Астана қаласында 2013 жылғы мамырдың 22-нен бастап 24-ін қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу конвенциясы жобасын талқылау бойынша келіссөздердің ІІ раунды өткізілді, оның барысында Конвенцияның жобасы түпкілікті келісілді.

Қазіргі уақытта Конвенция жобасына қол қою бойынша дайындық жұмыстары басталды.

Конвенция Қазақстан мен Сербия арасында қосарланған салық салуды болдырмайды, сондай-ақ салықтан жалтырудың алдын алады.