Print previewPrint

2017 жылғы 22 тамыздағы ҚР Үкіметінің отырысына Қаржы министрінің баяндамасы

8/22/2017

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексі жобасының новеллалары (қолданыстағы кодекстің атауы – «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»)

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

Жаңа ұлттық кеден кодексінің жобасы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің сілтеме нормаларын ескере отырып әзірленді.

Осы кодекс кедендік әкімшілендірудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, кедендік құқықтық қатынастарды нақтылайды.

Тәуелсіздік жылдарында жинақталған ең озық құқық қолдану практикасы жаңа кодексте жинақталған.

Кедендік әкімшілендіруді оңайлату жұмыстарына бизнес өкілдері белсенді қатысты.

Оңайлатулар транзиттік операциялардан бастап тауарларды шығарғаннан кейін бақылауды аяқтай отырып, кедендік әкімшілендірудің барлық салаларында көрініс тапқанын атап айту қажет.

Кодекс жобасына енгізілген кедендік әкімшілендіруді оңайлатудың ең бес маңызды сәттерін баяндауға рұқсат етіңіз.

БІРІНШІ. Жоғары ұлттық кедендік кодекстің нормаларын ескере отырып бизнес пен кеденнің электронды өзара іс қимыл басымдылығы бекітілді. Тауарларды декларациялау және шығару процесі автоматтандырылатын болады.

Тәуекелдер болмаған жағдайда ақпараттық жүйе кедендік декларациялар бойынша шешімді санаулы минуттарда қабылдайтын болады.

Бұл ретте декларацияны қараудың ең жоғарғы мерзімі 1-жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Мұндай жаңалық бизнестің шығындарын елеулі төмендетеді және тауарларды өткізу пунктер арқылы өткізуді жеделдетеді.

ЕКІНШІ. Әлемдік алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесімен кеден қызметкерлерімен транзиттік декларацияны және жолаушылар кедендік декларацияны толтыру мүмкіндігі енгізілді. Бұл брокерлік компанияларға қызметіне балама болып табылады

ҮШІНШІ. «Мемлекет және бизнес әріптестік» принципін қамтамасыз ету мақсатында бізбен уәкілетті экономикалық операторлар үшін оңайлатулар қайта қаралды.

Енді олар Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында транзит кезінде олардың мәртебесін мойындаумен қосымша оңайлатуларға ие болады.

Бұдан басқа, операторларға қатысты кедендік операциялар тікелей олардың қоймасында бірінші кезек тәртібінде жасалатын болады.

ТӨРТІНШІ. Алдынғы қатарлы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану және шешу мақсатында электронды кедендік алып жүру – жаңа нормасы салынған. Ол бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген тауарларды физикалық алып жүруді алмастыратын болады.

БЕСІНШІ. Кедендік әкімшілендірудің төлемдер бөлігі пысықталды, олардың нәтижесі бойынша:

- кедендік  төлемдерді алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізу, сондай-ақ оларды кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде пайдалану мүмкіндігі белгіленді.

Бұдан басқа, Кодекстің жобасында Қазақстан-Қытай жобасы -«Қорғас» шекара маңы ынтамақтастығы халықаралық орталығын дамытуға бағытталған ережелер көзделуде.

Осы орталықтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың құрылуын ескере отырып бизнеспен бірлесіп еркін кедендік аймақ рәсімін қолдану бойынша тәсіл келісілді және реттелді.

«Қорғас» ШЫХО аумағында шетелдік тауарларды декларацияламай және кедендік төлемдерді төлемей тұтыну мүмкіндігіне жол берілді. Бұл қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру саласы үшін шетелдік тауарларды қосымша шығынсыз әкелуге мүмкіндік береді.

Бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеу мүмкіндігі ашылады,  онда отандық, сондай-ақ шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға бөлшек саудалап сатуды жүзеге асыруға болады, бұл «Қорғас» ШЫХО-ға туристік қызығушылықты жоғарылатады.

Жаңа Кодекс күшіне енген соң біз мемлекеттің және бизнестің өзара іс-қимылының жаңа деңгейіне шығамыз және сыртқы экономикалық қызмет одан да оңайландырылған және реттелген болады деп санаймыз.

 

Назарларыңызға рахмет!