Print previewPrint

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы «ҚР Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама Астана қ-сы, Мәжіліс Парламенті, 14 маусым 2017 жыл

6/14/2017

2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметі мен ҚР Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің қарауларыңызға 2016 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы
ратификациялау туралы Заңның жобасы енгізілді.

Хаттама 2017 жылы 17 наурызда Мәскеуде жасалды.

Хаттамада:

- бірінші транштың сомасы 41 038 096 АҚШ долларын құрайтыны;

- салалар бойынша техникалық жәрдем көрсету іс-шаралар тізбесі бекітілетіні, ал оны егжей-тегжейлендіру Тараптардың ведомствоаралық деңгейінде бекітілетіні көзделген.

Көмектің бірінші траншы ақшалай формада және оқыту бойынша қызметтермен жүзеге асырылады.

 

 

Аталған іс-шаралар кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеделдетуге, бақылау сапасын арттыруға, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаржыландыру көзі – республикалық бюджет.

Заң жобасы ратификациялауға жатады және Қырғыз Республикасына жәрдем көрсету мәселесі бойынша құжаттар пакетінде қаралады.

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

         Рахмет!