2015 жылы 10 наурызда Консультациялық органның кезектен тыс сырттай отырысы өтті.

Кезектен тыс сырттай отырыста 10 нормативтік құқықтық актілердің жобалары, «Консультациялық органның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР ҚМ бұйрығының жобасы және Консультациялық органның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылып, мақұлданды.

Сонымен қатар, Консультациялық органның мүшелері Қазақстан Республикасы республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша Есеп комитетінің қаулысына сәйкес соның ішінде компания тобы шегінде ақпараттық есеп жүйесі және бірыңғай есеп саясатын орнатуға қатысты «Бухгалтерлік есеп және есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына ұсынылған өзгерістерді қарастырды және мақұлдады. Талқылау барысында нарық субьектілеріне топ шеңберінде ақпараттық есеп жүйесі және бірыңғай есеп саясатын таңдау құқығын қалдыру шешімі қабылданды.

Сонымен бірге, 1С бағдарламалық өнімінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетіндігі туралы мәселе қарастырылды. Талқылау барысында Консультациялық орган мүшелері активті шоттарда кері (қызыл) қалдықтар және дұрыс емес өзгертулер болғанда жағдайда 1С өзгертулер жүргізуге тыйым салуды іске асыру  орынсыз деп таныды.