Print previewPrint

Қаржы министрі Б.Т.Сұлтановтың «ҚР 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және мемлекеттік бюджеттің атқарылу туралы» Үкіметтің кеңейтілген отырысына баяндамасы Астана қ., Үкімет Үйі, 3 ақпан 2017 жыл

2/3/2017

ҚР 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және мемлекеттік бюджеттің атқарылу туралы

Аса мәртебелі Елбасы!

Құрметті әріптестер!

 

2016 жылға арналған бюджеттің атқарылуы оның әлеуметтік бағытын сақтай отырып, экономиканы жандандыруға, жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған болатын.

Біріншіден. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 482 млрд.теңгеге артығымен орындалды. 2015 жылмен салыстырғанда бюджет 1,3 трлн.теңгеге, яғни 25%-ке өсті. Нәтижесінде 370 млрд.теңге Ұлттық қордан тартылмай сақталып қалды.

Кірістердің өсуіне мынадай факторлар себеп болды.

Бастысы, макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруы. Мысалы, жалпы ішкі өнімнің көлемі 1%-ті құрап, жоспар артығымен орындалды. Импорттың көлемі  теңгемен есептегенде жоспардан 4,3%-ке, металл құнының орташа бағасы 5,2%-ке көбейді. Сонымен бірге, мұнайға салынатын экспорттық кеден бажының прогрессивтік шкаласының енгізілуі және де басқа факторлар кірістердің асыра орындалуына септігін тигізді.

46 млрд.теңге салықтық әкімшілендірудің есебінен жоспардан тыс бюджетке түсті.

Анықтама ретінде: жоспарда 66,7 млрд.теңге көзделген.

2016 жылы көшпелі тексерулерге шықпастан,   декларацияларды қашықтан талдауға ауысу резерв болды.

Салық құжаттарында 72 мың сәйкессіздік анықталды және 57 мың жағдайда 34 млрд. теңгені салық төлеушілер өздері дербес төледі.

Сіздің Қазақстан халқына Жолдауыңызда берілген бизнеске ауыртпалықты азайту тапсырмаңызды орындау үшін келесі шаралар қабылданатын болады.

Біз онлайн хабарландыру функциясы бар  бақылау-кассалық машиналарын қолданатын әрбір шағын бизнес субъектісін тексермейтін боламыз. Бұндай салық төлеушілерге тексерулердің саны шамамен 20%-ке, яғни  13 мыңға қысқарады.

Анықтама: 2016 жылы барлығы 76794 тексеру жүргізілді, оның ішінде  рейдтік тексерулер  мен хронометраждық  зерттеп-тексеру 13273 (17,3%).

Барлық өзара есеп айырсуда электрондық шот-фактуралар қолданатын  экспорттаушыларға біз қосылған құн салығын еке есе жылдам қайтаратын боламыз (30 жұмыс күні ішінде). Бұл оларға 30 млрд.теңгеге жуық қосылған құн салығы сомасын өте қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.  Бұл қарсы тексерулердің санын 65 %-ке қысқартады, яғни тексеру саны тағыда 23 мыңға азайады.

Анықтама: 2016 жылы 363 экспортерларға 498 млрд.теңге  қосылған құн салығы қайтарылды.

Барлығы 35709 қарсы тексерулер жүргізілді.

ЭСФ информациялық жүйесінде тіркелу онлайн режимінде ЭСФ информациялық жүйесінде порталында  жүзеге асырылады.  Бұған басшының электронды-цифрлық қол қоюы керек.  Бүгінге 96 мың  пайдаланушылар  тіркелген,  21 млн.шот-фактуралар жазылды.

Қосылған құн салығын әкімшілендіруді жақсатру үшін бизнеспен  қосылған құн салығы арнайы шотын енгізу талқыланатын болады. 

Справочно: Қосылған құн салығы арнайы шотының мәні  мынадан тұрады: тауарға есеп айырысқанда қосылған құн салығы сомасы қазынашылықта ашылған  ҚҚС шотына – мердігердің шотына  аударылады.

Екіншіден. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2015 жылға қарағанда 1,5 трлн.теңгеге өсуімен қаржыландырылды. Атқару 98,2%-ті құрады.

Жыл қорытындылары бойынша бөлінбеген резерв пен үнемдеудің арқасында  110 млрд.теңге сақталып қалды. Бірақ, 36 млрд.теңге игерілмеді. Себебі: келісімшарттарды жасасу талаптарының өзгеруі және жұмыс кестесінен кешігу.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 100 %, яғни 472 млрд.теңге игерілді.

2015 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауыңызда берілген Сіздің тапсырмаларыңызға сәйкес 2016 жылдың бюджеті азаматтық қызметшілердің жалақыларын, стипендиялар мен жәрдемақыларды көбейтуге, зейнетақыны индексациялауға мүмкіндік берді.

Кірістерді асыра орындау және шығыстар бойынша үнемдеу есебінен республикалық бюджетте – 158 млрд.теңге, жергілікті бюджеттерде – 135 млрд. теңге кассалық қалдықтар қалыптастырылды. Бұлар Сіздің 31 қаңтардағы Жолдауыңызда берілген тапсырмаларыңызды орындау үшін әлеуметтік төлемдерді көтеруге жұмсалады.

