Print previewPrint

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Қаржы министрі Б. Т. Сұлтановтың 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі баяндамасы Астана қаласы, Парламент Сенат, 2017 жылғы 15 маусым

6/15/2017

2016 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті депутаттар!

2016 жылдың бюджетінің атқарылуының басты сипаттары – сыртқы теріс факторлар мен экономикамыздағы қиыншылықтарға қарамастан ол әлеуметтік және экономикалық өсуге қолайлы жағдайлар жасау болды.

Бұл мақсаттар «Нұрлы жол» және басқа да бағдарламалардың, дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралардың орындалуының арқасында іске асты.

Есепті жылы бюджеттің кірістерінің көлемі ұлғайып, 109,1%-ке артығымен орындалды.

Шығыстар 98,3%-ке игеріліп, 8 трлн. 501 млрд.теңгеге атқарылды.

Әлеуметтік салаға 4 трлн.теңгеге жуық қаражат бөлінді, яғни   жалпы шығыстардың жартысы. Олардың Жалпы Ішкі Өнімдегі үлесі былтырғы жылы 7,2% -ке жетті.

Бюджет тапшылығы 741 млрд.теңгені құрады. Бұл жопардан 161 млрд.теңгеге төмен.

                                   ***

Енді, сіздер көтерген негізгі мәселелер туралы толығырақ айтып өткім келеді.

БІРІНШІ БЛОК, КІРІСТЕР БОЙЫНША

Бюджет кірістерінің Ұлттық қордан алынатын трансферттерге тәуекелділігі туралы біраз мәселелер көтерілді. Трансферттердің көлемінің ұлғайуы объективті жағдайларға байланысты болды.  Олар, дағдарыс кезінде экономиканы  қолдауға, соның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына мүмкіндік берді. Алдағы уақытта шығыстарды қаржыландырудағы кепілдендірілген трансферттің үлесі біртіндеп 2020 жылы 2 трлн.теңгеге дейін азаятын болады.

Салықтық әкімшілендіруді жақсарту барысында   екі маңызды мәселені шешуіміз қажет. Ол бір  жағынан  бизнеске  қолайлы  жағдай  туғызу,  екінші  жағынан  мемлекеттік  бюджет  кірістерін  ұлғайту. 

Көрші елдермен кедендік статистиканың алшақтығын жою мақсатында да  жұмыстар жүргізілуде.

Оның бірі -  импорттық тауарлардың барлық түрлеріне таңбалауды енгізу. Осы мәселе туралы жаңа Келісімнің жобасы Еуразиялық экономикалық комиссиясында талқылануда,  таңбалауға жататын тауарлардың тізімі комиссияның кеңесімен бекітілетін болады.

Бұдан басқа Қылмыстық кодекске гуманизация аясында  тиісті өзгерістер дайындалды. Бұл өзгерістер мемлекет мүддесін қорғай отыра, экономика саласын қылмыстан арылтуға бағытталған.

Салықтық бақылауда бизнестің іс-әрекетіне араласпау принципін қолданатын боламыз.

Осы айтылған шаралар бюджет кірістерінің өсуіне, көлеңкелі экономиканың азайуына, салық әкімшілендіруінің жақсаруына  көмектеседі деп сенеміз.

ЕКІНШІ БЛОК, ШҒЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

Есепті талқылау барысында  бюджет қаражатының игерілмеу самасының өсуі, тиімсіз пайдалануы сөз болды.

Өткен жылы 268 млрд.теңгеге қаражат тиімсіз жұмсалды. Ол 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге аз.

Сондықтан, бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру үшін біраз жұмыстар атқару жоспарланып отыр.

Біріншіден, квазимемлекеттік субъектілердің бюджетпен қарым-қатынасы.

Соңғы жылдары осы субъектілерге берілген жарғылық капиталдың сомасы ұлғайды. Негізгі сомалар үш ұлттық холдинг арқылы экономиканы  диверсификациялауға берілді.

Осы қаражатты азайту керек деген ұсыныстар айтылды.  Ол үшін жоспарлау әдісін өзгертеміз. Бюджетке қаржы-экономикалық негіздемеде көрсетілген соманың бәрін бірден жоспарламай, кезең-кезеңімен қарастырамыз. Бұдан басқа жобаларды  іске асыруға жеке кәсіпкерлерді  тартуға жағдайлар жасаймыз.

Ал, квазимемлекеттік субъектілердің шоттарында жатқан қаражат қалдықтарына келсек, олар бюджет кірісіне қайтарылады және осы субъектілердің басқа жобаларын қаржыландыруға рұқсат беріледі.  Бұл  мәселе қазір жұмыс тобында талқылануда.

