Print previewPrint

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына баяндама Астана қ-сы, Мәжіліс Парламенті, 14 маусым 2017 жыл

6/14/2017

2016 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы

Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің қарауларыңызға 2016 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы енгізіліп отыр.

Хаттама 2017 жылғы 17 наурызда Мәскеуде жасалынды.

Осы Хаттамамен Қырғыз Республикасына техникалық жәрдем көрсету іс-шараларының тізбесін (шығыстар сметасы) келісуін жеңілдету мақсатында көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізіліп отыр.

Өзгерістер нақтылау сипатына ие, Қырғыз Республикасы ұсынатын құжаттардың тізбесі жеңілдетілді.

Бұл нақтылаулар Қазақстан тарапынан Қырғыз еліне техникалық жәрдем көрсету шеңберіндегі жүргізілетін жұмыстарын уақытылы және сапалы іске асыру үшін әзірленді.

Аталған Заң жобасы ратификациялауға жатады және Қырғыз Республикасына жәрдем көрсету мәселесі жөніндегі құжаттар пакетінде қарастырылып отыр.

Көрсетілген заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Рахмет!