Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Б.Т.Сұлтановтың халықпен есепті кездесуіне баяндама Астана қ. «Қазмедиа орталығы», 2017 жыл 27 маусым

6/27/2017

Б.Т.Сұлтановтың халық алдындағы есепті кездесуі

Құрметті достар, құрметті Қоғамдық кеңеске мүшелер, құрметті депутаттар мен қонақтар

 

Сіздерді кезекті есепті кездесуде көріп отырғаныма қуаныштымын.

Біздің кездесуіміздің Қазақстанда EXPO 2017 көрмесін өткізу кезеңімен тұспа-тұс өтуі тегін емес.

Бұл ТМД мен Орталық Азия елдері аумағында өткізіліп жатқан осындай ауқымдағы алғашқы халықаралық көрме.

Оған 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысуда.

Көрме сәтті өтіп жатыр.

Екі аптаның ішінде 300 мың адам және 2 миллионнан аса қатысулар тіркелді.

Көрменің ашылуына 17 мемлекет пен үкімет басшылары қатысты, олардың ішінде Ресей, Қытай, Үндістан және басқа да мемлекеттердің басшылары.

EXPO өткізу еліміздің экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша серпін болады.

***

Бүгінде әрбір азамат мемлекет қабылдайтын шешімдерге қатыса алады және елдегі қаржылық-экономикалық климатты жақсарту бойынша өз ұсынымдарын енгізе алады.

 

 

 

Өткен жылы біз сіздермен ашық диалог форматында алғаш рет кездестік және халықты толғандыратын бірқатар мәселелерді талқыладық.

Оның нәтижесі бойынша менің атыма тікелей айтылған мәселелермен қатар, 120-дан астам өтініш келіп түсті, олардың барлығына қажетті түсініктер берілді және тиісті шаралар қолданылды.

Бұл мәселелер министрліктің ағымдағы қызметін, сол сияқты Министрлік жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік саясатты реформалау және дамыту мәселелерін де қозғады.

Ағымдағы жылдың 23 маусымында құрамына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бизнестің, басқа қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми орта өкілдері кіретін, біздің ведомствомызға азаматтық бақылауды жүзеге асыратын Қоғамдық кеңес алдында Қаржы министрлігі өз қызметі туралы баяндама жасады.

Бүгін, мен сіздердің алдарыңызда 2016 жылдағы Министрліктің атқарған жұмыстары туралы есеп беремін.

Қызметіміздің басымдықтары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының тапсырмалары мен елдің стратегиялық даму жоспарларын іске асырудан туындады.

Жалпы, олардың орындалуы міндеттердің кең спектрін шешуге бағытталды.

 

 

Министрліктің қызметі 4 негізгі блоктар бойынша іске асырылады:

1) бюджеттің кіріс бөлігі;

2) бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау;

3) бюджетті атқару, оның ішінде қазынашылық сүйемелдеу, мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит;

4) мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде жекешелендіру.

 

Біріншіден бюджеттің кіріс бөлігі туралы

2016 жылы еліміздің кіріс бөлігін нығайту үшін бірқатар шаралар іске асырылған.

Адал бизнес үшін жасалған жағдайдың арқасында мемлекеттік бюджет кірістері 101,1%-ке орындалды және 9,3 трлн. теңгені құрады. Бұл 2015 жылға қарағанда 1,7 трлн. теңгеге немесе 22%-ке көп.

Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) бойынша жоспар 109,1%-ке орындалды және 4,6 трлн. теңгені құрады.

Артығымен орындау салықтық түсімдердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы олар бюджетке күтілгенге қарағанда 358 млрд. теңгеге көп түсті. Сондықтан 369 млрд. теңге Ұлттық қордан қаражат аз таңдалды.

Жергілікті бюджеттің өз табысы (трансферттерді есепке алмағанда) 1,9 трлн. теңгеге орындалды, бұл -105,6%. Жоспардан артық 100 млрд. теңге түсті.

Түсімдер бойынша нысаналы болжамды мәндерге қол жеткізудің негізгі факторлары – бұл экономика өсімінің берілген қарқынын ұстау.

Теңгенің айырбас бағамын түзету де бюджеттің кіріс бөлігіне оң ықпал етті.

