Print previewPrint

Баспасөз-релиз: Конвенциялар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есеп

8/27/2013

Астана қаласында 2013 жылғы тамыздың 14-нен бастап 16-ын қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа және мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау конвенциясынына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама жобасын жасасу бойынша келіссөздер жүргізілді (бұдан әрі – Хаттама жобасы).

Келіссөздер барысында Хаттаманың жобасы түпкілікті келісілді.

Әзербайжанмен Салық Конвенциясын қолдану барысында туындаған барлық проблемалы мәселелер Хаттама жобасында келісілді.