Print previewPrint

Қаржы министрлігінде «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, сондай-ақ Министрліктің 2017 жылғы 1-тоқсандағы қызметін қорытындысын шығаруға арналған алқа отырысы болып өтті

4/27/2017

Қаржы министрлігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына арналған алқа отырысы болып өтті.

ҚР Қаржы министрлігінде 2017 жылғы 1-тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша алқа отырысы болып өтті. Отырыста Министрліктің алдында Мемлекет басшысының 3.0 Жаңғыру Жолдауын іске асыру шеңберінде міндеттер талқыланды.
 
Отырыс барысында, Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бюджеттің кіріс бөлігін атқару бойынша оң серпін сақталып отырғаны жөнінде атап өтті. Мәселен, министр есепті кезеңге салықтар жинау жоспарға қарағанда  113% -ға, оның ішінде республикалық бюджет кірістері - 105%, жергілікті бюджеттердікі - 134%-ға асыра орындалғанын хабарлады.

Ол сол сияқты алқа қатысушыларын Министрліктің алдына Мемлекет басшысы қойған бірқатар:

- салық алымдарының жиналым деңгейін арттыра отырып, салықтық әкімшілендіру тетіктерін жақсарту;
- квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу заңнамалық тәртібін ескере отырып, бірыңғай сатып алу жүйесін енгізу;
- кәсіпорындарды жекешелендіру процесін  2018 жылдың аяғына дейін аяқтау сияқты нақты міндеттер жөнінде де хабардар етті.

Мемлекеттік қаржы-қаражатты жаңғырту негізінде цифрлық жаңғырту болуы тиіс, оны іске асыру үшін Қаржы министрлігі ақпарат алу ағындарын кеңейтетін және тетіктерін жетілдіретін болады, сонымен қатар ҚР ҚМ-де бірыңғай ақпараттық орта жасауды жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың негізінде мынадай жүйелі міндеттерді шешуді жоспарлап отыр:

- Бересі саның қысқарта отырып, көлеңкелі экономиканы көлемін азайту.
- Кәсіпкерлік артық шығындарды азайту үшінсалық-кеден саласында жеңілдік шаралары қабылданатын болады.
- Тексерулер мен тексеруші инспекторларды қысқарту. Қысқарту 3 кезеңмен жүргізіледі. 1-кезеңде (2017 жылы) тексерулер 28.8 мыңға қысқарады немесе 2016 жылға  37% . Екінші кезеңде тексеруші инспекторлар саны 37% қысқартылатын болады және осы жылдың өзінде МКК жұмыс істеп тұрған қызметкерлерін функционалдық талдау жүргізілетін болады.
- «3.0 Жаңғыру» жобалық офисін енгізу  топтарындағы жұмыстар;
- Мемлекеттік қаржы-қаражатты және активтерді басқару саласында жүзеге асырылып жатқан барлық рәсімдерді цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Қаржы министрі сондай-ақ 2017 жылдың аяғына дейін  Жекешелендіру кешенді жоспарында көзделген, жоспарланған республикалық меншік объектілерін сатуды қамтамасыз ету және 344 коммуналдық меншік, ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтердің объектілерін сату мониторингін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.