Print previewPrint

ҚР Үкіметінің отырысында «2017 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» мәселе бойынша ҚР Қаржы министрі Б.Т.Сұлтановтың баяндамасы

12/12/2017

Астана қаласы, Үкімет Үйі, 2017 жылғы 12 желтоқсан

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Ағымдағы жылдың 11 айында біз бюджеттің барлық деңгейлері кірістерінің өсу қарқынының тұрақтылығын қамтамасыз еттік. Былтырғы жылдың 11 айының қортындысымен салыстрығанда кірістер 520 млрд.теңгеге көп түсті.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджет шығыстарының таза өсімі 815 млрд.теңгені құрады.

Бюджет қаражатын игеру мәселелерін қадағалау бырысында ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап 7 селекторлық кеңес өткізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде шығыстардың игеру проценті жоғары болады деп күтілуде.

Бюджеттің атқарылуын бақылау барысында превентивтік шаралар кеңінен қолданылды.

Енді, бюджеттің атқарылуының көрсеткіштеріне толығырақ тоқталып өтейін.

КІРІСТЕР

Мемлекеттік бюджетке 6,3 трлн.теңге кірістер (трансферттерсіз) түсті. Мемлекеттік бюджет бойынша артығымен орындау сомасы 153 млрд.теңгені, республикалық бюджет бойынша – 71 млрд.теңгені және жергілікті бюджет бойынша – 82 млрд.теңгені құрады.

Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджет кірістері 102,5%-ке, республикалық бюджет кірістері – 101,6%-ке және жергілікті бюджет кірістері – 104,5%-ке атқарылды.

Республикалық бюджетке жыл қортындысы бойынша 4 989,6 млрд.теңге түсуі болжамдалып отыр. Бұл 100,7%-ті құрайды, яғни жоспардан 36,8 млрд.теңге артық түседі.

ШЫҒЫСТАР

Шығыстар бойынша орындалу проценті өткен жылғы көрсеткіштерге қарағанда жақсы. Мемлекеттік бюджет бойынша өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 0,7%-ке, республикалық және жергілікті деңгейде 0,4%-ке жақсы орындалды.

Жалпы мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97,6%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары 98,6%-ке және жергілікті бюджеттердің шығыстарны 97,0%-ке атқарылды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 10 157,6 млрд.теңгеге қаржыландырылды. Атқарылмаған сома 148,5 млрд.теңге, оның ішінде бюджеттік қаражаттың үнемі – 12,8 млрд.теңге. Игерілмеу 135,7 млрд.теңге.

Негізгі себептері: өнім берушілердің шарт міндеттемелерін орындамауы; өтпеген конкурстар; төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауына немесе берілмеуіне байланысты, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жүргізу кестесінен қалыс қою.

Қаржы жылының соңына дейін 10 желтоқсанындағы жағдай бойынша 614 млрд. теңге сомасында төлемдер жүргізілуі керек. Біздің болжамымыз бойынша республикалық бюджет шығыстарының орындалуы жыл қорытындысы бойынша 99,8% шегінде күтіледі.

Бірақта, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілмеу сомасы 10,3 млрд. теңгені құрайды. Бюджет заңнамасы бойынша осы соманың 0,8 млрд.теңгесі келесі жылы қаржыландырлуға көшіріледі.

Жақында ғана республикалық бюджет нақтыланды. Сол кезде, барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде, жыл соңында игерілмей қалу қаупі бар деген шығыстарды оңтайландыру мүмкіндігі болды. Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың барлық өтінімдерін барынша ескерді. Сондықтан, Бахытжан Әбдірұлы, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарауды ұсынамын.

ӨҢІРЛЕРДІ ҚОЛДАУ

Жалпы ағымдағы жылдың 11 айы ішінде 912,8 млрд. теңге нысаналы трансферттер бөлінді (жедел деректер бойынша). Жергілікті деңгейде 821,2 млрд.теңге, немесе 79,3% игерілді. 91,6 млрд.теңге орындалмады, оның ішінде 90 млрд.теңге игерілмеді.

