Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚРЗ жобасы бойынша баяндамасы

10/18/2017

Астана қаласы, Парламент Мәжілісі, 2017 жылғы 18 қазан

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы ағымдағы жылғы тамыз айында мақұлданған 2018-ден 2022 жылына дейінгі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы негізінде әзірленген. 

Парламент Мәжілісінің жұмыс топтары мен комитеттерінің отырыстарында заң жобасын талқылау барысында еліміздің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Әсіресе жаңа мектептерді салу, сумен қамтамасыз ету және инженерлік-коммуникациялық объектілерінің инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыру мәселелері көтерілді.

Талқылау нәтижесінде депутаттар ұсынған заң жобасына түзетулерді Үкімет қолдады. Өз кезегінде, әкімшілердің тиісті бюджеттік бағдарламаларын қосу үшін қаржыландыру көздері ұсынылды.

Осындай конструктивті талқылау нәтежесінде, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлері өзгеріссіз қалды. Түзетулер тек шығыстардың құрылымына қатысты болды. Қаражаттардың артық ағымын шығыстардың жеке бағыттары арасында жүзеге асыру ұсынылады.


Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлеріне тағы тоқталып кетуге рұқсат етіңіздер:

Түсімдер:

2018 жылы – 8 578,3 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 15,3%;

2019 жылы – 9 190,2 млрд. тенге немесе ЖІӨ-ге 15,1%;

2020 жылы – 9 566,2 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 14,6%.

Шығыстар:

2018 жылы – 9 217,9 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 16,5%;

2019 жылы9 798,2 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 16,1%;

2020 жылы10 219,7 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге 15,6%.

* * *

Енді, депутаттар ұсынған түзетулерді ескере отырып бюджет шығыстарының негізгі бағыттарына тоқтайын.

Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемінде ең үлкен үлес әлеуметтік салаға тиесілі. Ол 2018 жылы 44,6%-тен 2020 жылы 47,4%-ке дейін өседі.

Ақшалай мәнде осы салаға арналған шығыстар
13 401 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылға – 4 108,6 млрд. теңге.


Осы блоктың шығыстарының ең ірі көлемі әлеуметтік қамтамасыз ету және еліміздің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталады.

Жоспарланған кезеңде осы бағытқа 8 707,5 млрд. теңге көзделеді. Олардың ішінде ағымдағы жылға қарағанда 473 млрд. теңгеге яғни 22,1%-ке өсе отырып 2018 жылдың шығыстары 2 612,9 млрд.теңгені құрайды.

Бұл ретте, көрсетілген шығыстардың негізгі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды. Оларды қаржыландыру үшін үш жылдық мерзімде 8 508,7 млрд. теңге бағытталатын болады, оның ішінде 2018 жылы – 2 547,9 млрд. теңге.

Бұрын айтылғандай, ағымдағы жылға қарағанда 2018 жылы зейнетақы төлемдерінің ұлғаюы бірқатар факторлар мен бастамаларға байланысты. Атап өткенде олар – төлемдерді алушылар контингентінің өсуі, зейнетақы мөлшерін жыл сайын индекстеу, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі, сондай-ақ ең төмен күнкөріс деңгейі құрылымының 60/40-тан 55/45-ке дейін азаматтардың нақты тұтыну шығыстарына сәйкес өзгеруі.

Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінен 50% деңгейде көмек көрсету үшін критерийлерді белгілей отырып атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілетін болады.


Денсаулық сақтау жүйесіне 2018-2020 жылдарға арналған шығыстар 3 342,5 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылы – 1 070,3 млрд.теңге.

Олардың өсуі негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға сапалы өту мақсатында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің күшеюіне байланысты.

Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасында 1 123,1 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 2018 жылы – 340,6 млрд. теңге.

Жоспарланған үш жылдық кезеңде орта білім беруді жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша қолданыстағы «пилотты жобаны» кеңейту ұсынылады.

Осылай, 2018 жылдың қыркүйегінен бастап Астана қаласындағы барлық 85 мектептің қаржыландыруын өзгерту көзделуде. 2019 жылы жобаға Алматы қаласының 239 мектебі қосылатын болады. 2020 жылдан бастап еліміздің барлық толық жиынтықты мектептерінде жан басына қаржыландыруды жаппай енгізу жоспарлануда. Олардың саны 3 981 мектеп.

2018-2020 жылдары мәдениет және спортты дамытуға арналған шығыстар 219,7 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2018 жылы – 82 млрд. теңге.

* * *


Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдау бойынша шығыстар блогында келесі мемлекеттік шаралардың бағыттары қаржыландырылады.

1. Индустриялық-инновациялық даму, «Нұрлы жол», Нұрлы жер», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі ірі бағдарламаларды іске асыру үшін және көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға
2 064,9 млрд. теңге шығыстар көзделген, олардың ішінде 2018 жылға – 854,8 млрд. теңге қаражат бөлінеді.

2. Экономиканың жаңа драйвері ретінде Агроөнеркәсіп секторын дамытуға Ауыл шаруашылығы министрлігіне үш жылдық мерзімге 787 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 2018 жылға – 275,4 млрд. теңге.

3. Жедел технологиялық жаңғыртуды жалғастыру мақсатында Цифрлық Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленген. 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттің жобасында қаржыландыру көлемі 17 млрд. теңгені құрайды.

* * *

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған үш жылдық кезеңге арналған еліміздің басты қаржылық құжаты жалпы ұлттық өнімді бюджет арқылы әлеуметтік саладағы қабылданған барлық міндеттемелер мен бастамаларды сақтап, сондай-ақ нақты сектор дамуына оң әсерді жалғастыра отырып тепе-тең қайта бөлуді қамтамасыз етеді.

* * *
Құрметті депутаттар!

Республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары осындай.

Қорытындылай келе, Сіздердің тараптарыңыздан көрсетілген қолдау мен сындарлы диалогтарыңыз үшін алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіздер. Депутаттар қабылдауға ұсынған түзетулерді ескере отырып заң жобасын қолдауды сұраймын.

Назарларыңызға рахмет!