Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Б. Ш. Шолпанқұловтың "2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысындағы баяндамасы

9/12/2019

Сіздердің қарауларыңызға елдің 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Б. Ш. Шолпанқұловтың "2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысындағы баяндамасы

 

Сіздердің қарауларыңызға елдің 2024 жылға дейінгі  әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы ұсынылды.

Бюджет жобасын қалыптастырудың басты қағидаты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары шеңберінде елдің алдына орта мерзімді кезеңге қойылған бағыттар мен міндеттерді дәйекті іске асыру болып табылады.

Бюджет жобасының контекстінде негізгі міндеттерді орындауға тоқталамын.

Міндет: макроэкономикалық тұрақтылықты және бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету

СЛАЙД 3

Республикалық бюджетті жоспарлау негізіне салынған базалық макроэкономикалық сценарий ЖІӨ-нің үдемелі өсуін, инфляцияның орташа жылдық дәлізінің 2022 жылы 3-5%-ға дейін төмендеуін қамтамасыз етеді.

2020 жылға арналған бюджет тапшылығы 2022 жылы 1%-ға дейін төмендетіліп, ЖІӨ-нің 2,1%-ы деңгейінде жоспарланды.

Бюджет жобасында Ұлттық қордан нысаналы трансферт тарту көзделмеген.

Жаңа әлеуметтік бастамаларды іске асыруды және өңірлерді дамытуды жалғастыра отырып, Елбасының тапсырмасы бойынша кепілдік берілген трансферт 2020-2021 жылдары 1,1 трлн. теңгеге ұлғайтылды. 

2022 жылдан бастап ол кезең-кезеңмен 2 трлн. теңгеге төмендейтін болады.

Заң жобасында ол 2020-2021 жылдары 2,7 трлн. теңге және 2022 жылы 2,6 трлн. теңге сомасында көзделген.

Мұнайлы емес түсімдердің көлемі ағымдағы жылдың жоспарына 1 трлн.теңгеге немесе 15%-ға өсіммен 2020 жылға
7,5 трлн.теңге мөлшерінде жоспарланған.  

Ағымдағы жылы 2018 жылмен салыстырғанда ол 1,2 трлн. теңгеге ұлғайды.

Мұнайлы емес түсімдер көлемінің ұлғаюы салық түсімдері тұрақтылығының нығайғанын көрсетіп отыр.

Экономиканың даму қарқынының артуы, кедендік және салықтық әкімшілендірудің жақсаруы және оларды цифрландыру өзгерістердің негізгі факторлары болды.

Осы бағыттағы жұмыс салықтық және кедендік ақпараттық жүйелер кешенін біріктіру жолымен жалғасуда.

Бұл ретте шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының түсімдері жергілікті бюджеттер базасына берілді.

Тапшылықты төмендету, мұнайлы емес сектордан түсетін кірістердің өсуі және Ұлттық қордың қаражатын шектеулі пайдалану мұнайлы емес тапшылықты 2020 жылы ЖІӨ-ге 7,0%-ға дейін және 2022 жылы ЖІӨ-ге 5,1%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендетуге мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) үш жылдық кезеңде:

         2020 жылы - 8,0 трлн. теңге немесе ЖІӨ-ге 10,7%;

         2021 жылы - 8,6 трлн. теңге немесе ЖІӨ-ге 10,6%;

2022 жылы - 9,4 трлн. теңге немесе ЖІӨ-ге 10,6% құрайды.

Міндет: фискалдық орталықсыздандыру және өңірлердің дербестігін арттыру

Әкімдерді экономикалық ынталандыруды күшейту, олардың қаржылық дербестігі мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде жауапкершілігін кеңейту үшін бюджет жобасын қалыптастыру кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен корпоративтік табыс салықтарының түсімдерін жергілікті деңгейге беру жүзеге асырылды.

Жалпы алғанда берілген түсімдер 1,4 трлн. теңгені, оның ішінде 2020 жылға 403 млрд. теңгені құрады.

Аумақтардың салықтық әлеуетін күшейту жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін қайта қараумен және бұрын нысаналы трансферттермен қаржыландырылған бірқатар шығыстарды жергілікті бюджеттердің базасына берумен бір мезгілде жүзеге асырылады.

Тұтастай алғанда жергілікті атқарушы органдардың базасына 2,6 трлн. теңге, оның ішінде 2020 жылы 729 млрд. теңге шығыстар көлемі берілді.

