Print previewPrint

ҚР Қаржы министрлігі 2019 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жасап, алдағы кезеңге қойылатын міндеттерді белгіледі

2/17/2020

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен алқа отырысына министрліктің департаменттері, комитеттері және аумақтық органдарының басшылары қатысты

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің барлық деңгейінде кіріс жоспары орындалды (КБ – 101,6%, Ұлттық қор – 102,8%, МБ – 101,2%, РБ – 100,6% және ЖБ – 103%).

Республикалық бюджет кірістерінің жоспарын орындау (трансферттерді қоспағанда) 100,6% құрады. Алқа отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің Елбасы мен Президент тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ететіндігі мен тепе-теңдік талаптарына сай келетіндігі туралы айтылды.

Жиналыста айтылған мәселелердің ішінде Қаржы министрлігінің заңнамалық бастамаларына ерекше назар аударылды. Бюджеттік жоспарлау саласында 2019 жылы бухгалтерлік есеп, мемлекеттік аудит және нақты сектор аудиті, бағалау қызметі саласындағы әдістеме бойынша 16 нормативтік құқықтық акт әзірленді.

Оңалту және банкроттық туралы заңға өзгертулер күшіне енді. Заңда рәсімдерді қолдану шарттары жеңілдетілген.

Шағын және орта бизнес пен жеке тұлғаларға айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға арналған салық амнистиясы бойынша да оң нәтижелерге қол жеткізілді. Есепті кезеңде ШОБ үшін салықтық амнистия бойынша 11 млрд. теңге айыппұл мен өсімпұл есептен шығарылды. Жеке тұлғалардың 60% -дан астамы (1,2 млн. адамның 755,7 мыңы) рақымшылықты пайдаланып, 15,9 млрд. теңгені құрайтын негізгі қарыздарын өтеп, 3 млрд. теңгеден астам соманы құрайтын өсімпұлды есептен шығарды.

Салық төлеушілердің салық мәдениетін арттыруға және бюджет кірістерінің 36% -ға өсуіне мүмкіндік берген қашықтан бақылаудың жаңа әдістері жасалды.

Салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігі бойынша салықтық бақылау объектілерін дәл таңдауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) жетілдіріліп жатқандығы атап өтілді. Қабылданған шаралардың нәтижесі салықтық тексерулердің азаюы болып табылады.

Азаматтар үшін салық төлеу процесін жеңілдетуге және баламалы төлем түрлерін жасауға бағытталған маңызды жаңалықтардың бірі – 2019 жылдың желтоқсан айында «Салық әмияны» мобильді қосымшасының іске қосылуы. «Салық әмияны» механизмы жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің тиісті салықтары бойынша бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді.

Алқа отырысында көлеңкелі экономика міселелері де қозғалды. Өткен жылы еліміздеоның деңгейі елеулі түрде төмендеді. Мысалы, 563 заңсыз ойын орындарының жұмысы тоқтатылды, 17 жасырын казино анықталып, жойылды. 9 мыңнан астам ойын автоматтары, терминалдар мен рулеткалар заңсыз айналымнан алынды.

Мемлекеттік сатып алу аясында өткен жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның жаңа ережелері күшіне енгені атап өтілді. Бұл өткізілмеген тендерлер бойынша бір көзден сатып алуға тыйым салу. Нәтижесінде, бір көзден сатып алудың жалпы үлесі 2018 жылғы 72% -дан 2019 жылы 49% -ға, бәсекеге қабілетті сатып алулар бойынша тиісінше 51% -дан 13% -ға төмендеді.

Қаржы министрлігінде мемлекеттік қызметтердің 83 пайызы цифрлық форматқа өтті.

Мемлекеттік аудит аясында ақпараттық жүйелерді цифрландыру және интеграциялау арқылы бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударылады. Мысалы, мемлекеттік сатып алу процесін цифрландыру және электрондық камералды бақылауды енгізу арқылы анықталған бұзушылықтардың мөлшері 765 есеге азайды, ал олардың үлесі 2015 жылғы 32% -дан 2019 жылы 0,1% -ға дейін төмендеді. Сонымен қатар, аудитті цифрландыру мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қамтуды 12 есе арттыруға және заң бұзушылықтардың санын 19 есе азайтуға мүмкіндік берді. Бұл осы салада жұмыс істейтін мемлекеттік органдар мамандарының біліктілік деңгейінің жоғарылағандығын көрсетеді.

Сонымен қатар алқа отырысында қазіргі уақытта 863 нысанды қамтитын жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жалғасатын іс-шаралар атап өтілді.

Сөз соңында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті, алдағы кезеңге арналған жылдық жоспарларды нақты орындау және көлеңкелі экономиканы, сыбайлас жемқорлықты азайту және жұмыстағы кемшіліктерді болдырмау үшін қолданылатын құралдарды кеңейту туралы нақты міндеттерді айтты.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі