Print previewPrint

ҚР Қаржы вице-министрі Қ. Баедиловтың Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" баяндамасы

9/27/2019

Қаржы Вице-министрі Қ. Баеділов Мәжілісте Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды.

Қазақстан басқа да елдер сияқты Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатумен, терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып жою қаруының таралуымен күресуге тиіс. Бұл ретте қаржы мониторингі ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес келуі мағызды. Сәйкес келе ме немесе келми ме, бұл сұраққа біз 2021-2022 жылдары еліміз өтуге тиісті Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) Қазақстан Республикасын өзара бағалау нәтижесі бойынша жауап ала аламыз. Біз үшін бағалаудың оң нәтижелерін алудың зор маңызы бар.

Осы мақсатта енгізілген заң жобасын қабылдау қажеттігі туындайды.

 

ЕАТ-тың өзара бағалауынан сәтті өту мақсатында Қазақстан Республикасы қазіргі сәтте ұлттық заңнамада іске асырылмаған бірқатар жаңа стандарттарды, оның ішінде  бағалаудың өткен раунды нәтижесінде алынған ұсынымдарды заңнамалық тұрғыда  бекітуі қажет.

Бағалаудан өту кезінде еліміз ұлттық заңнаманың  ФАТФ-тың[1] халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін көрсетуі тиіс.

Осы Заң жобасының мақсаттары:

Бірінші: - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын іске асыру механизмдерін құру;

Екінші: - халықаралық стандарттарды енгізу және
КЖ/ТҚҚ саласында ұлттық жүйені одан әрі жетілдіру;

Үшінші: - террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру.

 

Заң жобасының негізгі бағыттарын таныстыруға рұқсат етіңіз:

 

ФАТФ ұсынымдары жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға (ЖҚҚТҚ) қарсы іс-қимылға қатысты жаңа талаптарды көздейді.

Сонымен  заң жобасында:

1. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде  жаппай қырып-жоятын қаруды таратуды қаржыландыруға (ЖҚҚТҚ) қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін жасау бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құзыретін белгілеу;

2. осы Тізбені ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтату жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға және қаржы мониторингі субъектілеріне дейін жеткізу;

3. экспорттық бақылау аясындағы құжаттар мен ақпаратты қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның алуы саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

4. осы Тізбеге енгізілген тұлғалардың мемлекеттік шекараны кесіп өтуі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттеріне хабарламалар жіберу көзделген.

 

Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға жататын қолданыстағы механизмдерді жетілдіру мақсатында заң жобасында:

1. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің комитеттерінен тікелей мәліметтер алу бөлігінде Терроризмді қаржыландыруға қатысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін қалыптастыру  тәртібін өзгерту және Тізбеден алып тастау үшін негіздерді кеңейту;

2. мемлекеттік органдардың Тізбедегі тұлғаларға теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеуден және азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тізілімде тіркеуден бас тарту өкілеттігі;

3. осындай адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін, тоқтатып қою шараларына жатпайтын операциялардың тізбесін кеңейту көзделеді. Бұл нормалар терроризмді қаржыландырғаны үшін сотталған адамдардың түзелуіне, осындай адамдардың экстремизм мен терроризм идеяларынан толығымен арылуына және олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуі тиіс.

 

ФАТФ-тың халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында заң жобасына коммерциялық емес секторды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғауға байланысты новеллалар енгізілді.

КЖ/ТҚҚ саласында ұсынылатын шаралар қайырымдылық ұйымдарына, сондай-ақ ерікті қаржылық және басқа да қайырмалдықтарға жүгінетін діни бірлестіктерге қолданылады.

Коммерциялық емес ұйымдар:

1. үшінші тараптардың өтініші бойынша не реттеуге және қадағалауға жататын ұйымдар арқылы өз бастамасы бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға;

2. Қаржы мониторингі комитетінің сұрау салуы бойынша қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

3. жүргізілген операциялар мен құрылтайшылар туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауға;

4. Коммерциялық емес ұйымдарды террористік қызметті қаржыландыруда пайдаланғаны туралы оған күдік болған жағдайда Қаржы мониторингі комитетіне ақпарат жіберуге міндетті болады.

 

Заң жобасында Ведомствоаралық кеңес құру ұсынылады, онда ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар әзірленеді және шараларды іске асыру нәтижесі қаралады.

Осы  Кеңестің негізгі міндеттері:

1. КЖ/ТҚҚ саласында саясатты әзірлеу;

2. мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыруды үйлестіру;

3. КЖ/ТҚҚ саласында шаралардың тиімділігін арттыру;

4. кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру.

Осы Кеңес:

1. кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыруды заңдастыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті қарайды және бекітеді;

2. тәуекелдерді төмендету шаралары туралы шешім қабылдайды;

3. мемлекеттік органдарға кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру заңдастыру тәуекелдерін төмендету бойынша ұсынымдар жібереді және осындай ұсынымдардың нәтижесін бағалайды.

 

ФАТФ-тың ұсынымдарын іске асыру мақсатында заң жобасында:

1. тәркіленген мүлікті бөлу мақсатында есепке алудың жеке жүйесі түрінде Тәркіленген мүлік қорын (дерекқорды) құру (Осы дерекқорды жүргізу бойынша құзырет мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті органға бекітіледі);

2. уәкілетті органдардың қылмыстық активтерді іздестіру және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастығын регламенттеу;

3. қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтаруға жататын және қайтарылған сомаларды арнайы есепке алуды жүргізу көзделеді.

 

Қаржы мониторингі саласындағы уәкілетті органға реттеуші мемлекеттік органы жоқ қаржы мониторингінің 5 субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау бойынша өкілеттіктер берілген.

 

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 214-бабына мынадай өзгерістер енгізілді:

1. КЖ/ТҚҚ заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар мөлшері бұзушылықтардың ауырлығы мен салдарын ескере отырып төмендетілді.

Мысалы, егер қазіргі кезде жеке тұлғалар үшін айыппұл ӘҚБтК 214-бабы бойынша бұзушылықтардың ауырлығына қарамастан
100 АЕК болды, ал заң жобасында айыппұлдарды 50-ден 20 АЕК дейін төмендету ұсынылады.

 

2. Ішкі бақылау қағидаларын орындамағаны үшін жауапкершілік алынып тасталды.

 

3. қаржы мониторингі субъектілерін даярлау және оқыту бағдарламасын орындамағаны үшін және уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпарат беруден бас тартқаны үшін жауапкершілік көзделеді.

 

ФАТФ-тың халықаралық стандарттарын іске асыру және қаржы мониторингі жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында 2 бағыт бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1. КЖ/ТҚҚ саласындағы уәкілетті органдар үшін халықаралық өзара іс-қимыл рәсімдері регламенттелді.

 

2. рәсімдерге өзгерістер енгізілді:

- клиенттерді тиісінше тексеру;

- күдікті операцияларды анықтау;

- қосымша сұрау салулар жіберу;

- күдікті операциялар туралы хабарламалар жолдаудың  мерзімдері нақтыланды.

 

Ұсынылған нормалар алдын алу  сипатында және ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін арттыруға, ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарды пайдаланудан қорғауға бағытталған. Халықаралық міндеттемелерді орындау біздің еліміздің мөлдір қаржы жүйесі бар қауіпсіз ел ретінде инвестициялық имиджін арттыруға ықпал етеді.



[1] Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1617-қарарына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекеттер ФАТФ-тың Халықаралық стандарттарын сақтауы қажет.