Print previewPrint

Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың «ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2016 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» 2 ҚР Заңының жобалары бойынша баяндамасы Астана қ, Сенат Парламенті, 29 маусым 2017 жыл

6/29/2017

«ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2016 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы»

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті депутаттар!

 

2016 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің 2-бабын іске асыру үшін техникалық жәрдем көрсету
іс-шаралар тізбесі, яғни шығыстар сметасы әзірленді.

Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Хаттамаларды ратификациялау туралы 2 заң жобасы:

1) техникалық жәрдем көрсету туралы;

2) техникалық жәрдем көрсету туралы Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама енгізіліп отыр.

Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаға
2016 жылы 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте қол қойылды.

Транш сомасы – 7 526 789 АҚШ доллары.

Осы сомасы шеңберінде келесі салалардағы
іс-шаралар: кедендік әкімшілендіру, техникалық реттеу және көліктік инфрақұрылым қаржыландырылады.

Сонымен қатар, көмектің сомасын ұлғайту мақсатында 2017 жылы 17 наурызда Хаттамаға өзгерістер енгізілді.

Хаттама келесіні көздейді:

- 7 526 789 АҚШ долларын қоса алғанда бірінші транштың сомасы 41 038 096 АҚШ долл. құрайды.

- техникалық жәрдем көрсету іс-шаралары салалар бойынша бекітіледі, ал оның нақтылауы болса Тараптардың ведомствоаралық деңгейде бекітілетін болады.

Көмектің бірінші траншы ақшалай формада және оқыту қызметтері бойынша беріледі.

Қаржыландыру көзі – республикалық бюджет.

Аталған іс-шаралар кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеделдетуге, бақылау сапасын арттыруға, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Көрсетілген көмек Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен регламенттелмегендігін ескере отырып, енгізілген Хаттамалар ратификациялауға жатады.

Аталған заң жобаларын қолдауларыңызды сұраймын.