризмді дамытудың жүйелі жоспарын әзірлеуге.

9. Сыртқы саясат 2 млрд. теңге, оның ішінде үлес жарнасын төлеуге еуразиялық экономикалық комиссияға 1,3 млрд. теңге көзделген.

 

Әртүрлі шұғыл және жедел іс-шараларға уақытылы ден қою үшін Үкімет резервін 32,5 млрд. теңге сомаға ұлғайту ұсынылып отыр.

2012 жылғы 1 шілдеге  нақтылауды есепке алғанда республикалық бюджетке түсетін түсімдер  2 748,6 млрд.теңгені құрады және есепті кезеңдегі 2 796,9 млрд.теңге жоспарға 98,3% -ды құрады, оның ішінде 2 740,0 млрд.теңге кірістер түсті немесе 98,3%, бюджеттік кредиттерді өтеу – 8,5  млрд.теңге немесе 96,6%, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер – 0,1 млрд.теңге немесе 40,1%. (2-слайд).

                                                                                                                                     2-слайд

2012 жылдың бірінші жарты жылдығындағы республикалық    бюджет түсімдерінің атқарылуы

млрд.теңге

 

Жоспар

Іс жүзінде

Ауытқуы

Өсу қарқыны, %

Түсімдер

2 796,9

2 748,6

-48,3

98,3

Кірістер

2 787,8

2 740,0

-47,8

98,3

Салықтық түсімдер

1 576,7

1 482,7

-94,0

94,0

Салықтық емес түсімдер

175,9

201,5

25,6

114,6

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0,8

0,6

-0,2

77,2

Трансферттердің түсімдері

1 034,4

1 055,2

20,8

102,0

Бюджеттік кредитті өтеу

8,8

8,5

-0,3

96,6

Мемлекеттің қаржылық активтерден түсетін түсімдер

0,3

0,1

-0,2

40,1

Салықтық түсімдер жоспардағы 1 576,7 млрд.теңгенің орнына бюджетке 1 482,7 млрд.теңге түсті, немесе 94,0%. Салықтық түсімдер  бойынша негізгі орындалмау корпоративтік табыс салығы, ішінде ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығы (ІӨТ салынатын ҚҚС), халықаралық сауда және сыртқы операцияларға салынатын салықтар бойынша бойынша жіберілді. Жоспардың орындалмауы 2011 жылға салықтық декларацияларды өткізу нәтижесі бойынша негізінен, КПО Б.В. мердігерлік компанияларынан сомалардың төмендеуге есептелуі есебінен.

Салықтық емес түсімдер бойынша есепті кезеңде 175,9 млрд.теңге жоспарда іс жүзінде 201,5 млрд. теңге түсті  немесе 114,6% - ды құрады.

Жоспарлық көрсеткіштердің негізгі асыра орындалуы жоспарланбаған айыппұлдардың 3,7 млрд.теңге сомасында түсуімен құралды.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есепті кезеңге арналған жоспардағы 0,8 млрд. теңгеде 0,6 млрд. теңгені немесе 77,2 %-ды құрады.

Мемлекеттік материалдық қордан  тауардың сатылуы мемлекеттік материалдық резервтен жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды иеленуге әлеуетті сатып алушылардың болмауымен байланысты мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер бойынша  жоспардың орындалмауы есебінен.

Трансферттердің түсімдері есепті кезеңге арналған жоспардағы 1 034,4 млрд. теңгеде 1 055,2 млрд.теңгені немесе 102,0 %-ды құрады.. 

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2012 жылғы бірінші жарты жылдығында республикалық бюджеттің түсімдері 3-слайдта келтірілген.

                                                                                                                3-слайд

 

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында республикалық бюджеттің салықтық түсімдері (салыстырмалық жағдайда)

млрд.теңге

 

 

2011 ж. 1-жарты жылдығы іс жүзінде

2012 ж. 1-жарты жылдығы іс жүзінде

Ауытқуы

Өрлеу қарқыны

Түсімдер

2 200,6

2 748,6

548,0

124,9

Кірістер

2 183,5

2 740,0

556,5

125,5

Салықтық түсімдер

1 430,2

1 482,7

52,5

103,7

Салықтық емес түсімдер

58,0

201,5

143,5

347,4

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

8,6

0,6

-8,0

7,0

Трансферттердің түсімдері

686,7

1 055,2

368,5

153,7

Бюджеттік кредитті өтеу

17,2

8,5

-8,7

49,4

Мемлекеттің қаржылық активтерден түсетін түсімдер

0,1

0,1

0,0

100,0

 

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 1 899,8 млрд. теңге түсті. Тұтастай алғанда 2012 жылғы                    1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық қордың қаражаты 8 905 млрд. теңгені құрады, Ұлттық қорға түсетін түсімдер 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында 1 899,8 млрд. теңгені құрады. Ұлттық қорға түсетін түсімдердің негізгі үлесін (94,0 %) мұнайға бағаның тұрақты жоғары деңгейде болуының арқасында мүмкін болған мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардың түсімі құрады (4-слайд).

