Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі А.Смайыловтың Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы туралы баяндамасы

10/9/2019

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі А.Смайылов депутаттарға ағымдағы жылға арналған бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қарастыратын 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын ұсынды.

Заң жобасы 2019 жылға арналған Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері сақтала отырып, қалыптастырылды.

Республикалық бюджеттің түсімдері 94,9 млрд теңгеге ұлғайтылды.

Қаражаттың негізгі ұлғаюы 50 млрдтеңге сомасына республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне қосымша дивиденттер.

Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 94,9 млрд теңгеге ұлғайтылды.

Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген жалпы ішкі өнімнің 2,1% деңгейінде сақталды.

Әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік блоктың шығыстары 6,7 млрд теңгеге ұлғайтылды.

Шығыстарды қайта бөлуді ескере отырып, қосымша қаражат атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының артуына байланысты атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге, медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жалғастыруға бағытталды.

Нақты сектордың шығыстары 15,6 млрд теңгеге ұлғайтылды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, өнеркәсіпті қолдауға, Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тұрғын үй қарыздарын беруге қосымша шығыстар көзделді.

Бұдан басқа, заң жобасын дайындау кезінде:

- жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруын ескере отырып, шығыстарды түзету;

 - азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға нақты қажеттілігін ескере отырып, өңірлер арасында қаражат қайта бөлінді.