Print previewPrint

Үкімет отырысындағы ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың «Сатып алу саласында қолданылып жатқан шаралар туралы» сөз сөйлеуі Астана қ., 2017 ж. 20 маусым

6/20/2017

Сатып алу саласында қолданылып жатқан шаралар туралы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

 

 «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңмен, жаңа Қағидалармен және жаңа Мемлекеттік сатып алу веб-порталы платформасымен жұмыс істегенімізге, міне бір жарым жыл болды.

Жүргізілген сауалнамаға сәйкес жаңа Портал мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен кеңінен интеграцияланған қолайлы және жылдам болған.

Бүгінде жоспарлаудан бастап төлем жүргізуге дейін мемлекеттік сатып алудың барлық кезеңдері электронды түрде жүргізіледі. Банк кепілдіктерін, шарттарды, шот-фактураларды, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету актілерін қоса алғанда, барлық құжаттар электрондық форматта ресімделеді.

Мемлекеттік сатып алу жүйесін толық автоматтандыру электрондық камералдық бақылау құруға әкелді. Енді ол объектіге бармай, онлайн-режимінде веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

Аталған шаралар бір конкурсқа қатысушылар орташа санын 1-2-ден 4-ке дейін 4 есеге дерлік ұлғайтуға және үнемдеуді 43 млрд. теңгеден 130 млрд. теңгеге дейін 3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, бүгінде мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар проблемалы мәселелер шешілмей қалып отыр.

Бірінші кезекте, бір көзден қомақты сатып алу үлесіне қатысты, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекеліне әкеп соқтырады.

Мәселен, 2014 жылы мұндай сатып алудың үлесі жалпы көлемнің 79 процентін, 2015 жылы – 75 процентін, 2016 жылы – 69 процентін құрады.

Бұл ретте, көрсетілген 69 процент (1,6 трлн.) бір көзден сатып алудан 39 проценті (881 млрд.) Заңда көзделген негіздер (МС туралы заңның 39-б.) бойынша сатып алуға келеді. Бұрын мұндай сатып алу Заң нормалары қолданылмай жүргізілетін. Қазір осы тәсілдің барлық рәсімдері (шақырулар жіберу, шарттарды жасасу және орындау) порталда ресімделеді, бұл олар бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Қалған 30 % (744 млрд.) - бұл өткізілмеген конкурс нәтижелері бойынша таңдалған бір көзден сатып алу. Бір көзден сатып алудың дәл осы түрінде үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Өткізілмеген конкурстардың негізгі үлесі, бұл шамамен 80 %, құрылыспен байланысты жұмыстарға келеді. Бұл құрылыс саласындағы жоғары бәсекелі орта болғанның өзінде. Осындай бір конкурсқа қатысушылардың орташа саны 7 – 8 компанияны құрайды.

Құрылыс сатып алулары бойынша жаппай өтінімдерді қабылдамау себептері негізінен жобалау-смета құжаттамасына байланысты. Конкурстық құжаттамалар көптеген растайтын құжаттарды табыс етуді талап етеді және ескі техниканы қамтиды.

Ресми себептермен қабылдамауға жол бермеу мақсатында біз сатып алуға қатысушыларға қойылатын талаптарды оңайлатамыз, мұнда оң тәжірибеге (бедел), салық жүктемесінің коэффициентіне екпін қойылады.

Тағы да бір маңызды проблема сатып алуға қатысушылардың көбісінің төмен біліктілік деңгейі болып табылады. Бұл сапасыз тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға әкеп соқтырады.

Аталған проблемаларды шешу алдын ала біліктілік іріктеу институтын кеңінен пайдалануда деп пайымдалады.

Қазірде мемлекеттік сатып алуда мұндай тәсіл тек бірінші күрделілік санаты құрылысы бойынша көзделген.

Осыған байланысты аталған сатып алу тәсілі арқылы сатып алынатын Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Бұдан басқа, Алдын ала біліктілік іріктеу Самұрық-Қазына Қорының сатып алуында да қалыптастырылатынын ескере отырып, кәсіпкерлердің қолайлылығы үшін іріктеу нәтижелерін өзара тану мәселесі пысықталуда.

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ

Бақытжан Әбдірұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес біз Инвестициялар және даму министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп отандық өндірушілерді қолдаудың мынадай тетіктерін әзірледік.

Бірінші,орталықтандырылған сатып алу жүйесін дамыту шеңберінде Жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп өнімін толықтыру жолымен (Жиһаз бойынша – Қаржы министрлігінің 22.02.2017 ж. бұйрығы, Жеңіл өнеркәсіп бойынша – Қаржы министрлігінің 13.06.2017 ж. бұйрығы) Бірыңғай ұйымдастырушы – ҚМ Мемлекеттік сатып алу комитеті арқылы сатып алынатын Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі кеңейтілді.  

Сонымен қатар үлгілік техникалық ерекшелікке сәйкес Жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп өнімін сатып алуды көздейтін ҚМ бұйрығы қабылданды.

Қазір Инвестициялар және даму министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Жиһаз бен Жеңіл өнеркәсіп өнімдері бойынша үлгілік техникалық ерекшеліктерді әзірлеуде, олардың негізгі талаптары материалдық-техникалық база мен өндіріс қуатының болуы тиіс.