Қажетті бақылау деңгейі мен мемлекет алдындағы міндеттемелерін ерікті түрде орындауы үшін бизнеске қолайлы жағдай жасау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету де маңызды рөл атқарды.

Кірістердің оң серпініне салықтық әкімшілендіруді жақсарту да ықпалы етті.

Біз бизнеспен әріптестік қатынасқа көшеміз, мұнда салық инспекторы салық төлеушінің оған тиесілі барлық салық сомасын дұрыс және уақтылы төлеуі үшін консультация мен түсіндірулер береді.

Аталған шараларды енгізу көптеген кәсіпорындардың барынша ашылатынын және салық органдарымен ынтымақтасатынын көрсетті.

 Біріншіден: Төрт жылдың ішінде салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу еріктілігі коэффициенті 95%-тен 98,5%-ға өскен. Яғни салық төлеушілердің көбісі салықтарды мемлекеттің мәжбүрлеуінсіз және жазалаусыз төлейді.

Екіншіден: Төрт жылдың ішінде жоғары тәуекелді деңгейдегі салық төлеушілердің  саны 22%-тен 13%-ке төмендеді.

Бұдан басқа қабылданған шаралар салықтарды жинақтау үшін залалсыз осы жылы бақылау іс-шараларының санын 37%-ке қысқартуымызға мүмкіндік берді, бұл  28,8 мың.

Келесі жылы біз одан да көп қысқартамыз.

Салықтық тексеруден камералдық бақылауға көңіл аудару мақсатында сенім мен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген көлденең мониторинг тәсілдері енгізіледі.

Бұдан басқа тарату тексерулерін жүргізу кезінде аутсорсинг тетігі енгізілді. Соның нәтижесінде тарату рәсімі жеңілдетілді, тексерулер саны мен оларды жүргізу мерзімдері қысқартылды.

Салық төлеушілерге айыппұл санкцияларын қолданусыз қателерді дербес жою мүмкіндігі берілді.

Салықтар мен басқа да алымдарды жинақтауды ақпараттандыру жөнінде үлкен жұмыс жүргізілуде.  

2016 жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта ұсынылған салық есептілігінің үлесі 95%-ке өсті, бұл салық төлеушілерге төрешілдік жүктемені азайтты.

42 есептілікті қабылдау және өңдеу ірі орталығында кезектерді басқару және сапаны бақылау электрондық жүйелері орнатылды.

Сондай-ақ 2016 жылы салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін «Электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы салық және кедендік төлемдерді төлеу туралы ақпаратты екінші деңгейдегі банктерге онлайн-беру тетігі іске қосылды.

Үшіншіден: мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтердің сапасына қоғамның қанағаттану деңгейі 10 %-ке өскен. Мәселен, өткен жылдың нәтижелері бойынша бизнестің 81 % Комитет құрылымдарының қызметін оң бағалаған, ал 2014 жылы бұл индекс 71%-ке тең болды.

Мұндай өзара іс-қимыл жасау жүргізілген төлемдер туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріне беруді екі жұмыс күнінен бірнеше минутқа қысқартуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа инкассалық өкімдерді жіберу және қайтарып алу, банктік шоттар бойынша ақшаның қозғалысы туралы мәліметтерді алу бөлігінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жолға қойылды.

2016 жылғы сәуірден бастап мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету мақсатында үш - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрынғы аумақтық тәсілді енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүргізілуде.

Жақын уақытта біз бұл оң тәжірибені бүкіл Қазақстанға таратуды жоспарлап отырмыз.

Аталған тәсіл салық төлеушіні тіркеу есебі орнына байлаусыз кез келген аумақтық мемлекеттік кірістер органында қызметтерді алу мүмкіндігін көздейді.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп  «1434» Call-орталығының негізінде тәулік бойы режимінде салықтық және кедендік әкімшілендіру саласында консультациялар беру жөнінде пилоттық жоба іске қосылды.

Адал бизнесті және басым салаларды ынталандыру үшін кедендік бақылауда кәсіпкерлердің жекелеген санаттары: ірі салық төлеушілер, ірі тауар өндірушілер, инвесторлар, уәкілетті экономикалық операторлар, өзге де заңнаманы адал сақтаушы субъектілер үшін «жасыл дәліз» енгізілді.

