Print previewPrint

ҚР ҚМ Алқасының кеңейтілген отырысында Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасыАстана қаласы, «Қазмедиа орталығы», 2017 жылғы 23 ақпан

2/23/2017

Алқасының кеңейтілген отырысында Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы

Құрметті қонақтар, әріптестер!

2016 жыл біздің мемлекетіміз үшін бір жағынан әлемдегі экономикалық дағдарыстан туындаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жүйелі де жедел шешу кезеңі болса, екінші жағынан келешекке бағытталған потенциалымызды және жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыру жылы болғаны өздеріңізге белгілі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттік» Жолдауынан туындайтын тапсырмаларға сай Министрліктің негізгі қызметінің бағыттарын айқындаймыз.

Біз әлемдегі қаржылық ведомстволардың бас жұмыс қағидаттарын ұстанып келеміз, ол – бюджет теңдестірілімін сақтау мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, елімізді қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету.

***

Қаржы министрлігі барлық іс-шараларды Мемлекет басшысы белгілеген нақты міндеттерге сәйкес орындады, оның ішінде бюджет қаражатын тиімді жұмсау және бақылау, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау және бизнес мүдделерін қамтамасыз ету бойынша  іске асырды.

Қаржы министрлігінің басымдықтары өткен жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тапсырмаларын іске асыруға негізделген. Министрлік 9 қадам бойынша негізгі орындаушы болып табылады, оның ішінде 3 қадам орындалды және 6 қадам белсенді іске асырылу сатысында. Жалпы алғанда оларды орындау   кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсарту, мемлекеттік қызметтерді сапалы орындау және т.б. бойынша міндеттердің кең аумағын қамтиды және шешеді.

Енді мен Министрліктің негізгі блогтары бойынша айтып өтемін және оны бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің параметрлерінен бастаймын.

I.                   бюджетТІҢ КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС БӨЛІГІ

2016 жылы мемлекеттік бюджеттің атқарылуы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің жоғары қарқынды өсуіне байланысты екені байқалды. 

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 101,1% атқарылды және 9,3 трлн.теңгені құрады. Бұл 2015 жылға қарағанда 1,7 трлн.теңге немесе 22%.

Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар (трансферттерді қоспағанда) 109,1% (4 582 млрд.теңгеге) атқарылды.

Артығымен орындау салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Олар күтілгеннен 382 млрд. теңгеге артық түсті. Сондықтан да Ұлттық қордан мемлекеттік трансферт азырақ алынды. Бұл ретте, болашақта республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт біртіндеп 2 880 млрд. теңгеден 2020 жылы 2 000 млрд. теңгеге дейін қысқартылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауды қаматасыз етеді. 

Жергілікті бюджеттің кірістері, сондай-ақ артығымен орындау жоспарына ие (102,4%) және өткен жылға оң өсім (117,7%).

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2015 жылға қарағанда 1,5 трлн.теңгеге артық жүргізілді. Атқарылу проценті 98,2%-ті құрады.

Республикалық бюджет бойынша жылдың қорытындылары бойынша  Үкіметтің бөлінбеген резервінің және үнемдеудің есебінен 110 млрд.теңгені сақтап қалдық. 36 млрд. теңге. игерілген жоқ. Келісімшарттарды жасасу шарттарының өзгеруі мен жұмыстар кестесінен кешігу себеп болды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 472 млрд. теңге немесе 100% игерілді.

Мемлекет басшысының 2015 жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес азаматтық қызметшілердің жалақы мөлшері, стипендиялар мен жәрдемақылар арттырылды, сондай-ақ зейнетақыларға индексация жүргізілді.

Кірістерді асыра орындау мен шығыстар бойынша үнемдеу есебінен республикалық бюджет бойынша – 158 млрд.теңге, жергілікті бюджеттер бойынша – 135 млрд.теңге кассалық қалдықтар қалыптастырылды. Олар ағымдағы жылдың 31 қаңтарындағы Жолдауда берілген тапсырмаларға сәйкес әлеуметтік төлемдерді арттыруға жолданатын болады.

