Print previewPrint

ҚР Қаржы министрлігінде 2017 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы болып өтті

8/11/2017

ҚР Қаржы министрі ішкі мемлекеттік аудит, мемлекеттік кірістер, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, қазынашылық Комитеттерінің төрағалары есептерін тыңдады

Алқа отырысында Ұлт жопары «100 нақты қадам» орындау барысында Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарды іске асыруы, бюджеттік қаражатты тиімді игеру және орындаушылық тәртіп мәселелері қаралды.

Сонымен республикалық бюджетті толықтыру, меншікті жекешелендіру, мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторлар мен субъектілеріне қазынашылық қызмет көрсету және т.б. мәселелер талқыланды.

Алқа отырысы қорытындысы бойынша қаржы министрі Бақыт Сұлтанов комитеттер басшылығына тиісті бөлінген бюджеттік қаражатты тиімді игеру бойынша шаралар қабылдауды, орындаушылық тәртіп мәселесі  бойынша Министрлік қызметкерлерінің жауаптылығын күшейту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық заң нормаларын барлық деңгейде мүлтіксіз сақтауға шақырды.

 

 

 ҚР Қаржы министрлігі