Мәселен, өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру және тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін 2020-2022 жылдарға 6,8 трлн. теңге сомасында, оның ішінде 2020 жылға – 2,2 трлн. теңге сомасында субвенциялар көзделген.

Үш жылдық кезеңде нысаналы ағымдағы трансферттер және даму трансферттері түріндегі шығыстар 3,6 трлн. теңгені, оның ішінде 2020 жылы 1,4 трлн. теңгені құрайды.

Жалпы алғанда 2020 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 3,6 трлн.теңге бөлінеді. теңге, бұл бюджеттің жалпы шығыстарының шамамен 28%-ы.

 

Құрметті депутаттар, Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге табысқа салынатын салықтан босатуды тапсырғанына назар аудартқым келеді.

Үкімет тапсырманы іске асыру тетігін пысықтағаннан кейін бюджет параметрлерінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін. Ол туралы біз жұмыс тобының отырыстарында бюджетті қарау кезінде егжей-тегжейлі баяндаймыз. 

Міндет: бюджет шығыстарын тиімді жұмсау

Бюджет жобасын қалыптастыру кезінде Президенттің тапсырмаларын іске асыру мақсатында бірқатар бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді.

- имидждік шығындарды оңтайландыру;

- мемлекеттік тапсырмаларды мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік тетіктеріне көшіру және шығыстарды оңтайландыру арқылы қысқарту;

- тиімсіз шығыстарды басым бағыттарға қайта бағдарлау.

* * *

Жоғарыда айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында:

1) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;

2) экономиканы жаңғырту және әртараптандыру;

3) тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалы жаңарту мемлекеттік шығыстардың басым бағыттары болып қала береді.

Республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы ағымдағы жылдың жоспарымен салыстырғанда 809 млрд. теңгеге өсіп, 12,7 трлн.теңгені құрайды (2021 жылы - 13,2 трлн. теңге, 2021 жылы – 13,6 трлн. теңге).

* * *

Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру

Бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Үш жылдық кезеңде әлеуметтік блоктың шығыстары 18,2 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылға 5,7 трлн. теңге немесе шығыстардың жалпы көлемінің 44,7 %.

2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 47,6 % құрайды.

Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға және ел азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге келеді.

Мәселен, жоспарланған кезеңде осы бағытқа 11 трлн. теңге жоспарланған, оның ішінде 2020 жылы – 3,4 трлн.теңге.

Аталған шығыстардың елеулі үлесін әлеуметтік төлемдер құрайды, оған үш жылдық кезеңге 10,7 трлн. теңге, оның ішінде 2020 жылы – 3,3 трлн. теңге көзделген.

2019 жылғы деңгейге қарағанда әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 304,4 млрд. теңгеге ұлғайды.

Бюджет шығыстары инфляция деңгейін 2 пайызға еңсере отырып зейнетақы және инфляция деңгейіне барабар индекстеу арқылы жәрдемақы төлеуге бағытталатын болады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларының тиімді жүйесін құру мақсатында Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Үш жылдық бюджетте оны іске асыруға 58,2 млрд. теңге, оның ішінде 2020 жылға – 18,9 млрд. теңге жоспарланған.

Алдағы кезеңде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасады, оған 3 жылдық кезеңге 186 млрд.теңге, оның ішінде 2020 жылға - 82,8 млрд. теңге жоспарланған.

2020-2022 жылдарға денсаулық сақтау жүйесіне арналған шығыстар 4,7 трлн. теңге, оның ішінде 2020 жылы - 1,5 трлн. теңге немесе ағымдағы жылдың деңгейіне 319,7 млрд. теңгеге өсіммен.

Аталған өсім негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшумен және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медицина қызметкерлерінің еңбекақысының ұлғаюымен байланысты.

Жалпы, 2020-2022 жылдарға арналған медициналық көмек көрсетуге арналған шығыстар көлемі 4,1 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылы – 1,3 трлн. теңге, бұл ағымдағы жылдың деңгейінен 216,6 млрд. теңгеге жоғары.

2020 жылдан бастап жаңа Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарлануда.

Мәселен, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2020-2022 жылдарға 336,5 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген, оның ішінде 2020 жылға – 71,8 млрд. теңге:

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру – 66,6 млрд. теңге;

- Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізу - 5,1 млрд. теңге.

