Print previewPrint

Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың «ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2016 жылғы 26 желтоқсандағы ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» 2 ҚРЗ жобалары бойынша баяндамасы, Астана қ-сы, Сенат Парламенті, 29 маусым 2017 жыл

6/29/2017

«ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2016 жылғы 26 желтоқсандағы ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚРҮ мен РҚҮ арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы»

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Өздеріңізге мәлім болғандай, Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылды. Одақтың кедендік шекарасы сыртқы контурға, яғни қырғыз-қытай, қырғыз-тәжік, қырғыз-өзбек шекараларға ауысты.

Бұл ретте, қырғыз шекарасының инфрақұрылымы сапалы жарақтандыру мен жаңғыртуды қажет етеді.

Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Одақтың сыртқы шекарасын бақылау мақсатында мемлекет басшылары деңгейінде Қырғызстанға көмек көрсету туралы шешім қабылданды.

Осы шарттар 2016 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) бекітілген.

Келісімнің 3-бабын іске асыру үшін Көмек көрсету тәртібі әзірленді.

 

 

Сіздердің қарауларыңызға Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы Хаттамаларды ратификациялау туралы 2 заң жобасы:

1) Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы;

2) Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы Хаттамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ұсынылып отыр.

Көмек көрсету және оны пайдалануды бақылау тәртібі туралы Хаттамаға 2016 жылы 26 желтоқсанда
Санкт-Петербургте қол қойылды.

 

Тәртіпке сәйкес:

       Біріншіден, көмек бірнеше транштармен беріледі. Әр кезде жеке Техникалық жәрдем көрсету туралы хаттамаларға қол қойылады және ратификацияланады;

       Екіншіден, іс-шаралар тізбесіне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы бойынша «жол картасының» іс-шаралары ғана кіреді;

       Үшіншіден, көмек ақшалай қаражат, жабдықтар, тауарлар мен қызметтер, оқыту формалары арқылы көрсетілуі мүмкін;

       Төртіншіден, Қырғыз тарапы көмекті пайдаланғаны және ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жауапты;

Бесіншіден, транштардың жүзеге асырылу қорытындысы бойынша оны пайдалануды бақылау қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, осы Тәртіппен рәсімдер және
іс-шаралар тізбесін келісу шарттары және техникалық жәрдем көрсету сомалары, сондай-ақ қаржыландыру және әрі қарай оны пайдалануды бақылау қарастырылған.

 

Шығыстар сметасын келісуін жеңілдету мақсатында Хаттамаға 2017 жылы 17 наурызда өзгерістер және толықтыру енгізілді.

Өзгерістер нақтылау сипатына ие, Қырғыз Республикасы ұсынатын құжаттардың тізбесі жеңілдетілді.

Бұл нақтылаулар Қазақстан тарапынан Қырғыз еліне техникалық жәрдем көрсету шеңберіндегі жүргізілетін жұмыстарын уақытылы және сапалы іске асыру үшін әзірленді.

Көрсетілген көмек Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен регламенттелмегендігін ескере отырып, енгізілген Хаттамалар ратификациялауға жатады.

Аталған заң жобаларын қолдауларыңызды сұраймын.