Сонымен бірге ағымдағы жылы бюджет шығыстары тиімсіз бағдарламалардан Үшінші жаңғырудың міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады.

 

 

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӘНЕ

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ТУРАЛЫ

 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Веб-порталдың жаңа платформасы іске қосылды. Барлық мемлекеттік сатып алу мен жоспарлаудан бастап төлеумен аяқтағанда оның рәсімдері электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл айқындылық пен бизнес мүдделерін қорғауды арттырды.

Нәтижесінде бір конкурсқа қатысушылардың орташа саны 1-2 қатысушыдан 4 қатысушыға дейін ұлғайды. Шартты үнемдеу шамамен 3 есе, 43 млрд. теңгеден 127 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Тек өнім берушілердің ғана емес, сол сияқты тапсырыс берушілердің де жұмысын жеңілдету үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау жөніндегі құжаттар (шот-фактуралар, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету актілері) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы тек қана электрондық форматта ресімделіп жатыр. Мұның өзі шарттық міндеттемелерге ақы төлеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге ағымдағы жылы шешуді талап ететін бірқатар түйткілді мәселелер бар.

Біріншіден, Қаржы министрлігі Инвестициялар және даму министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жиһаз өнімдері мен жеңіл өнеркәсіп өнімдері сияқты екі тауар түрі бойынша отандық өндірушілерді қолдау тетігін әзірлеу үстінде. Мұның өзі отандық тауар өндірушілерден тауарларды барынша көп сатып алуға мүмкіндік береді.

Бұл тетік автокөлікпен ұқсастық бойынша Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы жүзеге асыру ұсынылып отыр. Бұл ретте білікті өнім берушілер тізілімін қалыптастыру міндеті тұр.

Екіншіден, орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізу жөнінде заңнамалық шаралар қатар қолданылады.

Үшіншіден, Мемлекет басшысы қадап айтқан маңызды мәселе квазимемлекеттік сектордағы, табиғи монополиялар мен жер қойнауын пайдалану салаларындағы сатып алуды өткізу тәсілдерін түбегейлі қайта қарау болып табылады.

Бүгінгі күнде әртүрлі сатып алу қағидалары осындай сатып алу рәсімдерінің жеткіліксіз ашықтық деңгейі, тиісті бақылау мен жауаптылықтың болмау себепітерінің бірі болып табылады.

Аталған мәселелерді шешу үшін Қаржы министрлігі 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде мүдделеі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп тиісті Заң жобасын әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар біз мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отырмыз. Бұл мәселе тікелей Қаржы министрлігіне тәуелді емес екенін түсінген жөн.

Десек те, біз заңнаманы жетілдіру және веб-портал жұмысын жаңғырту бойынша тұрақты түрде шаралар қолданамыз.

Атап айтқанда, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алу 100 % электрондық форматқа көшірілді, өтінімді өзара қарау енгізілді, конкурстық құжаттама алдын ала ашық талқыланады, шағым беру тетіктері күшейтілген, камералдық бақылау енгізілді.

Алдын алу практикасы енгізілді (39 мың мемлекеттік сатып алу сәйкес келтірілді, бұл ретте 10 мыңнан астам лауазымды тұлға бұзушылықтарды дербес өзі жойғаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатылды);

Бақылауды күшейту арқасында (конкурстарды 100% қамту) осы саладағы бұзушылықтардың азаюы үрдісі байқалады (2016 жылы 220 мыңнан аса конкурс камералдық бақылаумен қамтылған). Егер 2016 жылдың басында әр 3-ші мемлекеттік сатып алудың бұзушылығы болса, енді бүгінгі күнде әр 5-ші мемлекеттік сатып алуда бұзушылығы болады).

Бақылаудың жаңа нысаны сыбайлас жемқорлықты азайту, шаралардың алдын алуы мен кәсіпкерлер мүдделерін пәрменді қорғау мақсатында енгізілді.