Сондай-ақ біз тауарларды импорттау кезінде кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша мерзімін ұзартуға дайынбыз.

Егер декларанттың түрлі жағдайларға байланысты баждар мен салықтардың тиесілі сомасын дереу не толық көлемде төлеу мүмкіндігі болмаса, оған 1 айға мерзімін ұзарту құқығы беріледі және тауар төлемдерді төлеусіз жіберіледі.

Біз кедендік және салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін реформаладық, ол жоспарлау және бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады. Талдама сапасын арттыру және біріккен қызметтердің деректерін пайдалану бақылау үшін субъектілерді неғұрлым нақты іріктеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде бүгінгі күннің өзінде кедендік бақылау тиімділігі 2 есеге өсті.

Біз кедендік рәсімдердің бизнес-процестерін оңтайландыру жөніндегі жұмысты жүргізудеміз.

Талдау жұмыстарынан соң операциялар 900-ден 400-ге дейін қысқарды.

Жиынтықта біз кедендік ресімдеу уақытын 6 сағаттан орташа алғанда бір жарым сағатқа қысқарттық.

Бұл тауарлардың келу уақытында кедендік операцияларды жасау уақыты есепке алынатын кезде.

Салықтық және кедендік әкімшілендіру бөлігіне басқа да жеңілдіктер енгізілуде.

Әкімшілендіруді жақсарту, төрешілдік жүктемені төмендетубойынша жұмыс біздің Министрліктің қызметінде басты басымдықтардың бірі болып табылатынын айта кеткім келеді.

 

Келесі блок – бұл бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау

Мемлекеттік бюджет шығыстары 10 трлн. теңгеден асты, бұл 2015 жылға қарағанда 1,5 трлн. теңгеге көп.

Республикалық бюджет шығыстарының атқарылу проценті 98,3% немесе 8,5 трлн. теңге болып қалыптасты. Бұл ретте, екі нақтылау нәтижесінде бекітілген бюджет шығыстары 980 млрд. теңгеге өсті.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында олардың нәтижелігі мәніне бюджеттің барлық шығыстары қайта қаралған болатын.

Тиімсіз шығыстар қайта қаралып, ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға жіберілген болатын.

Бұл әлеуметтік салаға арналған шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Бюджеттің шығыс бөлігінің жартысы, яғни 4 трлн. теңге әлеуметтік сипатта. 

Өздеріңізге белгілі 2016 жылы олар біраз әлеуметтік бастамаларды қаржыландыруға мүмкіндік берді.

Мәселен, зейнетақы мөлшерін 9%-ке ұлғайту үшін бюджеттен 1 353 млрд. теңге бөлінді;

- азаматтық қызметшілердің еңбек ақысы жүйесінің жаңа моделін енгізуге- 291 млрд. теңге;

- бала тууға байланысты жәрдемақы төлеу үшін 438 мың алушыларға- 33 млрд. теңге жіберілген.

 

Келесі блок, бюджеттің атқарылуы

Қазынашылық сүйемелдеу бойынша

Кірістерді ғана жинап қоймай, шығыстарды да тиімді жоспарлау қажет.

 Жүйе «мұнда және қазір» іркіліссіз жұмыс істеуі тиіс: яғни кірістер үнемі кірістер түсіп тұрады, шығыстар жүргізіледі және касса үзілісі болмауы тиіс.

 Сондай-ақ борыштарды, кредиттерді, бағалы қағаздарды және тағы да басқаларды бақылау қажет. Бұл сырттай көзге көрінбейтін күнделікті үлкен жұмыс.   

2016 жылы мемлекеттік мекемелерге қазынашылық қызмет көрсету процесінде және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Ұлттық Банктің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығының төлем жүйелерi арқылы  4 млн. 665 мың электрондық төлем хабарламалары жүргізілді.

 

Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит туралы

Қаржы министрлігінде бюджет шығыстарының жұмсалуын бақылау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. 

Бюджеттің озық атқарылуы үшін заңанамалық, ұйымдастырушылық және рәсімдік шаралар қатарына бастамашылық етілді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдар жұмысын бастады.

