Printable version

Printable version

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет мәселелері бойынша Консультативтік органның кезекті отырысын өткізу туралы баспасөз-релизі

5/14/2012

     Қаржы министрлігі 2012 жылғы 20 сәуірде Қаржы министрі Б. Жәмішевтің төрағалық етуімен өтетін Бухгалтерлік есеп пен аудит мәселелері бойынша мемлекеттік органдары мен бухгалтерлер және аудиторлардың кәсіби қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен Консультативтік органның кезекті отырысы өткізілді.
     Министліктің өкілдері «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» және «Акционерлық қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына енгізілген өзгерістердің күшіне енгізілуі жөніндегі ақпаратпен қатысушыларды таныстырды.
     Жоғарыда көрсетілген заңдардың жаңа редакциясына сәйкес жылдық қаржылық есептілік пен аудиторлық есептерден басқа қаржылық есептіліктің депозитарийіне акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы мәліметтер ұсынылатын болады.
     2012 жылғы 1 қаңтардан бастап «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Занының 9-бабының екінші бөлігі қолданысқа енгізілді, мұнда жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Қаржылық бақылау комитетінің ақпараты бойынша 2012 жылғы 1 сәуірдегі кәсіби бухгалтердің сертификатын 4851 бухгалтер алды. Осы ретте, қаржылық есептілік депозитарийінің деректері бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің деректері бойынша жария мүдделі ұйымның жалпы саны 3132 ұйымды құрады.
     Бұдан әрі отырыс барысында «Аудиторлар алқасы» және «Қазақстан Республикасының аудиторларының палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымдармен Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Аудит және есептілік стандарттары деңгейі» көрсеткішін жақсарту туралы баяндамалар ұсынылған болатын.
     «Аудиторлар алқасы» КАҰ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Ұлттық кәсіби бухгалтерлер, қаржы менеджерлері мен экономистері институтымен (Самара қаласы, Ресей Федерациясы) және Қаржылық талдаушылар институтымен (Ұлыбритания) бірлескен білім беру қызметі туралы келісім жасалды. Бухгалтерлік білім мен зерттеулер бойынша Халықаралық қауымдастық құрамындағы жұмыс жалғастырылуда, атап айтқанда Аудиторлар алқасының мүшесі ТМД елдері арасында алғаш рет ҚЕХС бойынша Кеңестің Консультативтік органы құрамына енгізілді (SAC IASB).
     Аудиторлық ұйымдардың халықаралық мәртебесін арттыру бойынша бағдарлама шеңберінде Алқада желі құрамындағы алқа мүшелерінің-аудиторлық фирмаларының сөз сөйлеу мәселесі бойынша халықаралық желілермен жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта халықаралық желі мүшелері 10 аудиторлық ұйымдар, оның 5 ХҚБ фирмалары Форумының мүшелері болып табылады, бұл аудиторлық ұйымдарды қазіргі заманғы әдістермен және бағдарламалармен қамтамасыз етуде аудит деңгейін арттыруға елеулі ықпал етеді.
      Алқаның бастамашылығы мен қолдауы бойынша Қаржы талдаушылары институтының - DipIFR IFA, IFA бағдарламалары бойынша ішкі аудиторлар мен кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау бағдарламалары жөніндегі ҚЕХС бойынша сертификаттау өткізіледі.
     Аудиторлар алқасымен Халықаралық аудит және менеджмент институтымен бірлесіп ХАС сәйкес қаржылық есептілік аудиті бойынша мамандарды сертификаттау бағдарламасы әзірленген және енгізілген. 
     Аудиторлар алқасы мүшелерінің біліктілігін арттыру ай сайын өткізіледі. Аудиторлар алқасының барлық мүшелері саны 120 сағат біліктілікті арттырудан өту туралы ХҚБ талаптарын орындады.
     Аудитпен аралас кәсіпті дамыту мақсатында Аудиторлар алқасының бастамашылығымен осы жылдың наурызында Халықаралық ішкі аудиторлар институтының ұйымы болып табылатын, Қазақстандағы ішкі аудиторларды бірінші біріктіру құрылды.
