Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Министрліктің ресми интернет-ресурсына http://www.minfin.gov.kz (бұдан әрі - интернет-ресурс) кірушілердің құқықтарына құрметпен қарайды.

Осы «Құпиялылық саясаты» Министрліктің интернет-ресурсына http://www.minfin.gov.kz және біздің интернет-ресурста сіз көрсететін ақпаратқа ғана таралады. Ол қандай да бір басқа интернет-ресурстарға таралмайды және біздің интернет-ресурсқа сілтемесі бар үшінші тұлғалардың веб-сайттарына қолдануға жарамды емес.

Ақпаратты жинау

Сіз біздің интернет-ресурсқа кірген кезде біз сіздің провайдер доменіңіздің атауын, елді және бір беттен басқа бетке таңдалған өтулерді («өтулер ағынының белсенділігі» деп аталатын) анықтаймыз. Интернет-ресурста алынатын мәліметтер біздің интернет-ресурсты пайдалануды жақсарту және жеңілдету үшін пайдаланылуы мүмкін, оған мыналар кіреді:

 

- пайдаланушылар үшін ең жеңіл тәсілмен интернет-ресурсты ұйымдастыру;

 

- RSS таратуға жазылу мүмкіндігін ұсыну, егер сіз соны алғыңыз келсе.

 

Біздің интернет-ресурстың мазмұнын тіркеу рәсімінен өтусіз қарауға болады.  Біздің интернет-ресурста тек қана өз еркіңізбен сіз ұсынатын ақпарат интернет-ресурста кірген немесе тіркелген кезде жиналады.

Біз мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын контенттік сүйемелдеу және алға жылжыту бойынша мемлекеттік ұйымдарға жалпыланған топтастырылған деректерді ұсына аламыз.

Қауіпсіздік

Біз Сіздің ақпаратыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысамыз. Рұқсатсыз қол жеткізудің немесе жария етудің алдын-алу мақсатында біз интернет-ресурста жинайтын ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті нақты, электрондық және басқарушы рәсімдерді қолданысқа енгіздік.

Біз cookies-ті қалай зерттейміз

Cookies – бұл Сіздің компьютердің қатқыл дискінде орналастырылуға рұқсат сұрайтын шағын файл. Сіз келіскен кезде, файл қосылады және cookies интернет-трафикті талдауға мүмкіндік береді және Сіз белгілі сайтқа қашан кіргеніңізді білуге мүмкіндік береді.

Жалпы, cookies бізге Сіз қандай беттерді пайдалы, ал қандай беттерді пайдалы емес деп есептейтініңізді бақылауға мүмкіндік береді. Сookies бізге Сіздің компьютеріңізге немесе Сіз бізбен бөліскіңіз келетін деректерден басқа, Сіз туралы кез-келген ақпаратқа қол жеткізуге жол бермейді.

Сіз cookies-ті қабылдай немесе бас тарта аласыз. Көптеген веб-браузерлер cookies-ті автоматты қабылдайды, бірақ Сіз бапталымдарыңызды өзіңізге ыңғайлы етіп өзгерте аласыз.

Сонымен қатар біз кірушілер санын есептеу және біздің интернет-ресурстың техникалық мүмкіндіктерін бағалау үшін веб-серверді есепке алудың стандартты журналдарын пайдаланамыз. Біз осы ақпаратты сайтқа қанша адам кіретінін анықтау және пайдаланушылар үшін ең қолайлы тәсілмен ұйымдастыру үшін, сондай-ақ интернет-ресурстың пайдаланылатын браузерлерге ең жоғары сәйкестігін қамтамасыз ету және кірушіге оның мазмұнының ең тиімдісін ұсыну үшін пайдаланамыз.

Біз сайттың жеке кірушілері туралы емес, біздің сайтқа кіру жөніндегі мәліметтерді пайдаланамыз, сондықтан ешбір жеке ақпарат сақталмайды немесе пайдаланылмайды. Сайттың материалдарын «cookies»-сіз қарау үшін, сіз өз браузеріңізді «cookies» қабылдамайтын, немесе сізге олардың жіберуі туралы хабарлайтын етіп баптай аласыз. Кез-келген уақытта электрондық почтаның таратуынан сіздің бас тартуға құқығыңыз бар.

Басқа сайттарға сілтеме

          Біздің веб-сайтта басқа бізге қызықты ресурстарға сілтемелер бар. Бірақ, егер Сіз осы сілтемелерді пайдаланып, біздің сайттан шықсаңыз, біз басқа веб-сайттарды бақылай алмайтынымызды білуіңіз керек. Сонымен, біз осындай веб-сайттарға кірген уақытта Сіз ұсынған кез-келген ақпаратты қорғауға және құпиялылығына жауап бере алмаймыз, сонымен қатар осы веб-сайттар құпиялылық саясатымен реттелмейді.