Бұл бюджет қаражатын ұтымды пайдаланумен бұзушылықтарға жол бермеу бойынша мәселелерді шешуге кешенді келуге мүмкіндік берді.

Сатып алу веб-порталының жаңа платформасы іске қосылды.

Барлық мемлекеттік сатып алулар мен олардың рәсімдері жоспарлаудан бастап төлемді аяқтай отырып, электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл бизнес мүдделерінің ашықтығын және қорғанысын артты.

Қорытындысында, бір  конкурсқа қатысушылардың орташа саны 4 есеге ұлғайды, 1-2-ден бастап 4 қатысушыға дейін. Шартты үнемдеу шамамен  43 млрд. теңгеден 127 млрд. теңгеге дейін 3 есеге ұлғайды.

Пәрменділік тәжірибесі енгізілді.

Сатып алудың электрондық форматы бұзушылықты уақытылы жою мен анықтау мақсатында сатып алуды жүргізудің әрбір кезеңінде қашықтықтан бақылауға мүмкіндік берді. 

Яғни біз қарап тексеруді күрт төмендеттік, бірақ объектілерді камералдық бақылаумен неғұрлым кең қамтыдық. Қату шамамен 100%-ды құрады.

Камералдық бақылаудың арқасында жалпы сомасы 455 млрд. теңге бұзушылықтар қорытындыларды қайта қарау мен күшін жою арқылы жойылды.

Бұзушылықтардың неғұрлым төмендейтінін атап өткім келеді.

 Егер 2016 жылдың басында әрбір үшінші мемлекеттік сатып алу бұзушылық болса, онда қазіргі таңда әрбір бесінші бұзушылықпен танылады.   

Біз 40 мың конкурстар бойынша бұзышылықтардың алдын алдық, яғни құжаттама жауапкершілік мерзімі туындағанға дейін сәйкестікке келтірілді.

Айтайын дегенім, 10 мыңнан астам лауазымды тұлға жол берілген бұзышылықтарды алдын ала жоюға мүмкіндік алды, сонымен әкімшілік жауапкершілікке тартылмады. 

Мемлекетік басшысының тапсырмасына сәйкес біз сатып алуды орталықтандыру және автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз.

Осы жылы біз мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар және жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асыратын барлық сатып алуды бірыңғай порталға  біріктіруді көздейтін заң жобасын дайындаудамыз.

Осы міндетті шешу сатып алу процестерінің айқындылығы мен әділеттігін қамтамасыз ете қоймай, сонымен бірге бизнеске нені, қайда, және қандай көлемде сатып алынатыны жөнінде мүмкіндік береді.

Бизнес қандай өндірістерді дамытуға және қандай тауарларларға сұраныс бар екендігі туралы ақпарат алады.

 

Енді мемлекетік активтерді басқару туралы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет экномикада мемлекеттің қатысу үлесін төмендету бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы мақсатта алдын ала Кешенді жекешелендіру жоспары әзірленген болатын. 2014 жылдан бастап жалпы сомасы 125 млрд. теңгеге 447 объекті сатылған. 

2016 жылы Кешенді жекешеленліру жоспарына сәйкес сатуға жататын жалпы сомасы 30,7 млрд. теңгеге 147 объекті сатылды.  Бұдан өзге, жүргізілген түгендеу қорытындылары бойынша анықталған 103 ұйым 2017 жылдың сату кестесіне қосымша енгізілді. 

Сату георафиясы кеңінен ұсынылған. Барлық өңірлерде сатып алушылар бар. 

 

2016 жылы теңгерімдік құны 5 млрд. теңгеден асатын үздік деп аталатын ірі объектілерді қайта сатуға дайындау басталған.

. 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жекешелендіру жоспарында олардың жалпы саны 68 ұйымды құрайды, соның ішінде республикалық меншіктегі  14 объекті.

Үздік объектілерді сату жаңа меншік иелерінің әлеуметтік міндеттерімен, сондай-ақ өндіріс көлемін арттыру бойынша міндеттемелермен, инвестицияларды тарту және уақтылы менеджмент есебінен жаңа технологияларды енгізумен  сүйемелденетін болады. 

