Print previewPrint

«Жекешелендіруді жүргізу барысы туралы» мәселе бойынша ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысына ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы

4/10/2017

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті әріптестер!

 

 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауында Үкіметке Кешенді жоспар бойынша ұйымдарды жекешелендіруді тездетіп және 2018 жылдың соңына дейін аяқтауға нақты тапсырма берілді.

Осыған байланысты Кешенді жоспардың ағымдағы орындалуы және жекешелендіру үдерісін жеделдету бойынша қабылданған шаралар туралы, оның ішінде топ объектілері бойынша баяндаймын.

 

Ағымдағы орындау туралы

2016 жылдан бастап Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша 51 млрд. теңге сомаға 198 объекті сатылды, оның ішінде:

Ø 7 млрд. теңгеге республикалық меншіктегі 18 объекті;

Ø 5 млрд. теңгеге коммуналдық меншіктегі 95 объекті;

Ø 39 млрд. теңгеге квазимемлекеттік сектордағы 85 объекті.

Одан басқа, 202 объекті сауда-саттықтан алынды, олардың ішінде:

Ø 126 объекті таратылу сатысында (үш сауда-саттық нәтижесі бойынша сатылмағандарды есепке алғанда);

Ø 33 объекті қайта ұйымдастыру сатысында;

Ø 32 объекті бойынша жекешелендіру объектілерінің тізбесінен

алып тастау туралы шешім қабылданды (БАҚ, санаторийлер, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жекелеген стратегиялық объектілері);

Ø квазимемлекеттік сектордың 11 объектісі бас компанияның құрамында сатылды.

Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы ағымдағы күнге қайта ұйымдастырылған және таратылған объектілерді есепке алғанда 47%-ды құрайды.

 

Жекешелендіруді жеделдету бойынша қабылданған шаралар туралы

Ағымдағы жылдың басында Кешенді жоспардың шеңберінде бекітілген Сату кестесімен 404 объектіні сату жоспарланған, оның ішінде 2017 жылға – 215 объекті (53%), 2018 жылға – 41 объекті (10%), 2019-2020 жылдарға –            148 объекті (37%).

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мынадай жұмыс жүргізілді:

барлық сатушылардың жекешелендіру бойынша іс-шараларды уақтылы орындалуын бақылау үшін ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары А.Ұ. Маминнің басшылығымен 3 селекторлық кеңес өткізілді;

ағымдағы жылы қалған объектілердің кемінде 80%-ін сауда-саттыққа шығару мақсатында әрбір объекті бойынша оларды жеделдетіп сату мүмкіндігіне талдау жасалды;

Сауда-саттыққа қою кестелері қайта бекітілді;

әрбір объекті бойынша Жол карталары әзірленіп бекітілді және Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына енгізілді.

        Нәтижесінде 404 объектіден 130 объекті                         2019-2020 жылдардан сатуға 2017-2018 жылдарға ауыстырылды.

2017 жылы 325 объектіні, оның ішінде республикалық меншіктегі 30 объектіні, коммуналдық меншіктегі 177 объектіні, Ұлттық холдингтердің 67 объектісін және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 51 объектісін сату жоспарланды (оның ішінде 22 объекті сатылған және 62 объекті сауда-саттыққа шығарылған).

2018 жылы 61 объектіні – республикалық меншіктегі              4 объектіні, коммуналдық меншіктегі 19 объектіні, Ұлттық холдингтердің 35 объектісін және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың 3 объектісін сату жоспарлануда.

Аталған объектілердің ішіндегі 50 объекті Топ 65 объектілеріне жатады және олар бойынша:

2017 жылы 29 топ объектілерін, оның ішінде Ұлттық холдингтердің 21 объектісі және республикалық меншіктің – 8 топ объектісін сату жоспарланды.

 

                        2018 жылы 21 топ объектін сату жоспарлануда, оның ішінде Ұлттық холдингтердің-16 және мемлекеттік меншіктің – 5 объектілері.

 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 18 ірі компаниясын (оның ішінде 14 топ объектісін), оның ішінде IPO/SPO шеңберінде 8 топ компаниясын сату жоспарланып отыр.

 

 

Мемлекеттік мүлік тізіліміне «енгізілген» Жол карталары сатуға шығару күнін көрсете отырып, әрбір объекті бойынша нақты іс-шараларды қамтиды. Оларды Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталына орналастыру жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз етеді және жекешелендіру барысының  тиімділігін арттырады.

Бұдан басқа, жекешелендіруді ойдағыдай жүргізу мақсатында бірыңғай ақпараттық деректер базасын (privatization.gosreestr.kz-те) құрдық. Бұл объектілер туралы барлық ақпаратты, қамтитын, «бір терезе» қағидаты бойынша пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай туғызады.

Сатушылар деректер базасын тұрақты түрде жаңғыртып отырады.

Объектілерді іске асыру мониторингін қамтамасыз ету үшін әрбір кезеңде on-line режимінде мониторингтің электрондық жүйесі енгізілген.

Электрондық мониторинг Жол карталары бойынша сатушылардың іс-шараларды орындау барысы туралы ағымдағы күнге есептік ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына өзгерістер әзірледік. Олар сатып алушылармен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы электрондық шарттар жасасуға мүмкіндік береді. Бұл сатып алу шарттарын жасау тәртібін жеңілдетеді және сатушымен артық қарым-қатынасты болдырмайды.

Осылайша, жекешелендіру үдерісін жеделдету бойынша қажетті шаралар қабылданды. Бұдан әрі жұмыс жосрарланған іс-шараларға сәйкес жалғастырылатын болады.

 

Назарларыңызға рахмет!