Нұр-Сұлтан қаласында онкологиялық орталықтың құрылысын жалғастыруға бюджет жобасында 56,9 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 2020 жылға – 45,2 млрд. теңге.

Білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2 трлн. теңге, оның ішінде 2020 жылға – 570,0 млрд. теңге көзделген.

2020 жылы білім беру саласындағы 230 млрд. теңге сомасындағы бюджеттің негізгі шығыстары экономика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Бірінші Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы әзірленді, оны іске асыруға бюджетте 453,5 млрд. теңге, оның ішінде 2020 жылға – 94,6 млрд. теңге көзделген.

2020 жылдан бастап орта білім беруді жан басына шаққанда қаржыландыруды толық ауқымды енгізуді жүзеге асыру жоспарлануда.

Үш жылдық кезеңде оны іске асыруға 224 млрд. теңге, оның ішінде 2020 жылға - 54,5 млрд. теңге көзделген. 

2022 жылдың соңына дейін жаңа студенттік жатақханалар құрылысын қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет жобасында үш жылдық кезеңге 75 мың орындық, оның ішінде 2020 жылы – 20 мың орындық жатақхананы іске қосу бойынша шығыстар жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта жатақханаларда 10 414 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға 31 шарт жасалды, 2019 жылдың соңына дейін жалпы 5 000 орынды енгізу жоспарлануда.

Президент үш ауысымды оқытуды шешу және 2022 жылдың соңына дейін апатты мектептерді жою міндетін қойды.

Осы мақсаттарға 286,8 млрд.теңге сомасында шығыстар, оның ішінде 2020 жылы – 87,1 млрд. теңге жергілікті бюджеттер базасына берілді.

Ғылымға, барлық мемлекеттік органдар бойынша 2020 жылы шығындар 49%-ға ұлғайып, 63,7 млрд.теңгені құрады, жалпы үш жылға 211,8 млрд. теңге салынды.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, республикалық бюджет шығыстары шеңберінде жастарды қолдауға 167,2 млрд. теңге, оның ішінде 2020 жылға – 70,4 млрд. теңге көзделген, олар мыналарға:

- жалға берілетін тұрғын үй құрылысына - 7,2 млрд. теңге;

- «Жас кәсіпкер» бағдарламасын іске асыруға - 13,4 млрд. теңге (оқыту, инновациялық гранттар, жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған гранттар);

- «Дипломмен - ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруға -15,8 млрд. теңге;

- волонтерлік қызмет үшін стипендияларды арттыруға -
3,2 млрд. теңге; 

- «Жас маман» бағдарламасын іске асыруға - 27,8 млрд. теңге;

- жас ғалымдар үшін ғылыми гранттарды ұлғайтуға - 3 млрд. теңге бағытталған.

2020-2022 жылдарға мәдениет пен спортты дамытуға 304,7 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 2020 жылға – 120,1 млрд. теңге, бұл ағымдағы жылдың деңгейінен 24,8 млрд. теңгеге жоғары.

Осы шығыстар театрлардың, мұражайлардың, кітапханалардың және мұрағаттардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, спортты қолдауға және дамытуға, кадрлар даярлауға, туризмді дамытуға, фильмдер шығаруға, сондай-ақ маңызды ұлттық жобаларға бағытталған.

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысын арттыру мақсатында қазіргі уақытта қажетті есеп айырысуларды дайындау жүзеге асырылуда. Қосымша қаржыландыру мәселесін депутаттық корпуспен бірлесіп қарау ұсынылады.

Маңызды ұлттық жобаларды іске асыруға бюджеттен
3,8 млрд. теңге қарастырылған. Бұл Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фараби мерейтойы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бойынша 2020 - 2022 жылдарға 190,5 млрд.теңге жоспарланған, оның ішінде 2020 жылға 65,1 млрд. теңге келеді, бұл 2019 жылғы деңгейден 5,0 млрд. теңгеге жоғары.

Шығыстардың артуы Токио – 2020 Олимпиада ойындарын трансляциялауға лицензиялық құқықтардың алынуымен, футболдан Еуропа чемпионатын трансляциялаумен және 2020 жылы «Barimiz birge» еріктілер жылын өткізумен байланысты.

* * *

Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру, тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалы жаңарту

Орта мерзімді кезеңде осы бағыт бойынша 4,9 трлн. теңге, оның ішінде 2020 жылға – 2,0 трлн. теңге.  теңге немесе бюджеттің жалпы шығысына 16% көзделген.

