Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті тауарларға арналған декларациялар шығарылғанға дейін және кейін тауарлардың кедендік құнына лицензиялық төлемдерді (роялтиді) қосу (есептеу) механизмін түсіндіреді. 

Әртүрлі лицензиялық келісімдердің түрлерін (франчайзинг келісім-шарттары, франшиза туралы дистрибуция келісім-шарттары және басқалары) пайдалану практикасын зерделеп, зияткерлік меншік объектілерін пайдалану үшін төлемдер, бұл, келісім-шарттың не қандай да бір басқа келісімнің шарттарында көзделсе ғана кедендік құнның сомасына қосылатындығы анықталған.

Бұл ретте, лицензиялық сыйақылардың негізгі түрлері мынадай болып бөлінеді:

1) лицензиялық төлем (роялти) лицензиаттың (франшизоалушының) болжамданған табысынан белгіленеді.

Бұл жағдайда, сатылатын лицензиялық тауардың таза сатылымынан немесе лицензиаттың табысына қатысу құнынан пайыздық есептеу, немесе келісілген уақыт аралығы арқылы белгіленген ставка түрінде лицензиардың (франшизоұсынушы) мекен-жайына лицензиатпен (франшизоалушының) кезеңдік есептелу қарастырылған.     

Роялтидің ставкасы мына формула бойынша анықталады:

Rs = 100 x R/S,

мұнда:
Rs – роялти ставкасы;
R – роялти
дің жылдық сомасы;
S –
жанама салықтарды, алымдарды және баждарды шегергенде,

таза сатылымның жылдық құны

2) паушальдық төлем бұл – табыс түскенге дейін саудалық белгіні пайдалану құқығы үшін сыйақыны бекітілген біруақытылы төлеу болып табылады.

Бұл ретте, лицензиар мен лицензиат арасындағы уағдаластық бойынша, жоғарыда аталған лицензиялық сыйақылардың түрлері көрсетілген лицензиялық келісім жасалуы мүмкін.

Шығарылған декларациялар бойынша тауарлардың мәлімделген кедендік құнына лицензиялық төлемдерді қосу бойынша

Кеден одағы комиссиясының 20.09.2010 жылғы №376 Шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын түзету тәртібінің 10-тармағына сәйкес, егер тауарлар шығарылғаннан соң мәлімделген кедендік құнды түзету декларанттың өтініші бойынша жүзеге асырылатын болса, кедендік құн декларациясын (бұдан әрі - КҚД) және кедендік құнды түзетуді (бұдан әрі - КҚТ), сонымен қатар ондағы мәліметтерді (есептерді) растайтын құжаттарды  кеден органына ұсыну міндеті декларантқа жүктеледі.     

Тауарлар шығарылғаннан соң мәлімделген кедендік құнды түзету туралы декларанттың (кеден өкілінің) өтініші (бұдан әрі өтініш), осындай түзетудің қажеттілігін негіздеумен, тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірін және қосымша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсетумен ерікті түрде жасалады.     

Декларант кедендік құнға түзетуді жүзеге асыру кезінде, роялти есебімен тауарлардың кедендік құнының көлемін растау үшін, кеден органына жазбаша өтінішпен бірге, сондай-ақ КҚТ және КҚД–дағы мәліметтерді растайтын мына құжаттарды ұсынады:

1)  әкелінетін (әкелінген) тауарларға қатысты лицензиялық шарт, шот-фактура, банкілік төлемдік құжаттар, зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін төлемдер туралы мәліметтері бар бухгалтерлік және өзге де құжаттар;

2)  түзетілген кедендік құн есебімен қосымша есептелген кедендік баждар мен салықтардың төленгендігін растайтын құжаттар.

Кеден одағы комиссиясының 20.09.2010 жылғы №376 Шешімімен регламенттелген кедендік құн мен кедендік төлемдерді түзету нысанын толтыру ережелеріне сәйкес, КҚТ-ның 44-бағанында  зияткерлік меншік объектілеріне (лицензиялық, авторлық шарт, тауарлық белгіні пайдалануға шарт және осыған ұқсас құжаттар) құқық беруді растайтын құжаттардың нөмірлері көрсетілуі тиіс.

Тауарлардың кедендік құнына қосу үшін лицензиялық төлемдердің (роялти) сомасын бөлу әдістері

Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №376 Шешімімен бекітілген Тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібіне сәйкес, егер зияткерлік меншік объектілерін пайдалану үшін лицензиялық және басқа да ұқсас төлемдер жеткізілетін тауар атауларының барлығына немесе кейбіріне қатысты болған жағдайда және зияткерлік менщік объектілерін пайдалану құқығын ұсыну туралы келісімде, осындай тауар атауларының арасында мұндай төлемдерді (мәселен, паушальдық төлем) бөлу келтірілмесе, онда тауарлардың кедендік құнына қосу үшін лицензиялық төлемдердің (роялти) сомасын бөлудің үш әдісі қарастырылған:

          1.Тауар атаулары бойынша зияткерлік меншік объектілерін пайдалану үшін төлемдердің сомалық көлемін бөлу, тауарлардың кедендік құны түзетілетін әр ТД бойынша КҚТ толтырумен әр тауар атауының құнына пропорционалды түрде жүзеге асырылады.       

Бұл ретте өсімпұл, тауарлардың кедендік құны түзетілетін әр ТД бойынша төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есептеледі.

