Бухгалтерлік есеп және аудит мәселелері жөніндегі Консультативтік органның сырттай отырысы 2015 жылғы 21 желтоқсанда болып өтті. 

Консультативтік орган мүшелерінің сырттай отырысының нәтижелері бойынша көпшілік дауыспен Кәсіби бухгалтер ұйымы мен  бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымы  арасында ұсыным сипатында Үлгі келісім бекітілді, сондай-ақ Консультативтік орган мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағында аудиторлық қызмет туралы келісім жобасы мақұлданды.

Сонымен бірге, Консультативтік орган мүшелері кезекті күндізгі отырыста бас бухгалтерлерді сертификаттауға қосымша пәндер енгізу жөніндегі, сондай-ақ кейбір халықаралық есептілік стандарттарын іс жүзінде қолдану мәселелерін қарау туралы шешім шығарды.