Print previewPrint

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісімге қол қою бойынша баспасөз-релизі

5/14/2013

2013 жылғы 11 мамырда Ыстамбұл қаласында (Түркия Республикасы) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің Жыл сайынғы отырысының барысында Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісімге қойылды.

     Келісімге қол қою Қазақстан Республикасындағы ЕҚДБ қызметі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және бұл Қазақстан Республикасы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға қызмет етеді.