Print previewPrint

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың «Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбына жасаған баяндамасы Астана қ., ҚР Парламент Мәжілісі,2017 жылғы 16 қаңтар

1/16/2017

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру

Құрметті Гүлмира Истайбекқызы!

Құрметті депутаттар!

 

Бүгінгі Үкімет сағатын пайдалана отырып Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жылда әрбір игі істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болсын! Жаңа жыл жанұяларыңызға бақ-береке әкелсін!

Бүгін, 2017 жылдың алғашқы Үкімет сағатында Қаржы министрлігінің «Салықтық және кедендік әкімшілендіру» мәселесін тыңдауға келісім бергендеріңіз үшін көптен-көп алғысымды білдіремін.

Осы ауқымды мәселені негізгі бес бөлімде баяндауға рұқсат етіңіздер. 1) Кірістерді атқару және бақылау қызметі. 2) Сыртқы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ету. 3) Мемлекеттік қызмет көрсету. 4) Халықаралық рейтингтердегі мемлекеттің орны. 5) 100-нақты қадамның іске асырылуы.

Мен қазір әр бөлімде негізгі іске асырылып жатқан іс-шараларды және олардың әсерін, сондай-ақ өзіміз жұмыс істеп жатқан басқа да мәселелерді, әкімшілендіруді түбегейлі жақсарту мен салық төлеу процесін жеңілдетуге бағытталған ұзақ мерзімді негізгі трендтерді атап өтуге тырысамын.

Бірінші бөлім бойынша. Кірістерді атқару және бақылау қызметі.

2016 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер жоспары 108,4%-ті құрады немесе 5 719,7 млрд. теңге жоспарында, іс жүзінде 6 198,1 млрд. теңге түсіп, 478,4 млрд. теңге асыра орындалды.

Анықтама ретінде:

РБ 109,1%-ке атқарылған (Жоспар – 4 079,9 млрд. теңге, 4 450,8 млрд. теңге түскен, асыра орындау 370,9 млрд.теңге).

ЖБ 106,6% атқарылған (Жоспар – 1 639,9 млрд. теңге,1 747,4 млрд. теңге түскен, асыра орындау 107,5 млрд. теңге).

Түсімдер бойынша болжамды мақсатқа қол жеткізу – бұл салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылдаған шаралар нәтижесі. Қажетті бақылау деңгейі мен міндеттемелерді ерікті түрде орындау үшін бизнеске қолайлы жағдай жасау арасындағы балансты қамтамасыз ету маңызды болып табылады.

2016 жылы бақылау іс-шаралары бөлігінде 10 мың салықтық тексеру жүргізілді, олар салықтарды түгел есептеуге алып келеді. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған барлық салық төлеушілердің небәрі 0,5% ғана бақылаумен қамтылды, ал 2013 жылы 12,2 мың тексеру жүргізіліп, 0,9% қамтылған болатын.

Анықтама ретінде:

2013 жылы салықтық тексеру саны 12 242-ні құрады, бұл ретте 1(бір) тексеруден салықтың түгел есептелген сомасы 35,4 млн. теңгені құрады, 2016 жылы 10 087 тексеру, салықтың түгел есептелген сомасы 54,6 млн. теңгені құрады.

Кедендік тексерулер де осыған ұқсас, 2013 жылы 1 385 тексеру жүргізілді, 1(бір) тексеруден салықтың түгел есептелген сомасы 11 млн. теңгені құрады, 2016 жылы 1 064 тексеру, салықтың түгел есептелген сомасы 28,7 млн. теңгені құрады.

Яғни тексеру саны азайғанымен, салықтың түгел есептелген сомасы 1,8 есеге өсті.

Бұдан басқа, кәсіпорындардың жабылу кезіндегі тексерулерін жүргізу барысында аутсорсинг тетігі енгізілді. Оның нәтижесінде тарату рәсімі жеңілдеді, тексеру саны мен жүргізу мерзімі қысқарды. Бұдан басқа, салық төлеушілерге айыппұл қолданбастан, қателіктерді дербес жою мүмкіндігі берілді.