Екінші, ұсақ сатып алуды бір ірі лотқа біріктіру мүмкіндігін көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл Жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп өнімін, сондай-ақ автокөлік пен басқа да тауар түрлерін жеткізу орнына қарамастан жиынтықта сатып алуға мүмкіндік береді. Яғни Бірыңғай ұйымдастырушы тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша лоттарды салалық тиістілігі бойынша (балабақшалар, мектептер, ауруханалар, әкімшілік мемлекеттік мекемелер) қалыптастыра алады, бұл сатып алуды стандарттауға мүмкіндік береді.

Үшінші, Заң жобасы шеңберінде Қаржы министрлігінің тапсырыс берушілер үшін сатып алу тәсілдерін анықтау жөніндегі құзыреті белгіленеді. Бұл тапсырыс берушілерді жиһаз бен жеңіл өнеркәсіп өнімін Алдын ала Біліктілік Іріктеуімен конкурс арқылы ғана сатып алуға міндеттеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте өндірістік базаның болуы алдын ала біліктілік іріктеуін өтудің басты өлшемшарты болып табылады.

 

ЗАҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, енді Мемлекет басшысының Жолдауын орындау үшін әзірленген заң жобасын қысқаша сипаттауға рұқсат етіңіздер.

Үкімет алдына екі міндет қойылды:

бірінші, бұл орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізу;

екінші, квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия мен жер қойнауын пайдаланушылар саласында сатып алуды жүргізу жөніндегі ұстанымдарды түбегейлі қайта қарау.

Заң жобасы 3 негізгі блоктан тұрады.

Бірінші,мемлекеттік сатып алуды орталықтандыруға қатысты.

Екінші, квазимемлекеттік сектордың сатып алуын реттеуге байланысты.

Үшінші, құқық қолдану тәжірибесінің қорытындысы бойынша әзірленген мемлекеттік сатып алуды жетілдіруге бағытталған түзетулер.

 

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ БОЙЫНША

Бұдан бұрын баяндалғандай, Орталықтандырылған сатып алу органдарын бар бірыңғай ұйымдастырушылар негізінде құру ұсынылады.

Республикалық деңгейде – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті.

Облыстық деңгейде – бұл облыстардың әкімдіктері жанындағы бар мемлекеттік сатып алу басқармалары.

Аудандық деңгейде бұл аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік сатып алудың қайта құрылған бөлімдері болады не осы функциялар аудандық әкімдіктердің қолданыстағы бөлімдеріне жүктелетін болады.

Жоғарыда санамаланған барлық деңгейлер үшін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбелері сатып алынатын тауарларды талдау негізінде және нәтижелерінде Қаржы министрлігі айқындайтын болады.

Сонымен қатар орталықтандырылған қызметтердің деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігі анық ашылатын болады.

 

КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫҢ САТЫП АЛУЫ БОЙЫНША

Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы бойынша төрт негізгі мәселені бекіту ұсынылады:

бірінші,бұл квазисектордың барлық субъектілері, оның ішінде Самұрық-Қазына, Бәйтерек, Қазагро үшін сатып алудың бірыңғай қағидаларын белгілеу;

екінші, квазимемлекеттік сектор сатып алуының мемлекеттің бақылауында болуын бекіту;

үшінші, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық заңнамасы арқылы сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жауапкершілігін белгілеу.

Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң аясына квазимемлекеттік сектордың сатып алуды реттеуді ешкім де қайтарайын деп отырмағанын есте сақтаған өте маңызды.

Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы үшін мемлекеттік сатып алуға қарағанда неғұрлым икемді болатын жеке қағидалар әзірленетін болады. Олар корпоративті сектордың озық іс-тәжірибелерін қамтитын болады.

Заң жобасы белгіленген тәртіпте барлық мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген және Үкіметке ағымдағы жылдың 15 мамырында енгізілген.

Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарға сәйкес заң жобасының Парламент Мәжілісіне енгізілу мерзімі ағымдағы жылдың маусымы деп айқындалды.

Заң жобасының тұжырымдамалық мәселелері бойынша Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары А.Ұ.Маминнің деңгейінде бірқатар кеңестер өткізілген.

Заң жобасы бойынша жұртшылықты тарта отырып, кең талқылау жүргізілген(А.Т. Перуашев,Е.С.Никитинская, Ш.Х.Хахазов, Ш.У.Нұрымов, Д.Н.Нұрманбетова).

Мемлекеттік органдарды және ұйымдарды, Мәжіліс депутаттарын, халықаралық сарапшыларды қоса барлық мүдделі тараптардың қатысуымен Дөңгелек үстел өткізілген(Еуропа Қайта құру және Даму Банкі).

Қорыта келгенде Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама лауазымды тұлғалар тарапынан болсын кәсіпкерлер тарапынан болсын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен теріс пайдалануға байланысты болғандықтан, үнемі жетілдіруді талап ететінін айта кеткім келеді.

Осыған байланысты, осы бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады.

 

Назарларыңызға рахмет.