ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы

28 қыркүйектегі 330 бұйрығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Консультативтік орган туралы

ережені бекіту туралы

 

 

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 17) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Консультативтік орган туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылсын:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңесі туралы» 2001 жылғы
12 наурыздағы № 124;

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 351;

3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 122.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                              Н. Коржова

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы «28» қыркүйек

330 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Консультативтік орган туралы  ереже

 

 

Осы Консультативтік орган туралы ереже (бұдан әрі Ереже) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
28 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және Консультативтік органның мәртебесін, қалыптастыру тәртібі мен қызметін ұйымдастыруды анықтайды.

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Консультативтік орган - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін дамытуға қатысатын консультативтік-кеңесу органы.

2. Консультативтік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

 

2. Консультативтік органның міндеттері мен құқықтары

 

3. Консультативтік органның негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына қайшылықтарының болуын талдауды жүргізу және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында қызметті реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу болып табылады.

4. Өзінің міндеттеріне сәйкес Консультативтік органның:

уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

уәкілетті органға қаржылық есептілік стандарттарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды қайта қарау және әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;

ұлттық қаржылық есептілік стандарттарын және оларға әдіснамалық ұсынымдарды әзірлеуге қатысуға;

кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптар жөнінде ұсыныстар енгізуге;

халықаралық ұйымдармен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында өзара іс-әрекет жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

 

3. Консультативтік органды қалыптастыру тәртібі

 

5. Консультативтік органның құрамына мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері кіре алады.

6. Коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері үшін Консультативтік органның құрамына кірудің міндетті шарты кемінде бес жыл бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, аудит саласындағы жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметінің және (немесе) ғылыми қызметінде, мемлекеттік органдардың өкілдері үшін мынадай: бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, мемлекеттің ақшалай-кредит саясатын, республикалық бюджеттің атқарылуын қаржылық бақылауды реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесін растау болып табылады.

7. Консультативтік органның құрамы:

саны бес адамнан аспайтын мемлекеттік органдардың өкілдерінен (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен үш өкілден аспайтын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен бір өкілден аспайтын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінен бір өкілден аспайтын);

саны төрт адамнан аспайтын аккредиттелген бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының өкілдерінен (әрбір аккредиттелген бухгалтерлердің кәсіби ұйымынан бір өкілден аспайтын);

саны үш адамнан аспайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен (жоғары оқу орындарынан бір өкілден аспайтын, аудиторлық ұйымдардан екі өкілден аспайтын);

саны үш адамнан аспайтын мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың өкілдерінен («Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-дан бір өкілден аспайтын, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-дан бір өкілден аспайтын, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-дан бір өкілден аспайтын);

саны екі адамнан аспайтын мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдерінен (неғұрлым ірі мемлекеттік кәсіпорындардан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ұсынған ақпараты бойынша) қалыптастырылады.

Бұл ретте Консультативтік орган мүшелерінің саны он жеті адамнан аспауға тиіс.

8. Консультативтік органның құрамын қалыптастыру үшін уәкілетті орган мемлекеттік органның, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдеріне жазбаша сауал жібереді.

9. Консультативтік органның құрамы мемлекеттік органның, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдерінен жазбаша келісім алғаннан кейін саны кемінде 13 адамнан тұратын 2 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

10. Осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін Консультативтік органның мүшелерін уәкілетті орган ұсынған кезде олар оның құрамына қайтадан кіруі мүмкін.

11. Консультативтік органның мүшесі мынадай:

ерікті түрде;

Консультативтік органның мәжілістерінде дәлелсіз себептермен екі реттен көбірек болмаған жағдайларда;

сот тәртібімен оның құрамынан шығарылуы мүмкін.

 

 

4. Консультативтік органның қызметін ұйымдастыру 

 

12. Консультативтік органның қызметіне Консультативтік органның Төрағасы (бұдан әрі Төраға) басшылық жасайды.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары жүзеге асырады.

Төраға және Төрағаның орынбасары Консультативтік орган мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады.

13. Төраға Консультативтік орган жұмысының жоспарын бекітеді, Консультативтік органның кезекті және кезектен тыс отырыстарын шақырады, отырыс хаттамаларына қол қояды.

14. Консультативтік орган жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері Консультативтік органның хатшысына (бұдан әрі – Хатшы) жүктеледі.

15. Консультативтік органның жұмысы Төраға бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады. Күн тәртібін Консультативтік орган мүшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының, резиденттері мен бейрезиденттерінің өтініштері бойынша Төраға қалыптастырады.

