Print previewPrint

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі А. Смайыловтың ҚР Үкіметі отырысында "2019 жылдың төрт айындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетінің атқарылу қорытындылары туралы" мәселесі бойынша баяндамасы

5/14/2019

Әлихан Смайылов Үкіметті ағымдағы жылдың 4 айындағы ҚР Мемлекеттік бюджетінің орындалуы туралы хабардар етті.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке  3 трлн.993 млрд.теңге түсімдер жиналды.

Шығыстар 4 трлн.128 млрд.теңгеге атқарылды.

Бюджет тапшылығы 134 млрд.теңгені құрады.

1 мамырға 316 млрд.теңге кассалық қалдықтар қалыптасты.

Енді, бюджет жүйесінің әр деңгейінде негізгі көрсеткіштердің атқарылуы туралы толығырақ бяндайын.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 103,9%-ке, олардың ішінде республикалық кірістер – 100,9%-ке, жергілікті бюджеттер – 113,5%-ке асыра орындалды.

Республикалық бюджетке 2 127 млрд.теңге кірістер түсті. Бұл жоспардан 19 млрд.теңгеге, ал былтырғы жылдың төрт айының көрсеткішінен 345 млрд.теңгеге  артық. Өсу қарқыны 119,4%.

Артық орындалу сомасы негізінен салықтық емес түсімдерге – 13 млрд.теңге.

Олардың ішінде 4,1 млрд.теңге мемлекеттік меншіктен түскен кірістерге, 7,4 млрд.теңге  айыппұлдарға, өсімдерге келеді.

Ал, салықтар  4,3 млрд.теңгеге асыра орындалды.

Іште өндірілетін тауарларға салынатын қосымша құн салығы жоспардан 15 млрд.теңгеге, табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер – 6,5 млрд.теңгеге, халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар – 17 млрд.теңгеге артық орындалды.

Бірақта, корпоративтік табыс салығы – 17 млрд.теңгеге, импортқа салынатын қосымша құн салығы – 21 млрд.теңгеге орындалмады.

Корпоративтік табыс салығының жоспарының орындалмауына  әлі де болса екінші деңгейдегі банктердің табыстарының төмендеуі, банкроттыққа ұшырауы, лицензияларды кері қайтарып алуы себеп болуда.

 Одан басқа  уран және тау-кен өндіруші компаниялардың  өткізу бойынша айналымдарының, табыстарының төмендеуі де әсер етті.

Импортқа салынатын қосымша құн салығының жоспарының  орындалмауына келесі факторлар ықпал жасады: бірқатар салық төлеушілердің түсімдерінің азаюы ("Қытай мұнай инженерлік-құрылыс корпорациясының"  Қазақстандағы филиалы бойынша  6 221,5 млн.теңге, "ТДА Транзит К" ЖШС  3 227,2 млн.теңге ж.т.б.), 2018 жылдың 4 айында түскен біржолғы сомалар ("CNLC International Kazakhstan Inc  ЖШС - 0,6 млрд.теңге, "High Technology Systems" ЖШС -0,3 млрд.теңге ж.т.б ) және қайтару, артық (қате) төленген сомаларды өзара есепке алу.

Жергілікті бюджетердің өз кірістері  91 млрд.теңгеге артығымен орындалып, 761 млрд.теңгені құрады.

Асыра  орындалу сомасының 74 млрд.теңгесі жергілікті салықтарға келеді.

Манғыстау облысы (90,9%) және Шымкент қаласында (89,6%) кірістердің жоспары орындалмады.

Қалған өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды.  Олардың ең ірі сомалары Алматы қаласында
(41 млрд. теңге) және Атырау облысында (23 млрд.теңге) қалыптасты.

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫСТАРЫ БОЙЫНША

Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,8%-ке, республикалық – 98,3% және жергілікті бюджеттер -  98%-ке атқарылды.

Республикалық бюджет шығыстары 3 647 млрд.теңгені құрады. Бюджет қаражаты  65 млрд.теңгеге атқарылмады.

Бұл сома өткен жылдың   тиісті кезеңімен салыстырғанда 32 млрд.теңгеге  аз (2018 ж. 1 мамыры – 97 млрд.теңге атқарылмаған). Оның  10 млрд.теңгесі үнемдеу болады. Ал, игерілмеу сомасы 55 млрд.теңгені құрады.  

Негізгі себептері: мемлекеттік мекемелердің қайта құрылуы (таратылуы), конкурстық процедуралардың ұзақ және  уақытылы өткізілмеуі, жұмыстардың белгіленген кестеден қалуы, келісім-шарттар мен қосымша шарттардың қазынашылық органдарына тіркеуге кеш әкелінуі.