     Аудиторлар алқасының бастамашылығы бойынша EBC*L (European Business Competence* Licence) Ұлттық өкілі құрылды. EBC*L бағдарламасы бойынша оқыту мен сертификаттауды жүргізу үшін мынадай: ҚБТУ, ҚМЭБИ, ХАМИ және т.б. оқу орталықтарының қатары аккредиттелген. Аудиторлар алқасының бастамашылығы бойынша келіссөздер жүргізілді және сертификаттауды қазақ тіліне аударуға рұқсат алынды. Бұл мемлекеттік тілдегі бірінші халықаралық сертификаттау болады, оқу материалдарын, бағдарламаларды, модульдік білімді аудару бойынша жұмыс аяқталуға жақын.
     «Қазақстан Республикасы Аудиторларының палатасы» КАҰ сапаны сырттай бақылау деңгейін арттыру мақсатында бақылаушылар үшін тегін оқыту семинарлары жыл сайын жүргізіледі. 2011 жылы Сапаға сырттай бақылау жүргізудің ережесіне өзгерістер енгізілген болатын, мұнда кейбір рәсімдер мен талаптар нақтыланған, бағалау жүйесі өзгертілген болатын. Стандарттарға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бақылаушылардың сұрақтарына да өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістерді ескере отырып, аудиторлық ұйымдарға қойылатын талаптар да жоғары болды.  
     Сапаны сырттай бақылаудың қорытындысы бойынша қызметі төмен бағаланған 8 аудиторлық компания анықталды. «ҚР Аудиторларының палатасы» КАҰ Кеңесіне осы компанияларға ықпал ету шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізілген.
     Сапаны сырттай бақылау рәсімдерінен басқа аудит қызметінің барлық маңызды және түйткілді мәселелерді қамтитын үлкен жұмыс жүргізілуде:  
- қаржылық есептіліктің депозитарийінде ұсынылған ақпаратты шолу бойынша жұмыс жүргізілуде, оның нәтижесінде стандарттар форматына сәйкессіздік фактілері мен қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметтер құнының демпингі фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер тағайындалады.
- барлық келіп түсетін арыздар бойынша Палатаның (аудиторлық ұйымдардың) қауымдасқан мүшелерінің әрекеттеріне даулар бойынша, кәсіби этика мен мүшелік бойынша, аудиторлық ұйымдардың сапасын сырттай бақылауды жүзеге асыру бойынша Палата Комитеттерімен тергеу жүргізілуде.  
 -  Палата сайтына ҚР Палата Кеңесінің қабылдаған шешімдерін, қауымдасқан мүшелер сапасын сырттай бақылау нәтижелерін, сырттай бақылау сапасының кестесін шолу бойынша ақпарат ұсынылған.
- әзірленген әдіснама шеңберінде Палата «МегаСофт» компаниясымен бірлесіп қаржылық есептілік аудитінің көрсететін қызметтерін аудиторлық ұйымдармен ұсыну бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлемесін жүзеге асырды.
- Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының ресми рұқсаты негізінде 2012 жылы Палата 2010 жылғы ХАС 2-ші бөлігіне көшуге кірісті.
- ХАС және ҚЕХС өзгерістер бойынша Палата мүшелеріне арналған жыл сайынғы тегін оқыту семинарлары өткізіліп тұрады, мұнда ірі халықаралық компаниялардың Үлкен төрттіктің аудиторлық компанияларының жетекші мамандары лекторлар болды.
     Бұдан әрі Консультациялық орган мүшелерімен қолданыстағы №1 Ұлттық қаржылық есептілік стандартының негізінде Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет департаменті дайындаған Ұлттық қаржылық есептілік стандартының жобасы ұсынылған болатын.
     Стандарт елеулі жеңілдетілді – көлем айтарлықтай төмендеді, арнайы білімді талап ететін күрделі анықтамалар алынып тасталды, бекітілген тізілімдердің нысандарының орнына олардың мазмұнына ғана қойылатын талаптар сақталған, бұл автоматты жүйелерде есепке алуды енгізудің қазіргі заманғы тәжірибесін ескереді. Айтылғандарды ескере отырып, Ұлттық қаржылық стандартының ұсыныстарын талқылау барысында шағын және орта бизнес өкілдері талқылауға шығарылатын және пысықталатын болады.
     Аудиторлық қызметтің сапасын бақылауды күшейтуге халықаралық үдерістерді ескере отырып, Консультациялық орган мүшелерінің сапасына сырттай бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеу үшін аудиторлық ұйымдардың сапасына сырттай бақылау жүргізу бойынша Әдістемелік ұсынымдардың жобасы ұсынылған. Отырысқа қатысушылар ұсынылған жобаға және сапа бақылауын күшейту қажеттігімен жалпы келісті, осы ретте КАҰ ішкі құжаттарына өзгерістер енгізудің орындылығы туралы келісімге, сондай-ақ жосықсыз аудиторлық компанияларға қолданылатын санкциялар бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылға қол жетті.