Адал бизнес пен кедендік бақылауда басым салаларды ынталандыру үшін кәсіпкерлердің жекелеген санаттары үшін «жасыл дәліз» енгізілді (ірі салық төлеушілер, ірі тауар өндірушілер, инвесторлар, уәкілетті экономикалық операторлар, заңнаманы адал сақтаушы өзге де субъектілер).

 

Қазіргі таңда салықтық және кедендік дауларды сотқа дейінгі реттеу бөлігін мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Сотқа дейнгі дауларды әділ бағалау үшін бұл функцияны Қаржы министрлігі жанындағы Апелляциялық комиссия деңгейінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Комиссияға өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де кіреді.

 

Бақылау бағдарын салықтық тексеруден камералдық бақылауға ауыстыру мақсатында горизонталдық мониторингті енгізу жоспарлануда. Бұл дегеніміз жобаға қатысушыларға тексеру мүлдем тағайындалмайды. Бұл ретте кәсіпорындар салық органымен барынша ашық және ынтымақтас болады.

 

Екінші бөлім бойынша. Сыртқы тауар айналымның жеделдетуіне ықпал ету.

Бұл бағытта едәуір жұмыс атқардық.

Басты кезеңде бизнес-процесстердің оңтайландыруын жүргіздік.Тек қана екі процесті оңтайландыру нәтижесінде жасалатын іс-әрекеттердің саны 898-ден 394-ке дейін (2,3 есеге) қысқартылады.

Жалпы кедендік рәсімдеу уақытын 6 сағаттан бір сағатқа дейін қысқарттық. Алайда бүгін тауардың келу кезіндегі кедендік операцияларын жасау уақыты есепке алынады.

Ұақытты бұдан әрі қысқарту үшін  кедендік операцияларды үш құрамдаушыларға саралау жоспарланады:

1.    Тауардың келуіне дейінгі бақылау;

2.    Тауардың келу кезіндегі бақылау;

3.    Тауарды еркін айналымға шығарудан кейінгі бақылау.

Тауардың келуіне дейінгі бақылау – бұл алдын-ала ақпараттандыруға және декларациялауға жаңа тәсілдері. Қосымша құжаттар ұсынусыз, транзиттік декларациясын,тауарлар декларациясын, келу туралы хабарлама ретінде электрондық құжат нысанында ұсынылған,алдын-ала ақпараттандыруды пайдалануды жоспарлап отырмыз.

Анықтамалық:

Бүгінгі күні алдын-ала хабарлау мен алдын-ала декларациялау екі түрлі өзара байланыссыз процессті қамтиды. Осыған байланысты, алдын-ала ақпараттандыру ретінде алдын-ала декларациядағы мәліметтерді пайдалануды ұсынады, бұл ретте, ішкі кеденге берілген алдын-ала декларацияға шекарадағы кеденнің қол жетімділігі болады.

Тиісінше, мемлекеттік кіріс органдары тауарлардың келуіне дейін құжаттардың талдауын жүргізуге мүмкіндік алады, нәтижесінде ол кедендік операциялардың жалпы уақытын қысқартады.

Алдын-ала ақпараттандырудың және алдын-ала декларациялаудың тәртібі бірінші жарты жылдықта белгіленетін болады. Осы мақсаттаЕуразиялық экономикалық комиссиясының шешімдер жобалары мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына түзетулер әзірленіп жатыр.

Анықтамалық:

Алдын-ала ақпараттандыруды бірнеше кедендік операциялар кезінде пайдаланатын заңды маңыздылығы бар электрондық құжат түріндеұсынуды көздейтін нормалар енгізілді. Кедендік іс саласындағы уәкілетті органымен белгіленетін тауарлардың жекелеген санаттары және уәкілетті экономикалық операторлар үшін көзделетін міндетті алдын-ала декларациялаужағдайларын белгілеу ұлттық құзыретіне жатқызылған.

