Print previewPrint

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама Астана қ-сы, Мәжіліс Парламенті, 14 маусым 2017 жыл

6/14/2017

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің 2-бабын іске асыру үшін техникалық жәрдем көрсету
іс-шаралар тізбесі, яғни шығыстар сметасы әзірленді.

Осыған байланысты, Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы енгізіліп отыр.

Хаттамаға 2016 жылы 26 желтоқсанда
Санкт-Петербургте қол қойылды.

Транш сомасы – 7 526 789 АҚШ доллары.

Көмек 7 млн. АҚШ долларға ақшалай формада және 0,5 млн. АҚШ долларға оқыту бойынша көрсетілетін қызметтер түрінде ұсынылады.

Берілетін жәрдем арқылы келесі іс-шаралар қаржыландырылатын болады:

- 1 286 800 АҚШ долларына кедендік өткізу пункттерін (Достук, Карамык, Маданият) жайластыру;

- 5 662 149 АҚШ долларына сынақ зертханаларын жаңғырту, сондай-ақ техникалық реттеу саласында оқыту;

- 577 840 АҚШ долларына көлік саласында зертханаларды жарақтандыру қаржыландырылады.

Қаржыландыру көзі – республикалық бюджет.

Заң жобасы ратификациялауға жатады және де Қырғыз Республикасына жәрдем көрсету мәселесі бойынша құжаттар пакетінде қаралып отыр.

Көрсетілген заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

 

Рахмет!