Print previewPrint

«ҚР Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы ҚР Үкiметiнiң Грузия Үкiметiне берген мемлекеттiк кредиттерi бойынша Грузия Үкiметiнiң берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама

11/22/2017

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы, құрметті депутаттар!

 

Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасының алдындағы Грузия Үкiметiнiң берешегін қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы шығарылып отыр.

Грузия Үкiметiнiң Қазақстан Үкіметінің алдындағы борышы 27 774 000 АҚШ долларын құрайды. Ол 1992-1993 жылдары екі елдің Ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болды және мемлекеттік кредит ретінде қайта рәсімделді.

Қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес Грузин тарапы Қазақстан алдындағы берешегін мынадай шарттарда өтейді:

1) Грузияның негізгі борышы Қазақстан және Грузия ұлттық банктері арасындағы акті бойынша 2,3 млн. АҚШ долларында Қазақстанның баламалы берешегі сомасында қысқарту;

2) пайыздық мөлшерлеме – жылдық 4% мөлшерінде сақталады;

3) берешекті өтеу кестесі мерзімін өткізгені үшін жиналған өсімпұлды есепке алмайды және Париж клубы ұсыныстарына сәйкес ұзартылады.

Осылайша, 2017 жылғы Келісімге сәйкес 2017-2025 жылдардағы кезеңге Грузия тарапының төлемдер сомасы 37 997 815 АҚШ долларын құрайды.

ҚР ұлттық заңнамасында (Бюджет кодексінде) қайтадан қайта құрылымдау көзделмегенін ескере отырып, енгізілген Келісім ратификациялауға жатады.

 

Аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңыз үшін рахмет!