ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы

4 маусымдағы 234 бұйрығы

                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Консультативтік орган туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Консультативтік орган туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 330  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консультативтік орган туралы ережеде:

2-тармақта «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздерден кейін «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;

3, 4-тармақтарда «бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік» деген сөздерден кейін «, аудиторлық қызмет» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, аудиторлық қызметті жетілдіруге ықпал ететін басқа да мәселелерді қарауға.»;

6-тармақта «міндетті» деген сөз «ұсынылатын» деген сөзбен ауыстырылсын;

7-тармақ алынып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Консультативтік органның құрамын уәкілетті орган мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың ұсыныстары бойынша қалыптастырады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Консультативтік органның мүшесі оның құрамынан мынадай жағдайларда шығарылады:

ерікті түрде;

Консультативтік органның отырыстарында ол бір жыл ішінде кешірімсіз себеппен екі реттен артық болмаған;

бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудит жүргізудің әдістемелік мәселелері бойынша ұсыныстарды бір жылдың ішінде екі реттен артық ұсынбаған;

заңды күшіне енген сот актісінің негізінде.»;

12-тармақта:

«қызметіне» деген сөзден кейін «уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;

үшінші абзацтағы «Төраға және Төрағаның орынбасары» деген сөздер «Төрағаның орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;

14-тармақта «мәселелері» деген сөзден кейін «уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері болып табылатын» деген сөздермен толықтырылсын;

20-тармақта «50» деген сан «30» деген санмен ауыстырылсын;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Консультативтік органның шешімі Консультативтік органның қатысып отырған мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, Консультативтік орган Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.».

2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                 Б.Жәмішев