Print previewPrint

Парламент Сенатының жалпы отырысына «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚРЗ жобасы бойынша Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы

11/16/2017

Астана қ., Парламент Сенаты, 2017 жылғы 16 қараша

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Ең алдымен, республикалық бюджеттің жобасын Парламент Сенатының қабырғасында қарау барысында қолдау көрсеткендеріңіз үшін және сындарлы диалог үшін Сіздерге алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Жұмыс топтары мен комитеттердің отырыстарында біз бюджеттік әкімшілермен бірлесіп сіздерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беруге тырыстық. Қосымша материалдар мен түсіндірмелер берілді.

Сіздер, білім беру және денсаулық сақтау, сумен және инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау сапасын арттыру мен мақсаттарға қол жеткізудің нақты индикаторларын белгілеудің және басқа да қоғамдық маңызды бағыттары бойынша проблемаларды көтердіңіздер.

Бюджетті іске асыру барысында және алдағы орта мерзімдік жоспарлау кезінде аталған проблемалы мәселелер бюджет бағыттарының басымдығын айқындауда негізгі бағдарлардың бірі болады.

Бұдан басқа, жұмыс тобы мен комиттеттердің отырыстарында Есеп комитеті фискалдық саясат, қаржылық орталықсыздандыру, өңірлердің жауапкершілігін күшейту және бюджеттің ашықтығы бөлігінде мәселелерді жеке-жеке бөліп көрсетті.

Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы бюджет заңнамасына енгізілетін түзетулер шеңберінде ғана емес, сол сияқты азаматтық бюджет және қоғаммен өзара іс-қимыл бойынша қосымша іс-шараларды іске асыру шеңберінде де күшейтілетін болады.

Енді, Сіздер ұсынған түзетулерді ескере отырып, бюджет шығыстарының негізгі бағыттарына тоқтала өтейін.

Парламентте бюджет жобасын қарау барысында туындалған депутаттардың ұсыныстары бүгінгі отырыста қолдау тапса бюджеттің әлеуметтік құрамдасы күшейтіледі.

Абсолюттік мәнде үш жылдық кезеңге осы бағыт бойынша шығыстар 13 трлн. 434 млрд. теңгені құрайтын болады. Бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі әлеуметтік шығыстардың үлесін 44,6%-тен 47,6%-ке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұл бағыттың негізгі көлемі әлеуметтік қамсыздандыру мен еліміздің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге көзделеді. Жоспарланған кезеңде осы бағытқа 8,7 трлн. теңге, олардан 2018 жылда - 2,6 трлн. теңге жұмсалады.

Денсаулық сақтау жүйесіне 2018-2020 жылдарға арналған шығыстар 3 363,1 млрд.теңгені құрайды, олардың ішінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға үш жылдық кезеңде 1,2 млрд. теңге, одан 2018 жылға 170,5 млн. теңге көзделеді.


Білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына үш жылдық бюджетте 416,7 млрд. теңге, олардың ішінде 2018 жылға 206,7 млрд. теңге көзделеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша шығыстар алдымыздағы үш жылға 35 млрд. теңгені, олардың ішінде 2018 жылға 13,5 млрд. теңгені құрайды.

Нақты сектор шығыстары үш жылдық кезеңде 3,6 трлн. теңгені, оның ішінде 2018 жылы 1 362,3 млрд. теңгені құрайды. Мәселен:

1. Нұрлы Жол, Нұрлы Жер және 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту сияқты бағдарламаларды іске асыруға үш жылдық кезеңде 903 млрд. теңге, олардың ішінде 2018 жылы 470 млрд. теңге бағытталатын болады.

2. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға жалпы сомасы 233 млрд. теңге, олардың ішінде 2018 жылға – 76,1 млрд. теңге шығыстар көзделеді.

3. Көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға үш жылдық кезеңде 914,4 млрд. теңге, олардың ішінде 2018 жылы 293,8 млрд. теңге бағытталатын болады.

4. Аграрлық секторды дамытуға үш жылдық кезеңге 792,1 млрд. теңге, олардың ішінде 2018 жылға – 277,3 млрд. теңге көзделеді.

Қорғаныс қабілеттілігін және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үш жылдық бюджет басымдықтарының бірі.  Жоспарланған кезеңде бұл бағытқа 3 488,2 млрд. теңге, олардың ішінде 2018 жылға – 1 094 млрд. теңге көзделеді.

Сіздер көтерген проблемаларды шешудің көздері ретінде 2018 жылы Үкімет резервтің көлемі мен басқа да оңтайландырылған шығыстарды қысқартуды ұсынды.

Жалпы алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған еліміздің негізгі қаржы құжатының ұсынылған жобасы әлеуметтік салада барлық қабылданған міндеттемелерді және бастамаларды сақтай отырып, жалпы ұлттық өнімін сапалы өсуіне, сондай-ақ нақты сектордың дамуына оң ықпалын тигізуді жалғастыруын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте Үкімет қосымша іс-шараларды қаржыландыру үшін ішкі көздерді іздестіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Ол бұдан әрі Ұлттық қор қаражатын сақтау мен көбейтуге және мемлекеттің борышын қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Осылайша, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлері өзгеріссіз қалды және келесі корсеткіштермен сипатталады.

Түсімдер 2018 жылы 8 578,3 млрд. теңгеден 2020 жылы 9 566,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, бірақ жалпы ішкі өнімге шаққанда 15,3%-тен 14,6%-ке дейін төмендейді. Бұның себебі Ұлттық қордан тартылатын трансферттер көлемін төмендету болып табылады.

Осылайша, шығыстар да 2018 жылы 9 217,9 млрд. теңгеден 2020 жылы 10 219,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайып, жалпы ішкі өнімге шаққанда 16,5%-тен 15,6%-ке дейін төмендейді.

Бюджеттің тапшылығы келесі үш жылдары: жалпы ішкі өнімге шаққанда  1,0%-ке дейін төменделетін болады.

Құрметті депутаттар!

Қарастырылып жатқан Заң жобасын қабылдау барлық әлеуметтік міндеттемелерді атқару, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экономикалық өсу мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді.

Парламент қабырғасында бірлесіп жүргізілген жұмысты ескере отырып, үш жылдық кезеңге арналған елдің негізгі қаржы құжатын қабылдауды сұраймыз.

 

Назарларыңызға рахмет!