Парламентке «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы 2013 жылғы наурызда енгізілген болатын. Мұндай Конвенцияның бар болуы салық қатынастарының біршама тұрақтылығына кепілдік береді, табыстарға қосарланған салық салуды болдырмайды және де осы арқылы екі мемлекет арасында неғұрлым тығыз экономикалық байланыстарды жолға қоюға мүмкіндік береді.

Астана қаласында 22-24 сәуірде Сербия Республикасымен қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияны жасасу бойынша келіссөздердің екінші раундын өткізу жоспарланып отыр.