Құрылыс саласындағы бюджет қаражатын қолдануда көлеңкелі экономиканы азайту үшін  салықтарды толық төлеуге  және  ұрлық пен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы әрекет жасауға  бақылау нығайтылатын болады.  Бұл үшін  қазынашылық жүйесінде мердігерлерге арнаулы  шоттар ашылады.

В-третьих. Бюджет қаражатын атқару сапасына мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік аудит туралы жаңа заңдар ықпал етті.

2016 жылы мемлекеттік сатып алудың барлық әдістемесі электрондық форматқа ауыстырылды. Бұл айқындылықты және бизнес мүдделерін қорғауды күшейтті.

Нәтижесінде конкурстарға қатысушыларға  бәсекелестік  ұлғайтылып, 127 млрд.теңге  үнемделді.

Автокөліктерді сатып алу орталықтандырылды. Нәтижесінде 25 млрд.теңгеге 86% автокөлікті  отандық тауар өндірушілерінен сатып алуға мүмкіндік берді.

Сіздің тапсырмаларыңызға сәйкес  біліктілікті алдын ала іріктеу және  сатып алуды орталықтандыру жаңа тәсілдері белсенді қолданылады. Бірінші жартыжылдықта біз өткен жылдағы автомобильдердің пилотына қосымша жиһаз және жеңіл өнеркәсіп  өнімдерін, алыпсатарлалдан емес, тек нақты  өндірушілерден сатып алуды бастаймыз.  

2016 жылы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудитке ауысу шегінде камералдық бақылаумен 4 трлн.теңге бюджет қаражаты қамтылды. Тексерудің нәтижесінде 455 млрд. теңге сомасына бұзушылықтарға жол берілмеді.

Сіздің Жолдауыңызда қаражаттың жұмсалуының және олардың тиімділігін арттыру туралы тапсырма берілді.    Біз мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтерінің ролін күшейтеміз. Қаржы министрилігінің профильдік комитеті Есеп комитетімен өзара әрекет жасу арқылы,  Сіздің барлық тапсырмаларыңыз орындалады.

Төртіншіден. Есепті жылы бюджет тапшылығы жоспардағы 903 млрд.теңгеге қарағанда
741 млрд.теңгеге дейін төмендеді. Жалпы ішкі өнімге шаққанда бюджеттік тапшылық 1,7%-ті құрады.

Мемлекеттік борыш жалпы ішкі өнімге шаққанда 26 %-тен төмен, қауіпсіз деңгейінде қалып отыр.

Сіздің Жолдауыңызда берілген тапсырмаларға сәйкес холдингтер мен ұлттық компаниялардың қарыз алу операциялары Үкімет тарапынан қатаң қадағалауға алынатын болады.

Бесіншіден. Кәсіпкерлік үшін жағдайлар туғызу және экономикаға капиталды тарту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Жария ету акциясы аяқталды. Біздің алғашқы болжамымыздан асыра 5,7 трлн.теңге заңдастырылды.

Сондықтан, мақсатқа жеттік деп нақты айта аламыз.

2016 жылы жалпы сомасы 31 млрд.теңгеге
147 объекті
жекешелендірілді. Сонымен, сатылған объектілердің саны 394-ке жетіп, 106 млрд.теңгені құрады.

Анықтама: 2014-2020 жылдарға 1 040 объект сатылуға жоспарланды. 2014-2016 жылдарға жоспарланған 629 объектіден 394 объект сатылды, яғни 63%.

Жолдауда мемлекеттік меншік үлесін азайту жұмысын жылдамдату туралы берілген тапсырмаларыңызды орындау ретінде бұрын төрт жылға жоспарланған жұмыс 2018 жылдың аяғына дейін аяқталады. Ал 2019-2020 жылдарға жекешелендіруге қалған стратегиялық объектілердің алдын-ала сату дайындығын 2018 жылы бітіреміз.

Сіздің тапсырмаңыз бойынша ведомстваларға бағынысты бүгінгі 7 мың мекемелердің инвентаризациясы жүргізілді. Ағымдағы жылдың аяғына дейін олардың саны қайта құру мен жабу жұмыстарының нәтижесінде 6 мыңға дейін қысқартылады. Сатылатын  объектілердің тізімі 105 кәсіпорынға толықты. Ал келесі жылдың мақсаты – оларды әрі қарай оңтайландыру және жеке бизнеске басқаруға ұсынуымен санын 1 мың 400-ге дейін жеткізу . Жалпы 5 есеге қысқартылады.

***

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қаржы Министрлігінің жұмысы бұдан кейін де экономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталатын болады. Қомақты кассалық қалдық пен кірістердің асыра орындалуы бойынша күтілетін болжамның есебінен Сіздің Жолдауыңызда берілген тапсырмаларыңыз  уақтылы және толық орындалады.

Назарларыңыз үшін рахмет!