Print previewPrint

Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беруге қатысты жұмыс жүргізіп жатыр

5/3/2017

Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беруге қатысты жұмыс жүргізіп жатыр

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беруге қатысты                         97-қадамын орындау мақсатында Министрлікке «Әкімші (уақытша әкімші, оңалтушы, уақытша және банкроттық басқарушы) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер тұлғалардың біліктілік емтиханын жүргізу» функциясын бәсекелес ортаға немесе өзін-өзі реттеуші ұйымдарға тапсыру бойынша жұмысты қамтамасыз ету тапсырылды.   

2017 жылдың 16 ақпанында және 3 наурызында жұмыс тобының отырыстары өтті, олардың қорытындысы бойынша оңалту және банкроттық саласындағы функциялардың барлығын өзін-өзі реттеуші ұйымдарға тапсыру мүмкіндігін кешенді қарастыру ұсынылды. 

Оңалту және банкроттық саласындағы кәсіби ұйымдармен жұмыс басталды: зерттеп және ұсыныстар енгізу үшін бірыңғай шешім шығару мақсатында оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік орган жүзеге асыратын функциялар тізбесі кәсіби ұйымдарға жолданды.