Неғұрлым көп игерілмеу мына өңірлерде қалыптасты: Астана қаласы бойынша - 27 млрд.теңге, Маңғыстау облысы бойынша - 13 млрд.теңге, Алматы қаласы бойынша – 8 млрд.теңге, Павлодар облысы бойынша – 6 млрд.теңге, Ақмола облысы бойынша – 5 млрд.теңге, Алматы облысы бойынша – 4 млрд.теңге, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 4 млрд.теңге, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 3 млрд.теңге.

Жыл қорытындысы бойынша сомасы 3,7 млрд.теңге орындалмау күтілуде, оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу 0,7 млрд.теңгені құрайды.

3,0 млрд.теңге игерілмейді. Оның 0,7 млрд.теңгесі келесі жылға көшірілуге жатады. Ең ірі игерілмеу сомалары келесі аймақтарда орын алуда: Павлодар облысында - 985,0 млн.теңге, Қарағанды облысында - 593,9 млн.теңге, Алматы облысында - 430,0 млн.теңге, Ақмола облысында - 279,4 млн.теңге, Алматы қаласында – 311,1 млн.теңге, Астана қаласында - 194,9 млн.теңге, Батыс Қазақстан облысында –161,0 млн.теңге, Ақтөбе облысында – 128,1 млн.теңге және Маңғыстау облысында - 80,0 млн.теңге.

Негізгі себептер: жобалық құжаттамаға түзету енгізу, жұмыстардың өндіріс кестесінен қалып қоюы, сотта іс қаралу.

«НҰРЛЫ ЖОЛ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік бағдарлама іс-шараларына бөлінген қаражат 400,3 млрд.теңгеге игерілді. Ол есепті кезеңнің төлемдері бойынша жоспардың 96,9%-ін және жылдық жоспардың 84,7%-ін құрайды.

Жергілікті бюджеттерге 121,0 млрд.теңгенің нысаналы трансферттері мен кредиттері бөлінді. Оның 114,4 млрд.теңгесі, яғни есепті кезең жоспарының 94,6% игерілді.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша орындалмау сомасы 6,6 млрд.теңгені, оның ішінде 0,3 млн.теңге – бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмегені 6,3 млрд.теңге.

Министрліктердің өздері әкімшілендіретін шығыстар бойынша 100%-ке орындау күтілуде. Жергілікті атқарушы органдарға бөлінген ақша бойынша 1,2 млрд.теңге игерілмей қалуда.

Мемлекеттік аудит және бақылау

Бюджеттің атқарылуы бақылауда болды. Аудиттің инструменттері ағымдағы жылы толыққанды жұмыс жасады. Оны аудиторлық шаралардың көрсеткіштері дәлелдейді.

11 айдың ішінде 4 065 аудитордық шаралар жүргізілді. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстрғанда 2 есе көп ( 2 375 ауд.шара). Бюджет қаражатының аудиттен өткен сомасы 4 есеге көбейіп, 1,8 трлн.теңгені құрады (2016 жылдың 11 айында 470 млрд.теңге).

256 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру кезінде, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет, тауарды жеткізіп берумен бюджетке қайтарумен, есепте көрсету және оны сәйкестендіру жолымен 246 млрд.теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Аудит объектілеріне 2586 ұсыныстар жіберілді. Оның, 2255-сі орындалды.

Камералды бақылаумен 8 трлн.теңге сомасында 483 мың мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. 654 млрд.теңгеге бұзушылықтарға жол берілмеді.

Осыдан кейін де біздің салалық комитеттің жұмысы жазалаудың орнына, бұзушылықтарды алдын алуға бағытталады.

***

Бізге мемлекеттік органдармен бірлесіп ағымдағы қаржы жылын ойдағыдай аяқтау және 2018 жылдың бюджетін орындауды бастау міндеті алда тұр. 2018 жылдың бюджеті бойынша барлық қажетті құжаттар қабылданып та қойылды. Жаңа қаржы жылын ойдағыдай бастау үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдары барлық ұйымдастыру шараларын қабылдауы қажет (конкурстарды жариялау, қаржыландыру жоспарын бекіту, бюджеттік бағдарламаларды бекіту).

Барлық бюджет деңгейлерінде күтіліп отырған кірістерді артығымен орындау қажетті кассалық қалдықтарды қалыптастыруға жағдайлар жасайды. Бұл 2018 жылдың бюджетінің шығыстарын уақтылы қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді.

 
Назарларыңызға рахмет!