Экономиканы әртараптандыру, технологиялық тізбектерді дамыту, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 289 млрд.теңге, оның ішінде 2020 жылға – 195,4 млрд. теңге көзделген.

Бұл қаражат ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға, индустрияландырудың жаңа жобаларын қаржыландыруға, шикізаттық емес экспортты қолдауға, кредиттеуге, сондай-ақ инвестициялар тартуға және өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында инновацияларды дамытуға бағытталатын болады.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ жеңілдікті қаржыландыруға жалпы сомасы - 194,8 млрд.теңге, оның ішінде 2020 жылы – 134,8 млрд. теңге шығыстар көзделген.

Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды.

Бизнесті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2025 жылға дейін 271,4 млрд.теңге талап етіледі, оның ішінде 2020-2022 жылдары осы соманың 54%–дан астамы немесе
146,1 млрд. теңге бөлінеді (2020 жылы – 48,4 млрд. теңге, 2021 жылы – 50,3 млрд. теңге, 2022 жылы – 47,4 млрд. теңге).

Бюджет қаражаты шеңберінде әлемдік нарықтардағы базалық салалардың ұстанымдарын нығайту жалғастырылатын болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне аграрлық секторды дамыту үшін үш жылдық кезеңге 1,0 трлн. теңге, оның ішінде 2020 жылға - 357,6 млрд.теңге көзделген.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға
291,8 млрд. теңге сомасында қаражат көзделген.

Бағдарлама шеңберінде агроөнеркәсібі кешені  субъектілерін 156,8 млрд. теңге көлемінде субсидиялау жалғастырылатын болады, оның ішінде:

 - инвестициялық субсидиялау - 66,5 млрд. теңге;

 - сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 82,5 млрд. теңге.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін                   70 млрд. теңге, агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарына кредит беру үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамын капиталдандыруға 30 млрд. теңге көзделген.

 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға үш жылдық кезеңге 359,0 млрд.теңге, оның ішінде 2020 жылға - 245 млрд. теңге жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандардың арасынан әлеуметтік жағынан осал жіктерге, аз қамтылған көп балалы отбасылар және жұмыс істейтін жастар үшін сатып алмай жалға берілетін тұрғын үй салуға және алуға 90 млрд.теңге көзделген.

Газ тасымалдау жүйесін дамытуға үш жыл ішінде
123,8 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде 2020 жылға – 45 жобаны іске асыруға 43,2 млрд. теңге, оның 40-ы жалғасатын және 5-еуі жаңа.

Ағымдағы жылы 171 елді мекенді қамтитын және 2,7 миллион адамды «көгілдір отынмен» қамтамасыз ететін «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы аяқталады.

Газ тарату желілерін салу мәселесі республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу есебінен шешіледі. Сондай-ақ, бюджетке түсетін жүктемені төмендету мақсатында инвесторларды тарту мәселесі пысықталуда.

2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қарағанды облысының және Нұр-Сұлтан қаласының газ тарату және орамішілік желілерін салуға 67,9 млрд.теңге көзделген.

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Еліміздің экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардың қала маңы мен шеттерінің негізгі рөлін атап өтті.

Өңірлер, оның ішінде моно- және шағын қалалар тұрғындарының өмір сүру және өмір сүру сапасын жақсарту үшін неғұрлым қолайлы орта құру мақсатында Әлеуметтік және инженерлік объектілерді жаңғырту және салу жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Осы мақсаттарға 2020-2022 жылдары республикалық бюджетте жыл сайын 30 млрд.теңгеден көзделген.

2020-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға жыл сайын өңірлер бойынша қаражат бөлмей 30 млрд. теңгеден көзделген.

Бұл шығыстар инфрақұрылымды жаңғыртуды жүргізуге және өңірлік стандарттарға 3 477 ауылды жеткізуге мүмкіндік береді.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды 100 млрд.теңгеге дейін жеткізу мақсатында үш жылдық кезеңге 113,3 млрд. теңге жоспарланған.

2020 жылға арналған республикалық бюджетте
67,8 млрд.теңге көзделген, жергілікті бюджет есебінен
32,2 млрд. теңге бөлінетін болады.

Осы шығыстар 2020 жылы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 63,4%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қалалық сумен жабдықтау және су бұруға үш жылдық кезеңге 123,1 млрд.теңге жоспарланған, оның ішінде 2020 жылға – 47,2 млрд. теңге.

