ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қызметінің  негізгі тарихи сәттері

1992 жылғы 15 қазанда – Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқаруының орталық органдарына кіретін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанында Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті құрылған.

1994 жығы 7 қазан – Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылаудың мемлекеттік комитеті  Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің жанындағы таратылған Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің мирасқоры.

        1995 жылғы 19 қазан - «Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру туралы» ҚР Президентінің №2541 Жарлығымен оған таратылған Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылаудың мемлекеттік комитетінің мүлігі мен істерін басқару бойынша өкілеттіктерін бере отырып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанында Қаржылық-валюталық бақылау комитеті құрылған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қаржылық-валюталық бақылау комитетін жою туралы Президент Жарлығы шықты, оның функциялары Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитеті және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасында бөлінді.

         1999 жылғы 22 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1959 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті қайта құрылды.

         «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1134 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің Қаржылық бақылау комитетіне  қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті құрылған.

         «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып қайта аталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті өз құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.  

         Қазақстан Республикасы Министрлер Қабинетінің жанындағы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің бірінші төрағасы қазіргі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Сейітсұлтан Сүлейменұлы Айымбетов болған. Одан кейін Комитетке әр жылдары - Ауанов Мырзахмет Қожахметұлы, Ергешбай Жайлауұлы Дербісов, Мұрат Ермұханұлы Аманбаев, Виктор Михайлович Иванов, Федор Федорович Сутулов, Әбдіхалық Зәкірұлы Нәлібаев, Әнуарбек Жалелұлы Сұлтанғазин, Мұхтар Таңатұлы Бейсембаев, Әнуар Серқұлұлы  Жұмаділдаев, Аниятолла Өмірзақұлы Сәрсенов басқарып келген, қазіргі уақытта Комитет төрағасы Азамат Қуатұлы Ахметов.

          «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы №264 қаулысына сәйкес ҚБК «ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті» ММ болып қайта аталды.