Бұл кедендік рәсімдеу мен барлық кедендік рәсімдер бойынша бақылау процестерін біртұтас платформа негізінде электрондық форматқа ауыстыру жолындағы бірінші қадам! Бүгін осы процестер әр түрлі ақпараттық жүйелерінде байланыссыз екені мәлім. АСИКУДА халықаралық платформаның базасында электрондық кедендік декларациялаудың толық циклымен "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі құрылады (Кедендік әкімшілендірудің және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі), ол пилоттық режимде төрт аумақта (Алматы облысында және Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында)қолданылуда.

Тауарларға арналған декларацияның электрондық түрде беру онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуды қажет етпейді. Бұл ретте тауарлардың едәуір бөлігі, егер тәуекелдер анықталмаған жағдайда, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып тексергеннен кейін, мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының қатысуынсыз автоматты түрде шығарылатын болады.

Бұл жүйе де кедендік және салықтық жүйелерінің интеграциялау жолындағы бірінші қадамы болып келеді.

Кедендік тазарту мен бақылаудың автоматтандыруы сауда процестерін жылдамдатуына барынша әсер бермейтіні түсінікті.Сыртқы сауда қызметі, лицензия мен рұқсаттар беретін бақса да бір қатар мемлекеттік органдардан тәуелді. Осыған байланысты, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін «Бір терезе» қағидатын енгізу жоспарланып отыр және UNICTAD-тан сатып алынған ASYСER бағдарламалық өнімін түрлендіру бойынша жұмыстар басталды. Сонымен, «Бір-терезе» жүйесіне кіретін барлық мемлекеттік органдар жүйелерінің аудитін басталғалы отырмыз. 

Екіншіден: кедендік процестерінетерең көзбен қарасақ – кеден шекарасындағы ескі және төмен-тиімді өткізу пунктілері сияқты кемшіліктер анық көрінеді.

Кедендік бекеттерінің физикалық инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында мемлекеттік жекеменшік әріптестік рәсімі бойынша қытай шекарасында «Нұржолы» және «Қалжат»-атты екі жаңа автомобилді өткізу пунктілерінің құрылысы жалғасуда.

Бұдан әрі үкіметаралық заем тарту арқылы тағыда 23 өткізу пункттерінің жаңғырту мен жабдықтандыру жоспарлануда.

Жаңғыртылған автомобилді өткізу пунктілер сауда логистикалық орталығымен жабдықтанатын болады. Бұл шекарада тауарларды шығару мүмкіндігі беретін болады. Бұл ретте тәуекелдерді басқару жүйесінде анықталған бұзушылықтар болмаған кезде, шекерада тауарларды шығару 29 минутты жүргізілетін болады.

Анықтама: көрсетілген уақытқа мынадай операциялардан өту жатады: -Электрондық өткізу пункті арқылы келу, бақылаудың 5 түрін жүргізу (радиациялық, ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантинді, көліктік бақылау), интрузивті емес тексеру.

Аталған уақыт (29 минут) болжалды көрсеткіш емес, ол тәжірибелі есептелген.

Астана қаласында жаңа көліктік-логистикалық орталық ашылғаны мәлім. Оның ішінде мемлекеттік бақылаудың тиісті түрлерін жүргізу үшін барлық бақылаушы органдарды орналысқан. Бұл жерде сыртқы экономикалық қызмет қатысушы тауарларды сақтау мен сұрыптауды қоса барлық кешенді логистикалық қызметті алады.

Сонымен қатар жуырда ірі қалаларда (Қазақстанның Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік аумақтарында) 4 ұқсас кедендік ресімдеу аймақтар салу жоспарлануда.

Бұл ретте бюджеттен шығын болмайды, мұның барлығы ұлттық операторы Қазақстан Темір жолымен бірлесіп мемлекеттік жекеменшік әріптестік қағидатында жасалады.

Үшіншіден:Тексеру жүргізу үшін көп уақытты талап ететінбақылаудың ең күрделі түрлері(құнды бақылау және тауарлар сыныптамасы және шығарушы ел)нақтырақ тауарларды шығарудан кейін өтетін (яғни постфактум).