2017 жылы -  493 объектіні, 2018 жылы -102 объектіні сату жоспарланған.

В 2017 году запланирована продажа 493 объектов, в 2018 - 102 объектов.

 «Самұрық-Қазына» қорының 17 ірі компаниясы әске асырылды, оның ішінде 14  топтық объекті 2019 – 2020 жылдарға жоспарланған, оның ішінде 8 IPO/SPO шеңберінде.

Барлық пайдаланушылар үшін қолайлы барлық объектілер туралы ақпаратты қамтитын «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізілетін «Мемреестр», жекешелендірудің бірыңғай сату қағидалары қабылданды.  

Дерекқор сатушылар дерекқорды тұрақты түрде жаңартып отырады.

Сол жерде барлық сауда жүргізіледі.

Объектілерді өткізу мониторингін қамтамасыз ету үшін әрбір кезеңде on – line электрондық мониторинг жүйесі енгізілген.

 

Жалға беру

2016 жылдан бастап мемлекеттік меншік объектілерін 100 пайыз жалға беру электрондық форматта жүзеге асырылады, яғни конкурсқа қатысуға өтінім беруден бастап, конкурс жеңімпазын айқындағанға дейін.

Біздің жұмысымыздың тағы бір үлкен бағыты –  «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы.

Осы жобаның мақсаттары:

- бюджет шығыстарын қысқарту;

- мемлекеттік қызметшілерді оларға тиесілі емес функцияларды орындаудан босату;

- ғимараттарға қызмет көрсету жөніндегі функцияларды аутсорсингке беру жолымен жеке секторды қолдау.

2016 жылы жоба шеңберінде Қаржы министрлігінің ведомстволарынан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті аумақтық бөлімшелерінің теңгерімдеріне 642 ғимарат, 210 бірлік автокөлік, 1200 ден аса штаттан тыс қызметкер мен оларды ұстауға жұмсалатын 2,3 млрд. теңгеден аса шығыстар берілді.

Үнемделген шығыстар біздің қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға және ғимараттарды күтіп-ұстауға жіберілді.

Тұтастай алғанда Министрлік қызметінің әрбір бағыты бойынша тұрғындармен және бизнеспен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Аталған бағыт Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаның басымдығы болып табылады. Сапалы қызметтер көрсету мен бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтиды.

Қаржы министрлігіне бекітіп берілген функциялар шеңберінде 2016 жылы 17,1 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3 рұқсат беру рәсімін қысқарту жөніндегі жұмыс жүргізілді және 4 рәсім хабардар ету тәртібіне көшірілді.

Бүгінгі таңда Министрлік 55 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуде. Бұл ретте 38 қызмет түрі немесе 69% электрондық нысанда көрсетіледі, олардың 28-і «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы баламалы негізде қол жетімді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне жеке тоқталып өткім келеді.

Министрлік осы жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Айталық, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және сыбайлас жемқорлық факторларын барынша азайту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау нәтижесінде 2016 жылы ең алдымен қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдай ретінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін тәртіптік практика күшейтілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі жұмыс жандандырылды.

Кедендік және салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін реформалау кедендік бақылауға жататын тұлғалардың санын едәуір қысқартуға алып келді. Халықаралық стандарттар бойынша әдетте сауда ағынының 5-7%-ті ғана кеденнің бақылауына жатуға тиіс.

Бұл жұмыс ҚР Қаржы министрлігі жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты толығымен жою мақсатында бұдан әрі де жүргізілетін болады.

Сонымен бірге, халықтық бақылаудың әртүрлі нысандары кеңінен енгізілуде. Азаматтар өздерінің белсенді әрекеттерімен және тікелей қатысуымен көлеңкелі экономиканың мөлшерлерін қысқартуда өз үлестерін қосуда. Бұл кәсіпкерлік арасындағы адал бәсекелестікті ынталандырады.

2016 жылы бизнес –қоғамдастықпен бірлесіп «Чек талап ет те жүлде ұтып ал» деген кең ауқымды акция жүргізілді, бұл тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тұтынушылары ретіндегі өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталды.