                                                                                                              4-слайд

 

2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық қордың түсімдері       және қаражаттың пайдалануы туралы деректер

                                                                                                                    млрд.теңге

Есепті кезеңдегі Ұлттық қордың

7 988,4

Түсімдердің барлығы

1 899,8

оның ішінде:

 

мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей

1 785,2

мұнай секторы кәсіпорындарымен жүзеге

11,6

ауыл шаруашылығының жер телімдерін сатудан

0,4

Қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістер

102,4

Пайдалану барлығы:

982,2

оның ішінде, ұлттық қордан алынған

980,0

Қорды басқарудан және жыл сайынғы сыртқы аудит өткізуден

2,2

Есепті кезеңнің соңындағы Қордың қаражаты

8 905,9

 

Қаржы министрлігінің қарастырған кешенді шараларының нәтижесінде 2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бересі жылдың басымен  салыстырғанда (224,2 млрд.теңге) 120,0 млрд.теңгеге немесе 53,6 %-ға қысқарып  104,0 млрд.теңгені құрады. (5-слайд).

Республикалық бюджеттің 2012 жылғы 1 шілдеге шығыстары  2 902,0 млрд.теңгені немесе есепті кезеңге жоспарланған шығыстардың жалпы сомасының 2 943,8 млрд.теңгені немесе 98,6%-ын құрады.     (Қосымшаны қарау).

Республикалық бюджеттің игерілмеген қаражатының сомасы 41,8 млрд.теңгені құрады немесе өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,4 млрд.теңгеге азайды.

Бюджеттік қаражаттың атқарылмауына әсер еткен себептер:

- 0,7 млрд.теңге мемлекеттік сатып алулар  бойынша үнемдеу;

- 5,6 млрд.теңге – курстық айырмашылық, бос лауазымдық орындардың бар болуына байланысты еңбекақының үнемі;

- 2,5 млрд.теңге мемлекеттік сатып алулар  бойынша үнемдеу;

- 28,5 млрд.теңге шарттардың ұзақ мерзімде бекітілуіне, тауарларды жеткізу фактілері бойынша төлеуге, төлемдердің негізін растайтын құжаттардың болмауынан, мердігерлердің орындалған жұмыстардың  актілерін ұсынбауына байланысты;

- 0,9 млрд.теңгеқаражатты негізсіз жоспарлау;

- 3,6 млрд. теңге бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау.

Республикалық бюджеттің шығыстары есепті кезеңде Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында жүргiзілдi (6-слайд).

Ағымдағы жылда жаңа өңір саясатын іске асыру шеңберінде азаматтарға олардың тұратын орындарына байланыссыз мемлекеттік қызметті бірдей сапада және көлемде көрсету мақсатында   бюджет аралық қатынастарды одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

2012 жылы республикалық бюджеттен берілетін субвенциялар 880,6 млрд. теңгені құрайды, республикалық бюджетке бюджеттік алулар 102,1 млрд. теңге (7-слайд).

Сонымен қатар 2012 жылы 69,6 млрд.теңге сомасында бюджеттік кредиттер көзделген.

                                                                                                              7-слайд

 

Жалпы сипаттағы трансферттер туралы деректер

 

   млн.теңге

Атауы

Бір жылға жоспар

Атқарылуы

Атқарылуы %-бен

Бюджеттік алулар, млн.теңге

102 114,8

47 189,8

46,2

оның iшiнде:

 

 

 

Атырау облысы

39 468,0

19 960,7

50,6

Маңғыстау облысы

16 076,2

6 721,5

41,8

 Алматы қ.

46 570,6

20 507,6

44,0

Субвенциялар, млн.теңге

880 645,5

491 216,9

55,8

оның iшiнде:

 

 

 

Ақмола облысы

53 579,9

26 707,1

49,8

Ақтөбе облысы

31 721,5

15 166,5

47,8

Алматы облысы

103 882,8

54 429,7

52,4

Шығыс Қазақстан облысы

89 595,5

51 799,8

57,8

Жамбыл облысы

85 094,2

48 683,9

57,2

Батыс Қазақстан облысы

17 113,1

13 746,2

80,3

Қарағанды облысы

61 399,3

41 014,7

66,8

Қызылорда облысы

71 593,5

37 437,9

52,3

Қостанай облысы

52 272,9

34 269,2

65,6

Павлодар облысы

28 929,4

16 816,6

58,1

Солтүстiк Қазақстан облысы

50 717,3

28 049,2

55,3

Оңтүстiк Қазақстан облысы

216 436,3

112 802,9

52,1

Астана қ.

18 309,9

10 293,1

56,2

 

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында республикалық бюджеттен өңірлерге 390,8 млрд. теңге сомаға нысаналы трансферттер бөлінді, олар  жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 363,8 млрд.теңге  немесе 93,1%  игерілді (8-слайд).