Бұдан басқа, бұрын тексеруден өткен және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының жекелеген санаттарына (инвесторлар, уәкілетті экономикалық операторлар, еркін қойма режимдері және т.б.) барлық бақылауды «Кейінгі» деген кезеңіне ауыстыру жоспарланады.

Іс жүзінде аталған тәртіп жеткізілген тауарларды шекарадан өткен мезгілде ішкі айналымға кедендік рәсімдеусіз енгізуге мүмкін береді.

Сонымен қатар тауарларды импорттау кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады.

Егер декларантта түрлі жағдайларға байланысты баждар мен салықтардың тиесілі сомасын бірден не болмаса толық көлемде төлеуге мүмкіндігі жоқ болса, оған 1 айға мерзімін кейінге қалдыруды пайдалану құқығы беріледі және тауар төлемдерсіз шығарылады.

Бұл ретте кедендік баждар және салықтар сомасына пайыздар есептеледі. Ал белгілі бір жағдайларда пайыздарды есептеместен мерзімін 6 айға кейінге қалдыру беріледі.

Сыртқы сауда айналымын жеделдету бойынша аяқтау кезеңі болып Тәуекелдерді Басқару Жүйесі табылады.

Біз Кедендік және салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін реформаладық. Бұл бақылауды жоспарлау және жүргізу үшін негіз болып табылады. Талдау және біріккен қызмет деректерін пайдалану сапасын арттыру, бақылау үшін субъектіні неғұрлым мұқият іріктеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде кедендік бақылаудың тиімділігі 2 есеге өсті.

Анықтамалық:

Кедендік ТБЖ қолданудың тиімділігі 2 есеге өсті -  2014 жылы 27%-дан 2016 жылы 55,2%-ға дейін, бұл ретте тәуекел бейінін қамту тиісінше 35,6%-дан  16%-ға дейін төмендеді.

Тәуекелдерді басқару жүйесінің бұдан әрі реформалауы кедендік бақылауға жататын тұлғалардың қамту денгейін азайту. Халықаралық стандарттар бойынша әдетте сауда ағымының тек қана 5-7% кедендік бақылауға жатуға тиіс.

 

Үшінші бөлім бойынша. Мемлекеттік қызмет көрсету.

Аталған бағыт Мемлекет басшысы ұсынған Бес институционалдық реформаларда басымдылық ретінде көрсетілген. Қызметтерді сапалы көрсету және бизнес үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Бүгінде мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 52 түрін көрсетеді (32 салық және 20 кеден бағыты бойынша).Бұл ретте 34 қызметі (немесе 65,4%) электрондық нысанда көрсетіледі, оның ішінде қызметтің 29 түрі баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы қол жетімді. Ағымдағы жыл ішінде қосымша тағы 7 қызмет берілетін болады.

Анықтамалық:

2017 жылдың екінші жарты жылдығында Ведомствоаралық комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін кеден саласындағы қосымша 7 қызметтер берілетін болады. Ммлекеттік корпорация берілуге тиіс қызметтердің тізімі:

1.                         Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін тағайындау
2.                         Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу
3.                         Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу
4.                         Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу
5.                         Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу
6.                         еркін қойма иелерінің тізіліміне енгізу
7.                         Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгіз

42 ірі есептіліктерді қабылдау мен өңдеу орталықтарында кезектер мен сапаны бақылау электрондық басқару жүйесі орнатылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша электрондық түрде ұсынылған салық есептілігінің үлесі 95% құрады, бұл ақпараттандыру деңгейін сипаттайды.

Сондай-ақ 2016 жылы салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін «Электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы салықтық және кедендік төлемдерді төлеу туралы ақпаратты екінші деңгейдігі банктерге берудің онлайн механизмі іске қосылды. Мұндай өзара іс-қимыл мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде жүргізілген төлемдер туралы ақпараттың берілуін 2 жұмыс күнінен бірнеше минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Анықтамалық:Бүгінде 9 банк тест режимінде қосылған, 1 тоқсанда 12 банк қосылатын болады және 2 тоқсанда қосымша 15 банк қосылатын болады.