Бұл шығыстар 2020 жылы халықтың қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуін 97,5%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2020-2022 жылдары көлік инфрақұрылымын дамытуға                   1,4 трлн. теңге, оның ішінде 2020 жылы – 541,4 млрд. теңге.

Оның ішінде автожол саласын дамытуға 449,3 млрд.теңге көзделген.

Өңірлік ұтқырлықты жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу және қайта жаңартуға 2020 жылға
116,4 млрд.теңге көзделген .

Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ескере отырып, осы мақсаттарға арналған шығындар 200 млрд.теңгеге дейін жеткізілетін болады.

2020-2022 жылдары «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жалпы сомасы 63,2 млрд.теңге, оның ішінде 2020 жылы – 32,3 млрд. теңге шығыстар көзделген.

* * *

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті қорғауға және ішкі тұрақтылықты қолдауға, дағдарысты жағдайларда халықты қорғау мен басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге үш жылдық кезеңге 4,3 трлн.теңге көзделген, оның ішінде 2020 жылға – 1,5 трлн. теңге.

* * *

Елбасы мен Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын ескере отырып, қалыптасқан республикалық бюджет жобасының, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізгі параметрлері осындай.

* * *

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында айтылған іс-шараларды іске асыруға 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 6,8 трлн.теңге, оның ішінде 2020 жылға 2,4 трлн. теңге көзделген.

2020 жылға бюджеттен қосымша қажеттілік 23,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

- «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының бағыттарын кеңейту - 4,2 млрд. теңге;

- мәдениет қызметкерлерінің жалақысын арттыру -
4,7 млрд. теңге;

- тұрғын үй қорын жаңғыртуға және жөндеуге бюджеттік кредиттер - 15,0 млрд.теңге.

Осы шығыстарды Парламент қабырғасында қарау ұсынылады.

Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешен бойынша, микро- және  шағын бизнес компанияларын кірістерге салық төлеуден босату және басқа да бірқатар іс - шаралар бойынша есептеулер өткізілуде және тетіктерді әзірлеу жүргізілуде, олар бойынша  түзетулерді бюджет жобасын Парламент Мәжілісінде талқылау барысында қарау ұсынылады.

 

Құрметті депутаттар!

2017 жылдан бастап Есеп комитеті бюджет жобасына алдын-ала бағалау жүрзігеді, бұдан басқа Парламентте 2018 жылға есепті қорғадық.

Біз барлық ескертулерді критикалық бағалауға тырыстық.

Жасалынған жұмыс нәтижелері бойынша қысқа тоқталып кетейін.

Бірінші. Экономика дамуының пессимистік сценарийі жағдайына іс-шаралар жоспары әзірленді.

Екінші. Салықтық әкімшілендіруді жетілдірумен байланысты мұнайлы емес кірістерді ұлғайту бойынша қосымша шаралар дайындалды.

Үшінші. Үш ауысымды және апатты мектептер, оқушы орнының тапшылығы бар проблемаларын шешу механизмі жетілдірілді.

Төртінші. Дәрі-дәрмекті сатып алуға шығыстарды жоспарлау қайта қаралды.

Бесінші. Қаражаттарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялауды қазынашылық сүйемелдеумен іске асыру сұрағы пысықталып жатыр.

Алтыншы. «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде аймақтарға шығыстар олардың нақты қажеттілігін ескере отырылып дифферециалды түрде бөлінді.

Жетінші. «Әділет» нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасқан «Зерттеулер базасын» оған қожетімділікті кеңейте отырып мазмұнды толықтыру қамтамасыз етілді.

Сегізінші. Кедендік бақылау кезінде тәуекелерді басқару жүйесінінің критерийлері қайта қаралды.

Тоғызыншы. Бюджет заңнамасын жетілдір бойынша жұмыс жалғастырылып жатыр.

Бюджет құжаттарының ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажет шаралар қабылдануда.

Жеке ұсынымдар бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіледі.

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

Конструктивті диалогқа дайынбыз, себебі Парламенттің, Үкіметтің, Есеп комитетінің және Қазақстан халықының мақсаттары бір – еліміздің өркендеуін және дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Жұмыс топтары мен комитеттердің отырыстарында үш жылға арналған республикалық бюджет бойынша барлық ақпаратты ұсынамыз және сұрақтарға жауап береміз.

Назарларыңызға рахмет!