Print previewPrint

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚРЗ жобасы бойынша Қаржы министрі Б.Сұлтановтың баяндамасы

12/20/2017

2017 жылғы 20 желтоқсанда сағат 10:00

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Ратификациялау үшін Сіздерге ұсынылып отырған Хаттама:

Біріншіден, ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді.

екіншіден, салықтан жалтарулар мен Конвенция ережелерін теріс пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік береді.

үшіншіден, салық органдарының салықтық берешектерді өндіріп алу бойынша салық қызметтерінің ынтымақтастығын кеңейту жолымен салықтан жалтаруды болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қоса, Хаттамада «Қазақстан» (ҚР СІМ ұсынған редакцияға сәйкес) терминіне өзгерістер енгізілді, қазақстандық салықтардың атаулары жаңартылды (ескірген салықтардың атаулары қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес: «корпоративтік табыс салығы; жеке табыс салығы; заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық» деп заманауи атауларға өзгертілді), уағдаласушы мемлекеттердегі резиденттікті анықтауды реттейтін баптың ережелері нақтыланды.

Негізгі (тұжырымдамалық) өзгерістер Қазақстан Республикасының аумағында бейрезиденттің табиғи ресурстарды барлау және қызметтер көрсетуі кезінде тұрақты мекеме құру тәртібіне қатысты.

Атап айтқанда, Хаттамамен табиғи ресурстарды барлау  немесе осындай жұмыстардың орындауын бақылауға байланысты қызметтерді көрсету кезінде бейрезиденттің табыстарына салық салу тәртәптерін нақтылайтын өзгерістер енгізілді.

Салық салу мәселелерінде осы Хаттаманың екі мемлекет арасындағы заңнамалық база ретіндегі рөлін атап өткім келеді.

Бұдан басқа, Үндістанмен өзара сауда туралы статистика деректерге тоқталып өтемін. 

Қазақстан мен Үндістан арасында тауар айналымы соңғы 10 жылда  5,0 млрд. АҚШ долларын, құрады.

Қазақстандық экспорттың негізгі бабы уран мен шикі мұнай өнімдері болып табылады.

Импорт құрылымында қара шай, дәрілік заттар басымдыққа ие.

Конвенцияны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Құрметті депутаттар, Сіздерден осы Хаттаманы ратификациялау бойынша оң шешімдеріңізді қабылдауларыңызды сұраймын.

 

Назарларыңыз үшін рахмет!