Print previewPrint

Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың «инфрақұрылымды дамытудың «2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» баяндамасы «Үкімет Үйі» 23.10.2017 жыл

10/23/2017

Инфрақұрылымды дамытудың «2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

2017 жылға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағларламасына 484,1 млрд.теңге қарастырылған. Оның 130,6 млрд.теңгесі өңірлерге нысаналы трансферттермен - 82,6 млрд.теңге және бюджеттік кредиттермен –  48,0 млрд.теңге қарастырылған.
Игеру бойынша ағымдағы жағдай:
Мемлекеттік бағдарламаның игерілі барысы апта сайын қадағаланып отырады.
Ағымдағы жылдың 9 айында республикалық деңгейде 320,7 млрд.теңге игерілді яғни есепті кезең жоспарына 99,2% және жылдық жоспарға 66,2%.  Бүгінгі күнге жылдық жоспардың 69,5% игеріліп,  336,5 млрд.теңгені құрады.
Әкімшілердің өздерімен жүзеге асырылатын шығыстар 213,6 млрд.теңгеге игерілді яғни есепті кезеңге арналған жоспардың 99,3 %.  
Өңірлерге нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде 104,1 млрд.теңге бөлінді. Олар 96,1 % игеріліп 100,1 млрд.теңгені құрады.
4,1 млрд.теңге атқарылмады. 302,7 млн.теңге үнемделді және 3,8 млрд.теңге игерілмеді. Артта қалып қойған өңірлер – бұл Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары. Негізгі себеп – атқарылатын жұмыстардың өндіріс кестесінен қалып қоюы.
Біз игерілмеу тәуекелдеріне талдау жасадық. Нәтижесінде нақтыланған бюджеттің жобасында 29,7 млрд.теңге сомасындағы шығыстар оңтайландырылды, оның ішінде ИДМ бойынша – 13,3 млрд.теңге, ҰЭМ – 16,4 млрд.теңге.
Бюджетті нақтылауды ескере отырып жыл соңына дейін 157,0 млрд.теңгені игеру күтілуде. Оның ішінде орталық мемлекеттік органдармен – 136,0 млрд.теңге, өңірлермен – 24,2 млрд.теңге.
Игерілмеу қауіпі
Қаржы жылының аяқталуына дейін қалған жұмыс күндерін (47 күн) ескерсек жеке бағыттар бойынша игерілмеу қауптері бар.
Республикалық бюджет бойынша қауіпті аймақта 6,9 млрд.теңге. Бұл – ХҚҰ бірлескен жобаларға бөлінбеген сома (ҰЭМ). Осы соманы бөлу үшін оны РБК қарауына шығарып ҚР Үкіметінің қаулысын бекіту қажет.
Жергілікті бюджеттерде игерілмей қалудың сомасы 2,2 млрд.теңгені құрайды.  Олар – Маңғыстау облысында білім берудің 3 объектісі бойынша жұмыстардың атқарылмау нәтижесінде 1,0 млрд.теңге игермейді, Ақмола облысында  - 184,7 млн.теңге құс фабрикасына арналған өндірістік  инженерлік инфрақұрылымның құрылысы бойынша сот талқылауларына байланысты игерілмейді. Конкурстардың ұзақ өткізілуіне байланысты ШҚО бойынша 456,0 млн.теңге Аягөз ауданындағы мал сою цехының инженерлік желілерінің құрылысы бойынша, Қарағанды облысында 455,8 млн.теңге Темиртау қаласындағы 600 орындық мектеп құрылысы бойынша пайдаланылмайды.
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫН БАҚЫЛАУ      
Мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттың әр теңгесінің жұмсалуы бақылануда.
Бақылау мемлекеттік сатып алу рәсімдері және мердігерлердің салық төленуіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алуды бақылау
Есепті кезеңде 4 аудиторлық іс-шара іске асырылды. 9,9 млрд.теңге бюджет қаражаты қамтылды.
Жалпы 8,9 млрд.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның 8,8 млрд.теңгесі - мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылғанынан болып отыр.
Орын алған бұзушылықтарды жоюға және оған жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру туралы жолданған 4 нұсқамалардың 3 орындалды.
5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 2.Салықтық бақылау
Мемлекеттік бағдарламаға қатысатын салық төлеушілерден бюджетке түскен төлемнің көлемінің ұлғайғаны байқалады. Есепті кезеңде 33,4 млрд.теңге салық түсті немесе ағымдағы жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 12,3 млрд.теңгеге көп.
Камералды бақылаудың нәтижелері бойынша Мемлекеттік бағдарлама бойынша бас мердігер және қосалқы мердігерлер болып қатысатын 354 салық төлеушілерден қосымша 4,5 млрд.теңге өндірілді.
9 айдың қортындысымен Мемлекеттік бағдарламаның қаражатын толық игеру және нәтижелеріне қол жеткізу үшін келесі шараларды қабылдауды ұсынамыз.
Бірінші, ҰЭМ ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін ХҚҰ жобаларын іске асыруға 6,9 млрд.теңгені әкімшілерге бөлуі қажет.
 Екінші, ИДМ «ҚазАвтоЖол» АҚ бірлесе отырып РБ нақтылау кезінде қосымша бөлінген 6,4 млрд.теңгеге конкурсты уақытылы өткізу бойынша шаралар қабылдасын.
 Үшінші, РБ нақтылау кезінде білім объектілерінің құрылысына қосымша бөлінген қаражаттар бойынша:
 - БҒМ жергілікті атқарушы органдармен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерді қол қоюды дайындау қажет;
 - ЖАО ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін конкурстық рәсімдерді аяқтау және шарттарды тіркеуді қамтамасыз ету.   


 Назарларыңызға рақмет!