Сонымен қатар инкассалық өкімдерді жолдау және кері шақырту және банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметтерді алу бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимыл қалпына келтірілді.

2016 жылғы сәуірден бастап мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру және оңайлату мақсатында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында аумақтан тыс қағидаттарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізілуде. Аталған қағидат салық төлеушінің тіркеу есебінің орнына байланыстың жоқтығын қарастырады, яғни қызметтерді кез келген аумақтық мемлекеттік кірістер органында алу мүмкіндігін береді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп «1434» Call-орталығының базасында 24 сағат/ 7 күн режимінде салықтық және кедендік әкімшілендіру саласында консультацияларды беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Министрлікпен әкімшілендірудің рәсімдерін жеңілдету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Яғни мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шеңберінде жеке шоттардың біріктіруі жүргізіледі. Бүгін кәсіпкерде екі жеке шоттар бар, салық органдарында – салық төлеуші ретінде және кеден органдарында сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде.

Бірыңғай жеке шотты енгізу сұрау салуларды өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Салық төлеуші бойынша барлық ақпаратты бір орында шоғырландырумен Банктерден нақты уақыт режимінде онлайн төлемдерін жүргізуге, «артық төлеу-бересі»  автоматты есеп беруге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, түсімдердің есебін біріктіру салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына бөлмей кәсіпкер-клиенттің бірыңғай бейнесін жасайды. Тиісінше, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары ретінде екінші рет тіркелу қажеттілігі жойылды.

Салық төлеушілердің деректерді онлайн беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға кезең-кезеңімен көшу бойынша жұмыс жүргізілуде.

 

Анықтамалық:

Бүгінгі күнге онлайн режимде 81,5 мыңнан астам БКМ-ді пайдаланатын 56 мыңға жуық салық төлеуші тіркелген. Осы уақыт ішінде 3,3 трлн.теңге сомасына 739 млн.астам чек басылып шықты.

Сонымен қатар халықтық бақылау нысандары кеңінен енгізілуде. Азаматтар өздерінің белсенді әрекеттерімен және тікелей қатысуымен көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайтуға және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыруға үлес қосады.

2016 жылы бизнес қоғамдастықтармен бірлесіп тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге бағытталған «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» атты кең ауқымды акция өткізілді.

Анықтамалық:

Жүргізілген акцияның нәтижесінде салық есебіне жалған жұмыс істеп жатқан 10,4 мыңнан астам ДК қойылды, 9,4 мыңнан астам БКМ тіркелді. 2016 жылғы 23 желтоқсанда «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» атты акция бойынша бас жүлде «Шевроле» маркалы автомобилінің ұтысы өткізілді, 596 теңге сомасындағы Петропавл қаласы тұрғынының чегі жүлделі болды.

Жүргізілген шаралардың нәтижесінде 2015 жылы жүргізілген жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары ақпаратының мазмұны мен қол жетімділігіне, сондай-ақ оны ұсыну тәсілдеріне тұтынушылардың қанағаттану деңгейі республика бойынша орташа 90% құрады.

 

 

Анықтамалық:

Жыл сайынғы тәуекелді социологиялық сауалнама Қащақстанның Салық төлеушілер қауымдастығымен қол қойылған меморандум шеңберінде жүргізіледі. 2015 жылы сауалнама Сандж зерттеу орталығымен өткізілген. 2016 жылдың қорытындылары ағымдағы жылдың ақпан – науырыз айларында күтілуде. 

 

Төртінші бөлім. Халықаралық рейтингтерде мемлекеттің орны.

2016 жылы Қазақстан «Кеден рәсімдерінің ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде елеулі алға жылжығанын атап өту қажет (77-ден 55-ші орынға дейін).

Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2017» есебіне сәйкес 2016 жылы «Төлем қабілетсіздікті  реттеу» атты индикатор бойынша Қазақстан өз орнын 9 тармаққа жақсартып 37 орынға ие болды (46 орыннан 37 орынға).

«Салық салу» индикаторы бойынша Қазақстан әдістеменің өзгертілуіне байланысты 3 орынға төмендеп 60 орынға орналасты(бұрын 57 орын).

Анықтама:

Жаңа әдістемеге сәйкес индикатордың есептелуіне салық төлемінен кейінгі үдерістер мен ҚҚС бойынша қайтарылым алудың мүлдем жаңа «Кейінгі тіркелу индексі»-атты көрсеткіші (Postfiling index) енгізілген.

Дүниежүзілік банк өз зерттеуін тауарды елдің тек қана ішкі айналымында өткізуімен айналысатын  шағын бизнес пайдасына жүргізеді. Өкінішке орай ҚҚС асып кеткен салық төлеушілерге қайтару туралы нормасы 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған.

Бүгінгі күні біздің мақсатымыз рейтингтегі алдыңғы 50 елдің қатарына кіру болып табылады.

 

5 бөлім бойынша. 100-нақты қадамның іске асырылуы.

Құрметті депутаттар! 100 нақты қадам - Ұлт жоспары шеңберінде Сіздердің тікелей қатысуыңызбен және қолдауларыңыздың арқасында белсенді жұмыс жүргізілуде. Айтқандай, соңғы екі жыл ішінде Мемлекет Басшысы бірқатар заңға қол қойды.

Бизнесті қаржылай оңалтудың тиімді жүйесін құру мақсатында банкроттың алдын алу және бизнесті сақтап қалуға бағытталған нормалар енгізілді. Сондай-ақ, оңалту мен банкроттық рәсімдерін жүргізу мерзімдері де қысқартылды. Сонымен қатар, Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттық тетігін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мүлікті және ақшалай қаражатты жария ету мәселелері жөніндегі Заңмен оны жүзеге асыру рәсімдерінде жаңа тәсілдер айқындалды, қосымша кепілдіктер берілді. Нәтижесінде шамамен 5,7 трлн. теңге мөлшерінде мүлік пен ақшалай қаражат заңдастырылды.

2016 жылғы 30 қарашадағы Заңмен жалпыға бірдей декларациялау мерзімі бір кезеңге ауыстырылғаны өздеріңізге мәлім, ол 2020 жылдан басталатын болды.

Осының барлығы Министрліктің сіздермен бірлесіп жүргізген жұмыстың нәтижесі екенін қайта тағы да атап өткім келеді.

Енді, біздің жұмысымыздың әкімшілендіруді жақсарту мен салық төлеуді жеңілдетуге ықпал ететін негізгі басым бағыттарына тоқтала кетуге рұқсат етіңіздер.

 

Бұл мәселелерде жұмысымызды одан әрі автоматтандыру мен қолданыстағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау маңызы зор болып табылады.

Ұлт Көшбасшысы өз сөзінде бұл процестерді барынша автоматтандыру қажеттігін бірнеше рет нықтап айтып өткен болатын. Бұл бағытта біз тұрақты түрде белсенді жұмыс жүргізіп келеміз, Сіздерді осы жұмыстың нәтижелері мен жоспарыларымен таныстырып өтейін.

 

 «Электрондық шот-фактуралар» жүйесін енгізу шеңберінде орасан зор жұмыс жүргізілді. Бұл жүйенің артықшылықтарына көз жеткізген көптеген кәсіпкерлер 2015 жылдан бастап шот-фактураларын электронды форматта ресімдеуде.

Мысалы, 01.01.2017 жылғы жағдай бойынша 90 мыңнан астам ЭШФ пайдаланушылар тіркелді, оларға 7,6 трлн. теңге сомасына  21,4 млн. электронды шот- фактуралар жазып берілді.

