Print previewPrint

Жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеуге түсінік беру

1/22/2015

Алкоголь өнімдерін сақтауды, көтерме және бөлшек сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеуге міндетті

Норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 18 маусымдағы № 210-V ҚРЗ Заңымен енгізілді.
 
Жыл сайынғы лицензиялық алым әкімшілік-аумақтық бірліктерге байланысты төленеді:
• астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК;
• аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЭК;
• ауылдық елді мекендерде – 30 АЭК.

Заңнамада көрсетілген түзетулер, Мемлекет Басшысының алкоголь өнімдерін тұтынуды қысқарту, алкоголь өнімдерін сату орындарын шектеу және сауда-саттық қағидаларын тәртіпке келтіру мақсатында 2013 жылғы
11 ақпандағы № 01-25.30 тапсырмасын орындау үшін енгізілген болатын.