Print previewPrint

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында өтетін баспасөз конференциясына ҚР Қаржы вице - министрі Р.Б. Бекетаевтың баяндамасы Астана қаласы, 2017 жылғы 2 тамыз

8/2/2017

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру қорытындыларының барысы туралы

Қайырлы күн, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

 

Үкіметтің баспасөз орталығының алаңына хош келдіңіздер және мен сіздерге «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру қорытындыларының барысы туралы айтып өткім келіп отыр.

Ұлт Жоспары шеңберінде Қаржы министрлігіне 8 қадам белгіленіп берілген, оның үш қадамы әлдеқашан орындалды.

«Индустриаландыру және экономикалық өсу» үшінші бағыты шеңберінде 2016 жылы біз мүлікті және ақшалай қаражатты жария ету рәсімін ойдағыдай аяқтадық (41-қадам). Жария етуді 140 мыңнан астам азамат пайдаланып үлгерді, ал экономикалық айналымға 5,7 трлн. теңге, оның ішінде ақшалай қаражатпен 4,1 трлн. теңге және 1,6 трлн. теңге қосылды.

Жылжымайтын мүліктің жария етілген 151 мың объектісінен 9,5 мың объекті есепке коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде қойылды. Бұл шамамен жылына 800 млн. теңгеге мүлікке салынатын салық түсімін ұлғайтады.

Заңды айналымға 4,1 трлн.теңге ақшаны тарту жылына шамамен 150 млрд. теңге салық сомасын туындатады.

2015 жылы жаңа редакцияда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң қабылданды (56.3-қадам), ол мемлекеттік сатып алу процесін оңайлатуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетіктерін енгізуге, сондай-ақ қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік сатып алу Республикалық бюджет комиссиясында мақұлданған жобалар бойынша алдын ала жылдық жоспар негізінде жүргізіледі.

Ал конкурстардың өздері бірыңғай веб-порталда электрондық форматта өтеді, бұл адал бәсекелестікті дамытады. Ал шартты үнемдеу 130 млрд.теңгені құрады.

Біз кәсіпорындарды дағдарыстан шығарудың жаңа жолдарын анықтаған оңалту және банкроттық мәселелері жөнінде Заң қабылдадық (56.4-қадам). Енді қаржы жағдайы  қиын болып тұрған бизнес субъектілерге өз төлем қабілетсіздігін реттеуге мүмкіндік беріліп отыр, яғни борышкер кредиторлармен қалайша және қандай мерзімде қарыздарын төлей алатыны және банкроттықтан оңалтуға көшуі туралы есептеп айта алады. Бұл ретте борышкер банкроттықтың кез келген сатысында барлық кредиторлармен бітімгершілік келісім жасауға құқылы.

Қалған 5-қадамды аяқтау үшін біз кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргіздік, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қойылатын талаптарды оңайлату үшін нормаларды қайта пысықтадық.

Жаңа Кеден кодексінде кедендік декларациялауды цифрландыруға көштік (38-қадам) және экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» қағидатын енгізіп келеміз.

Егер бүгінде құжаттарды ресімдеу шамамен 2 сағат уақыт алса, ал «АСТАНА-1» жүйесін енгізгенде тәуекелдер болмаған жағдайда кедендік декларациялау жасыл дәлізге түсе отырып, автоматты түрде шығарылатын болады.

 

Ақпараттық жүйе тауарға не сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға қатысты тәуекелдерді анықтаған жағдайда жүйе декларацияны бақылау үшін басқа дәліздерге (сары, көк және қызыл дәліздерге) жіберіледі.

2017 жылғы 1 тамызда жүйеде 25 848 декларацияны өңделді.

«Бірыңғай терезе» экспорттық-импорттық операциялар бойынша біз жұмысты 2019 жылғы басынан бастап іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тауарларды кедендік тазалау кезінде қолжетімділіктің бірыңғай нүктесі арқылы мемлекеттік органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алады, яғни «Бірыңғай терезе» кеденге құжаттарды қағаз тасығышта беру қажеттігінен бизнесті құтқарды.

Бизнестің уақыт шығынын қысқарту шеңберінде тауар шығару мерзімін 1 жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқарту көзделген.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап (40-қадам) біз «постфакум» кедендік тазалау режимін енгіземіз, бұл сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларына шекарадан өткеннен кейін бірден тауарларды пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте кеден декларациясы тауарды енгізгеннен кейін 10 күннен 40 күнге дейін берілетін болады. Бұл тауарды түпкілікті тұтынушыға жіберудің уақытын қысқартады.

Еліміздің барлық тауар айналымының ашықтығы мен бақылануын қамтамасыз ету мақсатында импорт сәтінен бастап оны бөлшек саудамен сатқанға дейін ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі негізінде «Виртуалды қойма» модулін іске қосамыз (39-қадам).

«Виртуалды қойма» жұмысының тетігі тауарларды кіріске алмай тұрып қоймаға оны өткізу мүмкін болмайды, сонымен біз алаяқтық операцияларды жасау және жалған электрондық шот-фактуралардың үзінді көшірмесін алу тәуекелін болдырмаймыз.

Сонымен қатар бір маңызды қадам (42-қадам) – 2020 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауды енгізу. Біз декларация тапсыруға жататын жеке тұлғалардың санаттары мен санын анықтап та қойдық және декларация нысанының дизайні оңай және толтыруға ыңғайлы болу үшін жұмыс жүргізіп келеміз.

Салық декларацияларын қабылдауды ұйымдастыру «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы қамтамасыз етілетін болады (43-қадам). Салықтық есептілікті азаматтар Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-порталы ішіне кіріп «Салық төлеушінің кабинеті», Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтары, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берілуі, сондай-ақ «1414» Бірыңғай байланыс орталығында консультация алу мүмкін.

Қаржы министрлігі көрсетіліп отырған қызметтердің сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өткім келеді.

Осы жылы кәсіпкерлерді тексеру санын қысқартуды жоспарлап отырмыз, тиісінше бұл Мемлекеттік кірістер комитетінің штат санын функциясына бақылау-қадағалау кіретін 600 адамға, яғни 37% қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Назарларыңызға рахмет!!!