Электрондық сатып алу форматы бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жою мақсатында осындай бақылауды қашықтан әрбір сатып алу кезеңінде жүргізуге мүмкіндік берді. Оның үстіне, бұл тек тәуекелдерді басқару жүйесіне ғана сүйене отырып, бақылау кезінде мүдделі тараптардың байланысын жоюға мүмкіндік берді.

Өткен жылдың маңызды жаңалығы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудитке көшуі болып табылады.

Алдын алу ықпалының – камералдық бақылаудың жаңа институтын енгізу өткен жылда 4 трлн теңге жалпы сомасында 226 мың мемлекеттік сатып алу рәсімін қамтуға мүмкіндік берді. Оның ішінде, конкурстарды өткізбеу және қорытындыларын қайта қарау жолымен 455 млрд. теңге сомасындағы бұзушылықтар жойылды. Жаңа форматта камералдық бақылау мемлекеттік аудит объектісіне бармай, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады, бұл 2016 жылдан бастап еліміздің барлық аумақтарында сәтті іске асырылуда.

 

ІІІ. МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ

 

            Жекешелендірудің «екінші толқыны» шеңберінде есепті кезеңде жалпы сомасы 105,7 млрд. теңгеге 394 объект сатылды. Бұдан басқа,жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша анықталған 105 ұйым, 2017 жылдың сату кестесіне қосымша енгізілетін болады.

 «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру бірінші кезекте шығыстарды қысқартуға, мемлекеттік қызметшілерді тән емес функциялардан босатуға және жеке бизнесті қолдауға бағытталған.

Пилоттық жоба табысты іске асырылды:Мемлекеттік мүлік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің теңгеріміне Қаржы министрлігінің ведомстволарынан ғимарат (642), автокөлікт (210), штаттан тыс қызметкерлер (1231) және оларды ұстауға арналған шығыстар (2,3 млрд. теңге) берілген.

2017 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен (1123) ғимараттар (1500), автомашиналар (2279), штаттан тыс қызметкерлер (4678), сондай-ақ оларды ұстауға арналған шығыстар(4,3 млрд. тенге) қабылданатын болады.

 

I.                   Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

 

Қаржы министрлігі 2016 жыл үшін 17,1 млн. теңгеге мемлекеттік қызметтер көрсетті.

Есепті кезеңде 3 рұқсат ету рәсімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді және хабарламалық тәртіппен 4 рәсім аударылды. 

Қазіргі таңда Министрлікте 59 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Бұл ретте, 40 көрсетілетін  қызмет немесе 68% электрондық нысанда көрсетіледі, оның 31-не «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы, яғни ХҚКО арқылы балама негізде қол жетімді.

Жыл бойы біз ХҚКО-ға тағы да жеті қызметті беруді жоспарлап отырмыз. 42 ірі орталықта есептілікті қабылдаудың және электрондық өндеудің, кезектерді басқару және сапаны бақылау жүйелері орнатылған.

 2016 жылдың қорытындысы бойынша электрондық нысанда ұсынылған салықтық есептіліктің үлесі 95%-ға дейін өсті, бұл ақпараттандырудың жақсы деңгейін сипаттайды.

 

II.                СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

 

 

Министрлікте тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қаржы жүйесінде сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша жүйелі жұмыс біртінделген және жоспарлы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына, жеке және заңды тұлғалар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастауға, рұқсат беру құжаттарының санын және оларды беру мерзімдерін қысқартуға негізделген.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және сыбайлас жемқорлық факторларын барынша төмендету жөнінде жүйелік шаралар кешенін қабылдау нәтижесінде 2016 жылы ең алдымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға мүмкіндік беру жағдайы ретінде мемлекеттік қызметті кір келтіретін қылықтары үшін тәртіптік практика күшейтілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстар жандандырылды.

Осы жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың толық жою бағытында одан әрі жүргізілетін болады. 