Электрондық шот-фактураларды тиімді пайдаланудың жақсы мысалы біздің ұлттық оператор «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы болып табылады (өндірістік пайдалануға 2016 жылдың 1 наурызында енгізілді), оның барлық шот-фактурасының 98%-ті электрондық форматта жазып беріледі. Компания пошталық шығындарға айына - 7 млн. теңге, қағаз және техникалық қызмет шығындарына – 450 мың теңге үнемдеп отыр.

Бұдан басқа, электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінің жұмысы іс жүзінде жалған кәсіпкерлер қызметін пайдалана отырып, салық төлеуден жалтарудың қолданыстағы схемасын іс жүзінде барынша азайтады.

Анықтама ретінде:

2014 жылы 116 304 ЭШФ жазып берілді.

2015 жылы 800 мыңнан астам ЭШФ жазып берілді.

2016 жылы 20 млн. астам ЭШФ жазып берілді. Бұл өсім Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен және тиісінше,  тауарларды алып қою тізбесінен тауарларды өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге ЭШФ жазып беру бойынша міндеттемелер туындауына байланысты болды.

 

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің дерек қорында «Виртуалдық қойма» модулімен тауарларды қадағалау және есепке алу жүйесі енгізілді.

Осы модульде кедендік декларация тиісті ақпараттық жүйесі арқылы электрондық шот-фактураға «тізгінделетін» болады. Бұл бүкіл жеткізілетін тауарлар тізбесіне мониторинг жасауға мүмкіндік береді.

Анықтама ретінде:

Тауарларды бақылау тетігі «Виртуалдық қойманы» және «виртуалдық белгіні» пайдаланып іске асырылған. Бақылау тетіктері әмбебап болып табылады, бұл тауарларды сәйкестендірудің барлық түрлерімен (физикалық немесе электрондық) жұмыс істеуге мүмкіндік береді, мысалы - тері бұйымдарын таңбалау, дәрiлiк заттар немесе акциздік таңбалар.

Виртуалдық белгі символдардың жиынтығын туындатулар болып табылады, ол тауардың шыққан елі, импорты немесе өндірісі, алдындағы жеткізілгені, қайта сатылғандардың саны мен тауарларды физикалық таңбалау туралы ақпараттан тұрады.

«Виртуалдық қоймаға» тауарды кіріс жасау үшін бастапқы құжаттар – кедендік декларация, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы мәлімдеме, шығу тегіне сертификат болып табылады.

 

Аталған ақпараттық жүйені енгізу салық жиналымын арттырады, салық салу ашықтығын, «көлеңкеден» шығаруды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба шеңберінде жаңа Салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйесі мен Біріктірілген деректер қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде салықтық және кедендік жүйелердің деректер қоймасы біріктіріледі.

Барлық жоғарыда айтылған автоматтандыру жөніндегі жаңалықтар: Дүниежүзілік банк, ЮНКТАД, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік кеден ұйымы, Азия даму банкі және тағы басқа әріптестермен бірлескен ынтымақтастық шеңберінде әзірленіп, қолданысқа енгізілуде. Басқаша айтқанда, барлық қолға алған жаңа бастамаларымыз халықаралық стандарттарға сай екенін атап өткім келеді.

 

 

Құрметті депутаттар!

 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев белгілеп берген Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елінің қатарына кіру «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асыру, біздерден жүйелі жұмысты және жаңашыл көзқарасты талап етеді.

Жоғарыда атап өткендей, 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жүзеге асыру, республикалық бюджетті қарау барысында Қаржы министрлігі, Парламент Мәжілісі депутаттарымен сындарлы диалог аясында қоян-қолтық қызмет атқаруда.

Әрине, біз әрдайым Сіздердің көмектеріңізді, қолдауларыңызды сезініп келеміз. Алдағы уақытта да өз құзыретіміздің шеңберінде Министрлік қойылған ұзақ және орта мерзімді, ағымдағы міндеттерін абыроймен орындайды деп Сіздерді сендіргім келеді.

 

 

Баяндама аяқталды

Назарларыңыз үшін рахмет!