Print previewPrint

«Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру» жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісіндегі баяндамасы

12/4/2017

2017 жыл, Астана қ.

 

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі Кедендік және салықтық әкімшілендіруге үлкен назар аударуда.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Министрлікпен салықтық және кедендік әкімшілендіру бойынша жұмыстар басталды, оның мақсаты салықтық және кедендік әкімшілендірудің бизнес-процестерін автоматтандыру болып табылады.

Жобаның негіздемесінде мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесу тұғырында бюджеттің кіріс базасын қалыптастыру және адал ниетті бизнестің қызметеріне араласпау - жаңа стратегиялық моделіне тиесілі.

Жоба 2 бағыттан тұрады – Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және электрондық кедендік декларациялауға көшу және Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру.

1.       Бірінші бағыт - Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және электрондық кедендік декларациялауға көшу

Сізге белгілі болғандай, жоба шеңберінде 2 тәсіл іске асырылатын болады:

·          Электрондық декларациялау бөлігінде АСТАНА-1 АЖ құру;

·          Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе (Е-терезе) құру.

Бұл жобалар   кедендік тазарту мерзімін айтарлықтай азайтуға және кедендік декларациялау рәсімдерін оңайлатуға бағытталған.

АСТАНА-1 АЖ-сі СЭҚ (ВЭД) қатысушылары үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін және бақылауға дейінгі бастапқы ақпаратты тауарды шығарғаннан кейін беру кезеңінен бастап барлық кедендік процеске автоматтандырылған бақылау жүргізуді іске асыруға мүмкіндік беретін, көпфункциональды және кешенді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар, АСТАНА-1 АЖ енгізу кедендік органдар мен СЭҚҚ (УВЭД) арасындағы тікелей байланысын азайту жолымен жемқорлық деңгейін төмендетуге әсер етеді.

АСТАНА-1 АЖ іске қосу этап кезеңдермен іске асырылады.

Ағымдағы жылғы 1 қазанда «Кедендік транзит» шағын жүйесі тәжірибелік пайдалануға енгізілді.

Егер де кедендік операцияларды жүргізудің бар схемаларын және «АСТАНА-1» АЖ-сін салыстырсақ, онда негізгі айырмашылықтары: ақпараттық жүйелердің санын қысқарту, тауарды қағазсыз декларациялау мүмкіндігі, автошығару және автотіркеу және де т.б. болып табылады.

2018 жылғы 1 қаңтарда АСТАНА-1 АЖ-ның қалған шағын жүйелерін пайдалануға енгізу жоспарлануда.

АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі ЕЭО Кедендік кодексінің нормаларына сәйкес құрылған. Бұндайда онда кедендік заңнамалар бойынша

Сонымен қатар, онда кедендік заңнамалар бойынша келесідей жаңа кірістер іске асырылған, олар:

тауарды электрондық декларациялау;

кедендік декларацияны автоматты тіркеу және тауарға декларацияны автоматты шығару.

 «Бірыңғай терезе» бойынша кедендік әкімшілендіруді қысқарту мақсатында, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 9 рұқсат беру құжаттары бойынша «Бірыңғай терезе» механизмі іске қосылатын болады. Олардың ішінде: 7 құжат Ауылшаруашылық министрлігінің  құзыретіне, 1 – Денсаулық министрлігінің құзыретіне, 1 – сәйкес органдардың (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен аккредиттелген ұйымдар) құзыретіне жатады, ол кедендік тазарту үшін қажетті ұсынылған рұқсат беру құжаттарының жалпы санының 80 % құрайды.

Қалған рұқсат беру құжаттары «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы берілетін болады.

Сонымен қатар, 2018 жыл ішінде  «Е-лицензиялау» МДБ пысықтағаннан кейін, «Е-лицензиялау» МДБ интеграциялау жолымен мемлекеттік органдармен берлетін 42 рұқсат беру құжаттары туралы ақпарат электронды түрде АСТАНА-1 АЖ-ға түсетін болады.

Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 тоқсанда «Е-лицензиялау» МДБ-да кедендік тазартуға қажетті 4 автоматтандырылмаған рұқсат беру құжаттары іске асырылатын болады.