Анағұрлым көп игерілмеу келесі мемлекеттік органдарда қалыптасты:

Қорғаныс министрлігі – 7,8 млрд.теңге,

Білім және ғылым – 7,8 млрд.теңге,

Ішкі істер  - 5,1 млрд.теңге.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары  1 405 млрд.теңгеге игерілді.  Атқарылмау сомасы 29 млрд.теңгені құрады.  Бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5 млрд.теңгеге көбірек.

Неғұрлым көп игерілмеу келесі өңірлерде қалыптасты:  Маңғыстау облысы – 9,8 млрд.теңге, Шымкент қаласы - 3 млрд.теңге, Атырау облысы – 2,3 млрд.теңге.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттердің көлемі 1 638,2 млрд.теңгені құрайды.

Жақындағы бюджетті нақтылау кезінде нысаналы трансферттердің сомасы  873 млрд.теңгеге ұлғайды. 

 Олар азаматтық қызметшілердің, оның ішінде мұғалімдердің, медицина, әлеуметтік сала  қызметкерлерінің  жалақысын өсіруге, көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек шараларын күшейтуге, оларға тұрғын үйді салуға, «Ауыл-Ел бесігі»,  «Жас маман» жобаларын іске асыруға,бағытталды.

Есепті кезеңде жергілікті бюджеттерге  266 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 13 млрд.теңге  жаңадан бөлінген қаражаттар атаулы әлеуметтік көмекке және  тұрғын үйді салуға аударылды.

Алдын ала деректер бойынша (26 сәуірге) жергілікті атқарушы органдармен олардың  96,5% -і игерілді, яғни 256,8 млрд.теңге.  

9,4 млрд.теңге орындалмаған, оның ішінде  1,4 млрд.теңге үнемдеу.

 Жұмыстардың бекітілген кестеден қалуына,  шот–фактуралардың уақтылы ұсынылмауына, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерінің ұзақ өткізілуіне және  мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстарға  баланысты 8  млрд.теңге игерілмеген. 

Ең көп игерілмеу қалыптасты: Шымкент қаласы – 1,8 млрд.теңге, Манғыстау – 0,8 млрд.теңге; Атырау – 0,7 млрд.теңге, Нур-Султан қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан областарында  – 0,6 млрд.теңгеден.

Қосымша бөлінген қаражаттың 55 млрд.теңгесі өңірлерге әлі бөлінген жоқ.

Ол келесі министрліктерге келеді:

Ауыл шаруашылығы министрлігі – 16,9 млрд.теңге  малдарды, техника мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;

Ұлттық экономика - 16,3 млрд.теңге «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында  әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту - 12,1 млрд.теңге "Нұрлы жер" бағдарламасы шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға;

Еңбек және әлеуметтік қорғау - 9,7 млрд. теңге азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға.

Осы сомаларды 1 маусымға дейін өңірлерге бөлу қажет деп ойлаймын.

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША

4 айдың  қортындысы бойынша камералдық бақылаумен жалпы сомасы 3 трлн. 603 млрд.теңгеге  592 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды.

Тексеру қорытындысы 11 855 процедура бойынша сомасы 191 млрд.теңгеге мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзушылығы анықталды.

Осы бұзушылықтарды жою үшін аудит объектілеріне 11 758 хабарлама жолданды.

Нәтижесінде 175 млрд.теңгеге бұзушылықтар түзетілді.

Осымен қатар, 1 139 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.

Олар 234 млрд.теңге бюджет қаражатын қамтыды.

32 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу, есеп бойынша көрсету жолымен 27,6 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар қалпына келтірілді.

Аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 980 ұсыныс берілді. Олардың 566 орындалды.

Аудиттің қорытындылары бойынша сомасы 19,1 млрд.теңгеге 157 материал процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ БОЙЫНША

Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 125 объекті сатылуы тиісті.

Есепті кезеңде 83 объекті сатылуға қойылды.

Олардың 25 объектісі 31 млрд.теңгеге сатылды. 58 объекті  әлі  сатылуда.

Екі объекті бойынша қайта құру және тарату жөнінде шешім қабылданды.

Жыл соңына дейін 40 объекті сатылуы қажет.

Өткен төрт айдағы мемлекеттік бюджеттің атқарылуының қортындылыры осындай көрсеткіштермен сипатталады.

 

Назарларыңызға рахмет!