 

2017 жылға арналған басым міндеттер

 

Құрметті алқаға қатысушылар ағымдағы жылы біз мемлекет Басшысының Жолдауындағы дәлме дәл тапсырмаларды, сондай-ақ оның 2017 жылғы 3 ақпандағы Үкіметтің мәжілісіндегі берілген тапсырмаларды «Жол картасы» ескере отырып мынандай міндеттерді шешуді алға қоямыз.

 

Біріншіден 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастырған кезде бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қатаң тәсілдеме қолданылатын болады.

Екіншіден бюджетті атқару мониторингі күшейтілетін және бюджетті атқару рәсімдері оңайлатылатын болады. Есептеу әдісі бойынша бюджетті жасауды тұжырымдамалық үлгісі және болжамдық қаржылық есептіліктің форматтарын әзірлеу жөнінде жұмыстар басталады.

Үшіншіден кәсіпкерлік шығындарды төмендету үшін салықтық кедендік салада тіркеу, төлеу, декларациялау, есептілікті беру және тексеру бөлігінде жеңілдетілген шаралар қабылданатын болады. Мұның бәрі ақпараттық жүйелерді кезең – кезеңмен енгізу арқылы қол жетімді болады. Сол сияқты жаңа кеден және салық кодекстері үшін әкімшілендіруді түбегейлі оңайлату, тиімсіз салық жеңілдіктері мен артықшылықтарды  жою бөлігінде ұсыныстар дайындау қажет.

Төртіншіден мемлекеттік сатып алу саласында өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға екпін жасай отырып заңнаманы одан әрі жетілдіру және рәсімдерді оңайлату бойынша шаралар қабылданатын болады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың наурыз айының аяғына дейін «пилоттық» жобаларда  қазынашылық органдарында кәсіпкерлі субьектілерге арнайы шоттар ашу арқылы мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді енгізуді қамтамасыз ету қажет. Орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін енгізу жөнінде заңнамалық шараларды қабылдау, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда, табиғи монополиялар және жер қойнауын пайдалану саласында сатып алуды жүргізу жөнінде тәсілдемені қайта қарау талап етіледі. Осылайша сатып алуды орталықтандыру арқылы жаңа құралдар және өнім берушілерді сыныптау алдындағы іріктеу қолданылатын болады. Автомобильдер бойынша былтырға жылғы пилотқа бірінше жарты жылдықта біз жиһаздарды және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін алып сатарлардан емес, нақ өндірушілерден ғана сатып алуды бастаймыз.

Бесіншіден бюджеттік қаражатқа бақылау жасау кезінде камералдық бақылау және мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызмет рөлі күшейтілетін болады.

Алтыншыдан Жекешелендірудің кешенді жоспарымен көзделетін кәсіпорындарды  жекешелендіру процесін 2018 жылдың аяғына дейін аяқталады, сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айының аяғына дейін құқық қорғау органдарының орнын қоспағанда мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын қолдану қамтамасыз етіледі.

Және де ең соңында, жетіншіден, мемлекеттік қаржыны және активтерді басқару саласында жүзеге асырылатын барлық рәсімдерді цифрлық форматқа ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Қаржы министрлігі және оның жүйелері – бұл жаңа технологияларды қолдану үшін, әсіресе ақпараттандыру саласында қуатты ресурс. Сондықтан Қаржы министрлігі ең жақсы практикаларды қолдана отырып, елімізде цифрлық экономиканы қалыптастыру үшін драйвер ретінде әрекет етеді. 

Құрметті қонақтар, әріптестер!

 

Ағымдағы жылы Министрлік Мемлекет басшысының  және Үкіметтің мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану және оны нығайту бағытында айқындаған барлық міндеттерін орындауды жалғастыратын болады.

Бюджеттік көрсеткіштердің тұрақты қалыптасқан жағдайын алдағы кезеңде де сақтауға күш жұмсайтын боламыз.

Назарларыңызға рахмет!