2. Декларанттың еркі бойынша, лицензиялық төлемдердің сомалық көлемі, лицензиялық төлемдер есебімен тауарлардың кедендік құны түзетілетін ТД бойынша, салық салу деңгейі едәуір жоғары тауарлардың кедендік құнына қосылуы мүмкін.     

Бұл ретте өсімпұл, тауарлардың кедендік құны түзетілетін әр ТД бойынша төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есептеледі.

3.  Декларанттың еркі бойынша зияткерлік меншік объектілерін пайдаланғаны үшін төлемдердің сомалық көлемі, осындай төлемдер қарастырылған, бірінше тауар партиясына жатқызыла алады.

Кеден одағы комиссиясының 20.05.2010 жылғы №257 Шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес, егер осы Нұсқаулықта басқаша қарастырылмаса, онда бір ТД-да, бір ғана кеден тәртібіне орналастырылатын, бір тауар партиясындағы тауарлар туралы мәліметтер декларацияланады.

Тауарларды кеден одағының кедендік аумағына (бұдан әрі - кеден аумағы) әкелген кезде – кеден аумағында сыртқы экономикалық мәміле (немесе қайта өңделген өнімдерді кедендік декларациялау кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы бір ғана құжат) немесе біржақты сыртқы экономикалық мәмле жасалғандықты не мәмле мүлдем жасалмағандықты растайтын бір ғана құжат бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде, бір ғана жөнелтушіден бір алушының мекен-жайына тасымалданатын тауарлар, сонымен қатар егер мұндай тауарлар, Кодекстің 185-бабында көзделген мерзім шеңберінде, кеден аумағына келу орнында не егер кеден транзиті кедендік тәртібі қолданылса және уақытша сақтау орнында болса (егер тауарлар уақытша сақтауға орналастырылса), жеткізу орнындағы бір ғана кеден органына ұсынылса, немесе Кодекстің 197-бабына сәйкес ТД-ны ұсыну үшін бекітілген мерзімде шығарылған жағдайда, бір тауар партиясы ретінде қарастырылады.       

Аталған жағдайда КҚТ, бірінші тауар партиясы бойынша ТД-ға толтырылады.

Бұл ретте өсімпұл, бірінші тауар партиясына қатысты ТД бойынша төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есептеледі. 

Кедендік төлемдер мен салықтардың төленбеген мерзіміне өсімпұлды есептеу тәртібі, сонымен қатар оларды есептемеу жағдайлары, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 158-бабында анықталған.

Тікелей кедендік тазарту (декларациялау) кезеңіндегі, тауарлардың кедендік құнына лицензиялық төлемдерді қосу бойынша

Егер лицензиялық келісімде зияткерлік меншік объектілерін (патент, тауарлық белгілер, авторлық құқық үшін төлемдерді қоса алғанда), пайдалану үшін лицензиялық төлемдердің (роялти) белгіленген сомалары анықталмаса, кедендік құнның алдын ала көлемін есептеу үшін, декларантпен, ТД-ны тіркеу күніне белгісіз мәліметтер немесе:

1) өткен кезеңдегі бухгалтерлік есеп мәліметтері (ай, тоқсан, жыл), 

2) әкелінетін тауарлардың сатылымының болжамданған көлемінің негізінде;

3) ұйыммен бекітілген бизнес-жоспарларда, жоспарлық калькуляция бағалары, баға прейскуранттарында, каталогтарда, және т.с.с. құжаттарда көрініс тапқан өзге де жоспарланған көрсеткіштер негізінде анықталады.     

Тауарларды декларациялау кезінде, декларант, ТД-ның 44-бағанында «03021» кодымен, зияткерлік меншік объектілеріне (лицензиялық, авторлық шарт, зияткерлік меншік объектілерін тіркеу туралы куәлік, тауарлық белгіні пайдалануға шарт және осыған ұқсас құжаттар) құқық беруді растайтын құжаттардың, сонымен қатар оның қосымшаларының нөмірлерін көрсетуге міндетті.

Роялти есебімен тауарлардың мәлімделген кедендік құнының көлемін растау үшін, Кеден одағы комиссиясының 20.09.2010 жылғы №376 Шешімімен бекітілген Таауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібінің 1-Қосымшасында көрсетілген құжаттармен бірге, декларант, соның негізінде роялтидің алдын ала көлемінің есебі жүргізілген құжаттарды ұсынуы қажет.

Тауарлардың кедендік құнының алдын ала көлемі, декларантпен КҚД және ТД-да мәлімделеді.

Егер әрі қарай тауарды сату кезінде лицензиялық төлемдердің (роялти) сомасы, бұрын ТД-да (КҚД-1) мәлімделген сомадан өзгерсе, декларант, КҚТ, КҚД және тауарлардың нақты көлемін анықтаудың дұрыстығын растайтын құжаттарды ресімдеуші кеден органына ұсыну арқылы, тауарлардың кедендік құнының нақты көлемін мәлімдейді.

Кедендік баждар, салықтар және өсімпұл сомасын төлеу, кедендік құнды түзету бойынша құжаттарды ұсынумен біруақытта жүргізіледі.

 

Тауарлардың кедендік құнын түзету туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушының жазбаша өтініші, кеден органымен, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мерзімде қарастырылады.

 

ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметі