Print previewPrint

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша баяндама Астана қ-сы, Мәжіліс Парламенті, 14 маусым 2017 жыл

6/14/2017

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Өздеріңізге мәлім болғандай, Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылды. Одақтың кедендік шекарасы сыртқы контурға, яғни қырғыз-қытай, қырғыз-тәжік, қырғыз-өзбек шекараларға ауысты.

Бұл ретте, қырғыз шекарасының инфрақұрылымы сапалы жарақтандыру мен жаңғыртуды қажет етеді.

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Одақтың сыртқы шекарасын бақылау мақсатында мемлекет басшылары деңгейінде Қырғызстанға көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Көмек Қырғызстанның Одаққа қосылуы жөніндегі «жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыруға бағытталған.

Осы шарттар 2016 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) бекітілген.

Келісімнің 2 және 3-баптарын іске асыру үшін Көмек көрсету тәртібі мен Техникалық жәрдем көрсету
іс-шаралары тізбесі (шығындар сметасы) әзірленді.

 

Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы ұсынылып отыр.

Хаттамаға 2016 жылы 26 желтоқсанда
Санкт-Петербургте қол қойылды.

       Тәртіпке сәйкес:

       Біріншіден, көмек бірнеше транштармен беріледі. Әр кезде жеке Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаларға қол қойылады және ратификацияланады;

       Екіншіден, іс-шаралар тізбесіне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы бойынша «жол картасының» іс-шаралары ғана кіреді;

       Үшіншіден, көмек ақшалай қаражат, жабдықтар, тауарлар мен қызметтер, оқыту формалары арқылы көрсетілуі мүмкін;

       Төртіншіден, Қырғыз тарапы көмекті пайдаланғаны және ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапты;

Бесіншіден, транштардың жүзеге асырылу қорытындысы бойынша оны пайдалануды бақылау қамтамасыз етіледі.

Енді рәсімдері туралы айтатын болсақ, бұл жұмыс келесі тәртіппен іске асыратын болады.

1.    Қырғыз тарапы қарастыруға іс-шаралар, сомалар және растайтын құжаттар тізбесін ұсынады.

2. ҚР мүдделі мемлекеттік органдары (Инвестициялар және даму, ақпарат және комуникациялар, ауылшаруашылық, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктері) өз бағыттары бойынша Қырғыз тарапын және ҚР Қаржы министрлігін қолдайтын сомалар бойынша қарастырады және хабарлайды.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі еліміздің мемлекеттік органдарының қорытындылары негізінде іс-шаралар тізбесі мен шығыстар сомасын қалыптастырады. Тараптар Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттаманы ресімдейді және қол қояды.

4. Осы Хаттама ратификацияланғаннан кейін Қазақстан тарапы көмек көрсетеді.

5. Іс-шараларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша Тараптар көмекті пайдалану бойынша бірлескен ревизиялық бақылауды қамтамасыз етеді.

6. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, одан әрі қаржыландыру туралы мәселе қазақстан – қырғыз Үкіметаралық кеңесіне шығарылады.

Көрсетілген көмек Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен регламенттелмегендігін ескере отырып, енгізілген Хаттама ратификациялауға жатады.

Аталған заң жобасын қолдауыңызды сұраймын.