Print previewPrint

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - қаржы Министрі А.Смайыловтың сөйлеген сөзі

6/25/2019

Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - аржы Министрі Әлихан Смайылов 2050 Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, Бес институционалдық реформа, Қазақстанның үшінші модернизациясы туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы Іс-қимыл жоспарында іске асырылуы тиіс бірқатар негізгі міндеттерді белгіледі.

Бірінші кезекте олар өмір сүру сапасын жақсартуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған.

Іс-қимыл жоспарының іс-шаралары 2050 Стратегиясының, бес институционалдық реформаның, Қазақстанның Үшінші жаңғыруының саяси бағытын толық қамтиды.

Тиімді мемлекеттік басқару.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және бюджет қаражатын пайдалануға жауапкершілігі мен есеп берушілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

Бюджеттік жоспарлауды жетілдіруге, тиімсіз имидждік шығыстарды болдырмауға бағытталған шаралар кешені әзірленетін болады.

Табысты кәсіпкерлік.

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөнінде, атап айтқанда, кәсіпкерлік бастаманы дамытуды ынталандыру және бизнес-ахуалды жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.

Бизнеске қолдау көрсететін шараларының тиімділігін бағалау мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша талдау жүргізіледі.

Нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелері ескерілген жаңа тәсілдер әзірленетін болады.

Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді, оның шеңберінде бизнесті жаңа форматта қолдау жалғасатын болады.

Заңнамаға жаңа нормалардың күшіне енуінің «өтпелі кезеңі» және «адалдық презумпциясы» қағидаттары енгізілетін болады.

Негізгі тауар нарықтарындағы жағдайға талдау жүргізіліп, бәсекелестік үшін кедергілерді жою және монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу үшін кедергілерді жою Жол картасы әзірленетін болады.

Біз экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік тәжірибелерін қолдана отырып, «Оңалту және банкроттық туралы» Заңды жаңа редакцияда қабылдау мәселесін пысықтаудамыз.

Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында банкроттық және оңалту мәселелері бойынша заңнамаға түзетулердің үлкен блогы әзірленді.

Салық түрлерін оңтайландыруды жүзеге асыру және салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды қажет.

Салық кредиттерін беру тетігі енгізілетін болады.

Мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Тиімді қаржы жүйесі.

Ұлттық қордан берілетін трансферттерді пайдалануды шектеу және бюджеттің шикізат секторына тәуелділігі мәселесі пысықталатын болады.

Қор нарығын дамыту және ұлттық компаниялардың ІРО-сын өткізу жөніндегі жұмысты жалғастырамыз.

Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бәсекеге қабілетті бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасайды және халықтың әл-ауқатын жақсартады.

ӘЛЕУМЕТТІК БЛОК БОЙЫНША

Әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесі.

Әлеуметтік көмектің ашықтығы мен атаулылығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік қолдаудың кепілдік берілген көлемінің бірыңғай стандарттарын белгілеуге баса назар аударылатын болады.

Ұзақ мерзімді актуарлық модельдерді құру негізінде зейнетақы жүйесі одан әрі жаңғыртылатын болады.

Медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі.

Медициналық қызмет көрсетудің жаңа форматтары енгізіледі, кадрлар тапшылығы қысқартылады.

Медициналық көмек алу мүмкіндіктері кеңейтуді қарастыратын Денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірлетін болады.

Нәтижесінде, жалпы практика дәрігеріне жүктеме 1700 адамға дейін төмендейді, бұл бізді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы стандарттарына (1500 адам) жақындатады.

Таяудағы 3 жылда Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) объектілері 11 мың бірлік медициналық техникамен жарақтандырылады, жаңа 595 АМСК объектісі ашылады, 228 объектіге күрделі жөндеу жүргізілді.

Дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау күшейтіледі, көтерме және бөлшек сауда бағаларын төмендетуді ынталандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді ескере отырып, 2020 жылы 1 тұрғынға медициналық көмек көрсетуге арналған шығындар 92 мың теңгеге дейін ұлғаяды.

Жалпыға бірдей арналған заманауи білім беру стандарттары.

Балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен толық қамтуға, орта білімді жаңартылған мазмұнға көшіруді аяқтауға, 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшуге, 3 тілділікті енгізуге, ғылымның ел дамуына қосқан үлесін күшейтуге бағытталған Білім мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді.

Мұғалімдердің мәртебесін қолдау үшін «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленді, ол ұстаздардың беделін арттыруға, кәсіби өсуіне, өздеріне тән емес функцияларды орындамауына бағытталған.

Бұл педагогтардың сапалы құрамын жақсартуға, балаларды сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, білім беруге және денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімге
10%-ке дейін жеткізілетін болады.

Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындары.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріледі.

Жұмыс берушілерді өз қызметкерлерінің жаңа білім алуына ынталандыру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Ашылатын жұмыс орындарын, Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын есепке алудың бірыңғай базасын қалыптастыра отырып, Жұмыспен қамту мониторингінің кешенді жүйесін әзірлеу көзделіп отыр.

Жалпы алғанда, шамамен 370 мың жаңа жұмыс орнын ашу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен жыл сайын 500 мың адамды қамту жоспарлануда.

Жалпы, Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру әр мемлекеттік орган басшысының және әкімнің жеке жауапкершілігімен тұрақты бақылауда жүзеге асырылуы керек.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлер әкімдері Мемлекет Басшысының тапсырмаларын уақтылы орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет.