Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі А. Смайыловтың мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері бойынша

9/23/2019

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі А. Смайылов Үкіметке мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерді қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлады.

Бірінші. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 14-бабымен Қазақстан Үкіметіне ұлттық режимнен, оның ішінде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында алып қою құқығы белгіленген.

 

 

Осы мақсатта Үкіметтің 2019 жылғы 26 шілдедегі №538 қаулысымен ұлттық режимнен 2 жыл мерзімге 3 тауар позициясы бойынша алып қою бекітілген. Олар:

1) автокөлік;

2) трансформаторлар; және

3) кабельдік өнім.

 

 

Екінші. Ағымдағы жылдың шілдесінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында тапсырыс берушілер мен өнім берушілерге тауарлардың шығуы туралы сертификаттарды, оның ішінде СТ-KZ сертификаттарын енгізбей актіге қол қоюға мүмкіндік бермейтін форматтық-логистикалық бақылау орнатылған.

 

Бұл мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту бойынша объективті көріністі айқындауға мүмкіндік береді және мониторингті жеңілдетеді.

 

 

Үшінші. 2019 жылдың басынан Мемлекеттік сатып алу туралы заңға өзгерістер енгізілді, енді Президенттің тапсырмасы бойынша Үкіметпен мемлекеттік сатып алуды бір көзден орындайтын тұлғалар белгілену мүмкін.

Бұл норма ұлттық режимнен алу мақсатында қолдануы мүмкін.

Осы норманың шеңберінде Түркістан қаласында объектілердің құрылысы жүріп жатыр, бұл ретте Үкімет қаулысымен анықталған 145 тұлғалар қазақстандық компаниялар болып табылады.

Әкімдіктер бұл тұлғалардың Қазақстанда өндірілген құрылыс материалдарын қолдануын қадағалау керек.

 

Төртінші. 2019 жылғы 1 шілдеден бастап жиһаз өнімдері мен жеңіл өнеркәсіп тауарларын мемлекеттік сатып алу Индустриялдық сертификаттың болуы негізгі критерийді қолдана отырып алдын ала біліктілік іріктеу арқылы отандық тауар өндірушілер арасында ғана жүргізіледі.

Портал тапсырыс берушілерге бұл тауарларды басқа тәсілмен сатып алуға жол бермейді, сонымен қатар,  ол өнім берушіден автоматты режимде индустриялдық сертификатты және СТ-KZ сертификатын талап етеді.

 

Бесінші. Құрылыс саласында да қолдау шаралары қабылдануда.

Осылайша, құрылыс саласындағы және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы үлгілік шарттар әзірленді, оның шеңберінде 2019 жылдың
1 шілдесінен бастап
құрылыс бойынша жұмыстарды сатып алуда тек Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген құрылыс материалдары пайдаланылады
(ИИДМ).

Бұл көрсеткіш мемлекеттік кірістер органдарының мәліметттері бойынша және тек Қазақстандық салық төлеушілер бойынша қалыптастырылатынын ескерсек, аталған норма отандық бизнесті қолдайды.

Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құрылыс жұмыстарын сатып алу да тек алдын ала біліктілік іріктеу арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда қаржылық тұрақтылық критерий болып табылады.

 

Алтыншы. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алуларда ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін құру және дамыту қызметтері бойынша осыған ұқсас қолдау шаралары көзделген.

Тек отандық әзірлеушілер енетін Сенім білдірілген өнім тізілімінде болуы алдын ала біліктілік іріктеуге кірудің негізгі критерийі болып табылады.

 

Жетінші. Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы бойынша біз дәл осындай шараларды қабылдауды жоспарлап отырмыз.

 

Сегізінші. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2020 жылдан бастап пилоттық режимде барлық мемлекеттік сатып алуларды бірыңғай ұйымдастырушыларға тиісті деңгейде беруді көздейтін Мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру енгізіледі.

Пилоттан кейін бұл модель бүкіл республикада қолданылатын болады.

 Нәтижесінде, ұйымдастырушылар саны едәуір төмендейді. (25 мыңнан шамамен 500-ге дейін).

Әкімшілендіру жеңілдетіледі, бұл Мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтуды тиімді реттеуге мүмкіндік береді.

 

 

Назарларыңызға рақмет!