Акция қорытындылары бойынша заңсыз жұмыс істеген 9 мыңнан астам жеке кәсіпкер салықтық есепке қойылды, 8 мыңнан астам бақылау-кассалық машиналар тіркелді. «Чек талап ет те жүлде ұтып ал» акциясы бойынша 2016 жылғы 23 желтоқсанда бас жүлде «Шевроле» маркалы автомобиль ұтысқа қойылды, сомасы 596 теңгелік чекпен машинаны Петропавл қаласының тұрғыны ұтып алды.

 

Құрметті кездесу қатысушылары біздің ағымдағы жұмысымыз бен алдағы тұрған міндеттеріміз туралы айтуға рұқсат етіңіздер.

11-слайд Қазіргі уақытта Қазақстан жаңғыртудың 2 кезеңінен табысты өтті, олардың шеңберінде экономикалық өсу үшін негізгі нарықтық және заңнамалық алғышарттар жасалды.

Бұдан әрі де өсу үшін шикізаттық маманданудың және орташа табыстың тұзақтарымен, үлкен борышпен және шектеулі бюджетпен байланысты экономикалық және бюджеттік тәуекелдердің проблемаларын шешу қажет.

Осыған байланысты, «Үшінші жаңғыру» Жолдауында Президент берген тапсырмаларды орындау үшін Министрліктің алдына мынадай мақсаттар қойылған:

Біріншіден - 2025 жылға қарайсалық жиналымын жалпы ішкі өнімге қарағанда 16,6%-тен 25% -ке дейін арттыру.

Сондай-ақ, әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдету, тиімсіз салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтарды алып тастау бөлігінде жаңаКеден және Салық кодекстері үшін ұсыныстар әзірленетін болады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлік шығындарын азайту үшін салық-кеден саласында тіркеу, төлеу, декларациялау, есептілік тапсыру және тексеру бөліктерінде жеңілдік шаралары қолданылатын болады.

Екіншіден – Біз теңгерімделген бюджетті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайтын боламыз, Сонымен бірге, квазимемлекеттік сектордың борышын бақылауды енгізу бойынша заңнамаға түзетулер енгізілетін болады, бұл жалпы ішкі өнімге қарағанда 60%-тік кеңейтілген борыш лимитін бұзбауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден - Шығыстарды оңтайландыру мен мемлекеттік меншікті тиімді басқару.

Бұл мақсатта оң нәтижелерін көрсеткен «Бірыңғай баланс ұстаушы» деген Министрліктіңпилоттық жобасы басқа да мемлекеттік органдарға (құқық қорғау блогынан басқа) кеңінен таратылатын болады.

Төртіншіден - Қаржы-қаражатты цифрландыру.

Мемлекеттік қаржы-қаражат пен активтерді басқару саласында жүзеге асырылатын барлық рәсімдерді цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Қаржы министрлігі мен оның жүйелері–бұл жаңа, әсіресе ақпараттандыру саласындағы жаңа технологияларды қолдану үшін аса қуатты ресурс болып табылады. Сондықтан да озат тәжірибені қолдана отырып, елімізде цифрлық экономиканы қалыптастыру үшін біз драйвер ретінде боламыз.

Бесіншіден – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс біздің басымдық болып қала береді.

Мен жоғарыда тиімділікті арттырып қана қоймай, сонымен қатар адам факторының әсерін едәуір төмендететін әкімшілендірудің жаңа тәсілдері туралы айттым.

Яғни, біз инспекторларымызбен бизнес және тұрғындар арасындағы байланыстарын шектейміз.

Біз превентивті шараларға үлкен көңіл бөліп келеміз, яғни жұмыскерлердің қызметтерін алдын ала қайта түзетіп, олардың қателесулеріне жол бермеу шараларын жүргізудеміз.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзім принципінде кең көлемде түсіндірмелік және профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді.

 

Құрметті қауым!

Ағымдағы жылы Министрлік Мемлекет басшысының  және Үкіметтің мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану және оны нығайту бағытында айқындаған барлық міндеттерін орындауды жалғастыратын болады.

Бюджет көрсеткіштерінің тұрақты қалыптасқан жағдайын алдағы кезеңде де сақтауға барлық күш жігерімізді жұмсайтын боламыз.

Назарларыңыз үшін рахмет!