 

 

8-слайд

2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдардың игеруі туралы ақпарат

                                                                                                                                           

                                                                                                               млрд. теңге

Атауы

Жылға арналған жоспар

РБ-тен  бөлінген

ЖАО төленген міндеттемелері

Орындалмаған сома

Барлығы

889,1

390,8

363,8

-27,0

оның ішінде:

 

 

 

 

Жамбыл облысы

48,6

25,0

21,4

-3,6

Астана қ.

157,2

77,1

73,8

-3,3

Оңтүстік Қазақстан облысы

77,8

34,2

30,9

-3,3

Павлодар облысы

31,9

11,5

8,3

-3,2

Ақмола облысы

46,4

21,5

18,4

-3,1

Қызылорда облысы

35,5

15,1

12,8

-2,3

Шығыс Қазақстан облысы

67,8

30,3

28,1

-2,2

Маңғыстау облысы

37,2

14,2

12,1

-2,1

Солтүстік Қазақстан облысы

26,4

10,6

9,5

-1,1

Қостанай облысы

32,4

13,9

13,1

-0,8

Батыс қазақстан облысы

42,1

17,9

17,2

-0,7

Алматы қ.

104,5

48,3

47,9

-0,4

Атырау облысы

36,8

20,4

20,0

-0,4

Алматы облысы

63,4

24,8

24,4

-0,4

Қарағанды облысы

45,5

13,2

13,1

-0,1

Ақтөбе облысы

35,5

12,7

12,6

-0,1

 

Мемлекеттік бюджет тапшылығы 2012 жылдың 1 шілдесіне 147,8 млрд.теңгені құрады.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруға 147,8 млрд.теңге пайдаланылды, оның ішінде ішкі қаржыландыру есебінен – 296,8 млрд.теңге,      1,2 млрд.теңге – сыртқы қаржыландыру есебінен және бюджеттік қаражат қалдығының есебінен (-) 147,8 млрд.теңге сомада.

Ішкі қарыздардың түсуі 434,4 млрд.теңгені құрады, өтеу – 137,6 млрд.теңге.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 434,4 млн. теңге сомаға мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырды, оның ішінде: 

- 43,8 млрд.теңге сомаға немесе қарыз алудың жалпы көлемінің 10,1%-ы айналым мерзімі 12 ай мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар (МЕККАМ);

- 79,2 млрд.теңге сомаға немесе  қарыз алудың жалпы көлемінің 18,2%-ы айналым мерзімі 2, 3, 4 және 5 жыл мемлекеттік орта мерзімді бағалы қағаздар (МЕОКАМ);

- 208,2 млрд.теңге сомаға немесе қарыз алудың жалпы көлемінің 47,9%-ы айналым мерзімі 6 жылдан 20 жылға дейінгі мемлекеттік ұзақ мерзімді бағалы қағаздар (МЕУКАМ);

- 103,2 млрд.теңге сомаға немесе қарыз алудың жалпы көлемінің 23,8%-ы айналым мерзімі 11,14,17 және 19 жыл мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтау бағалы қағаздары (МЕУЖКАМ).

Сыртқы қарыздардың түсімі 5,3 млрд.теңгені құрады, оның ішінде:

-         халықаралық қаржы ұйымдарынан – 5,1 млрд.теңге;

-         шет мемлекеттерден – 0,2 млрд.теңге.

Сыртқы қарыздарды өтеу 6,6 млрд.теңгені құрады.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 916 бақылау іс-шаралары жүргізілді,  оның іс барысында 2 530 объект бақылаумен қамтылды.(9-слайд)

 

9-слайд

2012 жылдың бірінші жарты жылдығында Қаржылық бақылау комитетінің бақылау қызметтерінің көрсеткіштері

                                                                                                                                           

Тексерілген шаралардың саны

2 916

Бюджеттік заңнамаларды бұзушылық

оның ішінде – қаржылық бұзушылықтар

                     - процедуралық сипаттағы бұзушылықтар

84,9млрд. теңге

61,2 млрд.теңге

23,7 млрд.теңге

Барлығы қалпына келтірілгені және қайтарылғаны

10,6 млрд. теңге

Заңнамалық бұзушылықтармен өткізілген мемлекеттік сатып алу процедурасы

Сомасы

 

7 630

92,7 млрд. теңге

Құқық қорғау органдарына берілген бақылау материалдарының саны

Сомасы

 

456

51,3 млрд. теңге

Салынған әкімшілік жаза қолдану,

айып-пұлдың сомасы

857

180,4 млн.теңге

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны

2 600

Бұзушылықтарды жою туралы шығарылған ұсынулардың саны

2 561

 

Бақылау шараларының қорытындылары бойынша есепті кезеңде қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылуға жататын 15,5 млрд. теңгенің 10,6 млрд.теңгесі немесе 68,3 пайызы қалпына келтіріліп, бюджетке қайтарылды (10-слайд).

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында  бақылау нәтижелері бойынша  соттарға талап – арыздар беру жұмысы белсендендірілді, оның барысында 228 қуыным арыздары жіберілді. Бұл ретте толық талап – арыздарды қанағаттандыруы 38-ді құрады, ішінара – 11, қалғандары қарау сатысында.

 

 

 

28.08.2012 жыл