 «Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру» бағыты 4 бастаманы құрайды:

·          «Электрондық шот-фактуралар» АЖ;

·          «Тауарларды маркерлеу» АЖ;

·          Blockchain технологиясын қолдана отырып ҚҚС әкімшілендіру;

·          Әртүрлі дереккөздердің деректер базасын интеграциялау арқылы салық жинауды арттыру.
«ЭШФ» АЖ шот-фактураларды электронды түрде шығару арқылы тауарлардың сатылуын іске асырады. Бүгінгі күні ЭШФ ақпараттық платформасы құрылған, бірақ интерфейс ыңғайлылығы және тауарлардың орын ауыстырылуын бақылау бойынша функционалды құру тұрғысынан жетілдіруді қажет етеді. Жүйенің пайдаланушыларының саны күннен күнге артуда және бүгінгі күні олардың саны 158 мыңнан астам, 65 млн.ЭШФ-дан көп шығарылды.
«Виртуалды қойма» модулі – бұл «ЭШФ» АЖ функционалы, қоймадағы тауар қалдықтарын автоматты түрде есептеуге және тауардың орын ауыстырылуына бақылауды іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, ҚҚС әкімшілендіру үшін қосымша құрал болып табылады.        2018 жылғы шілдеде жүйені іске қосу жоспарлануда. 

«Тауарларды маркерлеу» АЖ теріден жасалған бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жобасын жүргізуді және әрі қарай ЕЭО шеңберінде қарастырады.

27 қарашадан бастап Қазақстанда пилот сәтті түрде іске қосылды.

Келесі жылы пилот қорытындысы бойынша маркерленетін тауарлар тізімін кеңейту мәселесі қарастырылатын болады. 

Бұл бастаманы Еуразиялық экономикалық одақтағы әріптестерімізбен тығыз байланыста жүзеге асырып келе жатқанымызды айта кету керек.

Осы бастамалардың нәтижесінде біз жалған құжаттардың шығарылуымен сүйемелденетін тауарсыз операцияларды  тоқтатуды жоспарлап отырмыз.

 «Blockchain технологиясын қолдана отырып ҚҚС әкімшілендіру» орталықтандырылмаған деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл салық төлеушілердің қаржы транзакциялар тізбегін дереу бақылауға және оларды ҚҚС қайтару кепілдігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Блокчейн-технологиясы заманауи әлемдік тенденциялардың бірі болып табылады. ЕурОдақ елдері салықтық әкімшіліктері блокчейн технологиясын енгізу бойынша мәселелерді қарастыруда.

Министрлік «Инновациялық технологиялар паркі» автономдық кластерлік қорымен бірге жасанды интеллект (IBM Watson) және Blockchain технологиясын (IBM Hyperledger Fabric) енгізуде қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін зертхана құрылатын болады.

Блокчейнді қолдану қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

·      алаяқтық схемаларды қолдану мүмкіншілігінің болмауы;

·      жанама салықтарды басқарудың қарапайымдылығы;

·      салық төлеушілер үшін есеп пен есептіліктің қарапайымдылығы.

Жобаны енгізу «ИТП» АКҚ бірге мемлекеттік тапсырма формасы түрінде іске асырылатын болады. Жүйе прототипін құру мерзімі – келесі жылдың тамыз айы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «ИТП» АКҚ бірге Blockchain технологиясын пайдалана отырып, ақпараттық жүйеге қойылатын техникалық талаптарды және ҚҚС әкімшілендіру әдіснамасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды.

Әртүрлі дереккөздердің деректер базасын интеграциялау арқылы салық жинауды арттыру

Жобаны іске асыру салықтық әкімшілендіру мақсатында Big Data құруға бағытталған.

Қазірдің өзінде бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында, салықтық бақылау назары камералық бақылауға ауыстырылды.

Камералық бақылаудың мәні - салық декларацияларынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік кіріс органдарында бар кіріс көздерінен алынған мәліметтерді  көлденең талдау болып табылады. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, салық төлеушіге Өзін-өзі жою туралы хабарлама жіберіледі.

Алайда, қабылданған шаралар салықтық әкімшілендіруді тиімді түрде толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, себебі мемлекеттік кіріс органдары тек уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер алады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, заманауи салықтық әкімшілендіру салықтық бақылау мақсатында бизнестен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

Мәселен, осындай қызметтерді көрсететін кəсіпорындардан алынатын электр энергиясын, суды тұтыну туралы, сонымен қатар, тасымалдау (теміржол жəне әуе) көлемі туралы мəліметтер салық есептілігінде олардың контрагенттері көрсеткен ақпаратпен салыстырылатын болады.

Біз мұндай деректер базасын құруды мақсат етіп қойдық.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жоғарыда көрсетілген барлық іс-шараларды іске асыру көлеңкелі экономика көлемін айтарлықтай азайтуға және бюджетке тусімді арттыруға мүмкіндік береді.

 

Назарларыңызға рахмет!