16. Консультативтік органның жұмыс жоспарына енгізу үшін ұсыныс әрбір тоқсанның бірінші он күндігінен кеіктірілмей жазбаша нысанда Хатшыға жіберіледі. Ұсыныстар ұсынылатын шешімнің толық мәнін көрсетуі тиіс. Қосымша материалдар қажет болған кезде хаттарға қосымшалар түрінде ресімделуі мүмкін. Материалдар осы мәселелер бойынша негізді шешімдер қабылдау үшін қажетті көлемдегі ақпаратты қамтуы тиіс.

17. Консультативтік органның отырысы тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. Өткізу күнін, уақытын және күн тәртбін екі аптадан кешіктірмей Төраға анықтайды. Ерекше жағдайларда Төрағаның шешімі бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.

18. Жоспарланған мәселелерді алып тастауды немесе оны кейінгі мерзімге қалдыруды Консультативтік орган мүшелеріне хабарлай отырып, Төраға жүзеге асырады.

19. Хатшы Консультативтік органның отырысына дейін 5 күннен кешіктірмей Консультативтік орган мүшелеріне Консультативтік орган отырысының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдарды береді.

20. Консультативтік орган мүшелерінің жалпы санының 50 пайыздан көбі қатысқан кезде ол болып өтті деп есептеледі.

21. Консультативтік органның жұмысына оның мүшелерінен басқа шақырылған тұлғалар (жеке тізім бойынша) қатыса алады.

22. Консультативтік органның мүшелері Консультативтік органның отырыстарына ауысу құқығысыз қатысады.

23. Консультативтік орган мүшесі отырысқа жеке өзі қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Консультативтік орган отырысының мәселесі бойынша өз пікірін, сондай-ақ өзінің болмауы туралы Хатшыға почта байланысы, электрондық почта немесе факсимильдік байланыс арқылы жазбаша хабарлауға тиіс.

24. Қаралатын мәселе бойынша шешім қатысушы Консультативтік орган мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

25. Консультативтік органның шешімі сырттан дауыс беру арқылы да қабылдануы мүмкін. Бұл жағдайда Консультативтік орган мүшелеріне почта арқылы, жылдамдату мақсатында электронды почта бойынша отырыс өткізгенге дейінгі 3 күннен кешіктірмей сырттан дауыс беру үшін бюллетеньдер жіберіледі. Сырттан дауыс беру арқылы шешім Консультативтік орган мүшелерінің жалпы санының 50 пайыздан көп қатысушыларының бюллетеньдері белгіленген мерзімде алынған кезде қабылданды деп танылады.

26. Сырттай дауыс беру бюллетенінде мыналар болуға тиіс:

Консультативтік органның сырттай отырысының күн тәртібі;

сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсынудың соңғы күні;

сырттай дауыс беру үшін дауыстарды санау күні;

дауыс беру жүргізілетін мәселелердің тұжырымдамасы

Консультативтік органның сырттай өткізілетін отырысының күн тәртібіне әрбір мәселесі бойынша «жақтап», «қарсы», «қалыс қалды» деген сөздер бар дауыс беру нұсқалары;

күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру (бюллетеньді толтыру) тәртібін түсіндіру.

27. Бюллетенде белгіленген мерзім өткеннен кейін Консультативтік орган мүшесінен негізді жауап болмаған кезде жіберілген ақпарат дауыс берілген және ескертулерсіз қабылданды деп есептеледі.

28. Отырыс қорытындысы бойынша Консультативтік органның шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

Хатшы отырыс өткізілген күннен бастап бес күн ішінде Консультативтік орган отырысының хаттамасын бір данада ресімдейді. Хаттамаға Төраға және хатшы қол қояды.

29. Консультативтік органның күндізгі және сырттай отырыстарының хаттамасы:

Консультативтік орган отырысының өткізілетін күнні, уақытын және орнын;

Консультативтік органның отырысына қатысқан адамдар туралы мәліметтерді;

Консультативтік орган отырысының күн тәртібін;

Консультативтік орган отырысына қатысушы адамдардың баяндамаларын (күндізгі отырыста ғана);

қабылданған шешімдерді;

Консультативтік орган мүшелерінің шешімдері бойынша өзге де мәліметтерді қамтиды.

30. Консультативтік орган мүшелері жазбаша түрде жазылған және хаттамаға қоса берілуге тиіс ерекше пікір құқығына ие болады.

31. Хатшы хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығына және дұрыстығына жауап береді.

32. Хатшы консультативтік орган отырысының хаттамасын Консультативтік органның мүшелеріне және мүдделі органдарға жібереді.

33. Консультативтік орган отырысының хаттамасына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмір беріледі.

34. Консультативтік орган отырыстарының қағаз және электронды тасығыш түріндегі хаттамасы Хатшыда сақталады.

35. Жыл сайын Консультативтік орган жұмысының қорытындысы бойынша кейіннен оны бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға бере отырып, істелінген жұмыс туралы есеп жасалады. Есеп уәкілетті органның сайтына орналастырылады.