Print previewPrint

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысындағы Қазақстан Республикасы қаржы бірінші вице-министрі Б.Ш. Шолпақұловтың баяндамасы, 2019 жылғы 29 мамыр

5/29/2019

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысындағы Қазақстан Республикасы қаржы бірінші вице-министрі Б.Ш. Шолпақұловтың баяндамасы, 2019 жылғы 29 мамыр

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Мемлекет Басшысы өткен жылдың қыркүйек айында Парламенттің алтыншы шақырылымының үшінші сессиясының ашылуында оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру қажеттілігі туралы атап өтті.

Тапсырманы орындау үшін министрлікпен Заң жобасы әзірленді.

Бүгінге банкроттық рәсімін 4 мыңдай бизнес субъектілері өтіп жатыр, 400 кәсіпорын – оңалту кезеңінде.  

Негізінде қаржылық жағдайы қиын бизнес субъектілерінің саны одан айтарлықтай көп.  

Қолданыстағы Заң кәсіпкерге сәтсіз бизнесін тез жабуға мүмкін бермейді.

Әр төртінші жағдайда сот банкрот деп танудан бас тартады.

Сотқа субъектінің қаржылық жағдайына шынайы (объективті) баға беру қиын.  

Болмашы активтердің бар болуы, соттармен қарыздар бойынша есеп айырысуға мүмкіндік ретінде қабылданады.  

Оңалтуды қолдану кезінде де ұқсас жағдай.  

Әр үшінші жағдайда, борышкер – төлемге қабілетті немесе төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру үшін ресурстарының бар екенін дәлелдемеді деген негіздемемен,  сот оңалту рәсімін қолданудан бас тартады.    

Соған байланысты, заңжобасы оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін талаптарды жеңілдетуге, сондай-ақ рәсімдерді жүргізу мерзімдерін қысқартуға және жұмыс істемейтін борышкерлерді жеңіл түрде таратуға бағытталған.

Бірінші. Оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін шарттарды жеңілдету

Заң жобасы оңалту рәсімін үш айдан астам орындалмаған міндеттемелері және «оң» балансы бар  болғанда қолдануды ұсынады. 

Өз кезегінде, егер өтініш берген күнге субъекті дәрменсіздігінің куәсі ретінде «теріс» баланс фактісі анықталатын болса, сот кәсіпорынды банкрот деп таниды.  

Осылайша, белгісіздік жойылып, оңалту және банкроттық рәсімдеріне кіру жеңілдетіледі.

Сонымен қатар, заң жобасы қазір тек банкроттыққа бара алатын дара кәсіпкерлерге оңалтылуға мүмкіндік береді.

Тәжірибеде басқа да проблемалар бар. Мысалы, оңалту жоспарын бекіту компанияның күнделікті жұмысының  жалғастырылуына кепіл бермейді.

Шоттар мен мүліктерден салынған шектеулерді алу туралы тікелей норма жоқ. 

Заң жобасымен сотпен оңалту жоспары бекітілген кезден бастап шоттар мен мүліктерден барлық шектеулерді алу ұсынылады. 

Жосықсыз субъектілермен оңалтуды қолдануға жол бермеу мақсатында заң жобасымен оны қолдану үшін уақыттық тыйым белгіленген.   

Содан, алдындағыны тоқтатқан кезден бастап алты ай өтпеген жағдайда оңалту рәсімін қайта қолдануға шектеу қарастырылған. 

Екінші. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімдерін қысқарту

Мерзімдерді қысқарту үшін, заң жобасымен кредиторлар жиналысының бірқатар өкілеттіктерін тезірек әрекет ететін кредиторлар комитетіне беру ұсынылады.   

Соның есебінен банкроттық рәсімін жүргізу мерзімдерін едәуір оңтайландыру күтулуде.

Сонымен қатар, заң жобасы кредиторларға өздерінің банкротқа талаптарын тек талап арыз мерзімдері шегінде мәлімдеуді белгілейді.

Бөлек әдейі және жалған банкроттық қылмыстары құрамының оңтайландырылғанын атап өту қажет. Заң жобасымен қолданыстағы құрамдарды жаңа «Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен кредиторларға мүліктік нұқсан келтірумен»  ауыстыру ұсынылды.

Жаңа құрамның диспозициясы банкроттың лауазымды тұлғаларын кредиторлар мүдделеріне нұқсан келтіре отырып  мүлікті шығарған фактісі үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ борышкерді бақылайтын тұлғаны субсидиарлық жауапкершілікке тарту ұсынылады. Қазіргі уақытта заң солардың іс-әрекеттері нәтижесінде кәсіпорын банкроттыққа жеткен тұлғаларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді.    

Үшінші. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін борышкерлерді банкроттық рәсімін қозғамай жеңілдетілген түрде тарату               

Бүгінде банкроттық рәсімінің шығындылығы себебінен (уақыт және ресурстар бойынша) оны қолданбай жүрген жұмыс істемейтін кәсіпорындар бірталай. 

Оларды жабу үшін заң жобасы әкімшілерді тартпай  борышкерлерді жеңілдетілген түрде тарату рәсімін ұсынады.  

Бұл кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан борышкерлерді тез және артық шығынсыз таратуға мүмкіндік береді. 

Қаралып жатқан заң жобасының негізгі аспектілері осындай.   

Ұсынылған бастамашылықтар бизнес субъектілерімен оңалту және банкроттық рәсімдерін қолданылуды белсендіреді, сондай-ақ банкроттық рәсімін жүргізудің мерзімдері мен шығындарын азайтады, бұл қарызды қайтару коэффициентіне жағымды ықпал етеді деп күтілуде.        

Қолдауларыңызды сұраймын.