Екіншіден, бұзушылықтардың алдын алу инструменті - мемлекеттік аудит. Өткен жылы бақылау қызметі мемлекеттік аудитке ауысты. Аудиторлық шараладың нәтижелігі бюджет қаражатының тиімділігіне бірден-бір ықпал жасайды.

Бірақта, бюджет, бұғалтерлік есеп және сатып алу рәсімдерінде бұзушылықтар бар. Оған өздеріңізде есептерді талқылаған кезде назар аудардыңыздар. Осы кемшіліктерді  азайту үшін бюджеттің атқарылуы кезінде превентивтік шараларды  қолдануды күшейтеміз. Мемлекеттік мекемелердің бұғалтерлерінің біліктілігін арттырамыз.

Үшіншіден, биыл алғашқы рет бюджет жобасын алдын ала бағалау институты енгізіледі.  Ол Есеп комитетімен жүргізіледі.  Осы жұмыс бюджет қаражатының тиімсіздігін азайтуға көмек жасайды деп ойлаймыз.

Төртіншіден, жалпы мемлекеттік жоспарлаудың сапасын арттыруының қажет. 

Осы бағытта біраз шаралар атқарылды. 2016 жылы бюджеттік бағдарламалар стратегиялық мақсаттармен байланыстырылды. Бұл жұмыс  әрі қарай жалғасады.

Келесі жылдың бюджет жобасын қарау кезде Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп стратегиялық жоспарлардың индикаторларын қайтадан қараймыз.  Осы индикаторлардың жиі өзгеруіне тыйым салу талқылануда. 2016 жылдың қортындысын бағалаудың нәтижесі бойынша  индикаторлары дұрыс жоспарланбаған және орындалмаған мемлекеттік органдардың басшыларын жауапкершілікке тарту қарастырылады.

Бесіншіден, бюджеттік процессте қалыптасқан әкімшілік кедергілерді қысқартамыз. Ол үшін бюджеттік заңнамаға өзгертулер дайындалуда.  Олар  қаражаттың нақты экономикаға тез жетуіне, игерілмеу сомасын азайтуға себеп болады. Дебиторлық берешектердің көлемінің сомасын азайту үшін инвестициялық жобаларға аванс төлеу механизмін өзгертеміз.

ҮШІНШІ БЛОК, МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ

Мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордың борыштарының өсуі, оның ішінде сыртқы қарыздардың ұлғайуына сіздер аса назар аудардыңыздар.

Бюджет тапшылығының көлемі Жалпы Ішкі Өнімге шаққанда жоспардағы 2%-тің орнына 1,7%-ті құрады. Борыштық жүктеме қауіпсіз деңгейде қалып отыр.

«Қарыз күліп келеді, жылап қайтады» деген қазақтың мақалы бар. Сол себепті бұл мәселе әрқашанда қатаң қадағалауда.  Осы жұмыс ретінде, былтырғы жылы 10 автожол жобаларын сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан біз бас тарттық. Оларға қаражат тікелей бюджеттен бөлінетін болады.

Орта мерзімдегі жоспарда бюджет тапшылығын  тек ішкі ресурстардың есебінен қаржыландыруды және оның  мөлшерін  Жалпы Ішкі Өнімге шаққанда 1%-ке дейін төмендетуді жоспарлаудамыз.  

Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы 2,6 млрд.долларға азайып, 16,2 млрд.долларды құрады. Холдингтер мен ұлттық компаниялардың сырттан қарыз алу операциялары Үкімет тарапынан ерекше бақылауда болады.  Тиісті  заң жобасы қазір Парламентте қаралуда.

Құрметті депутаттар!

2016 жылыдың атқарылуының негізгі қортындыларын және алда тұрған жоспарларды айтып өттім.

Есепті талқылау қортындысы бюджеттің атқарылуы барысында жіберілген кемшіліктерді айқындады. Шынын айтқанда, көптеген бюджет тәртібін бұзушылықтар жылдан-жылға қайталануда.  

Талпыныссыз мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан осы жетіспеушіліктерді азайту үшін барлық мемлекеттік органдардың бірлескен жұмыс жасауы қажет. 

Есепті қарау кезінде  айтылған жүйелі мәселелердің көпшілігі бюджет, салық және мемлекеттік сатып алу заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде қарастырылады.

Депутаттар корпусы мен Есеп комитетінің ұсыныстарын орындау туралы тұрақты есеп беретін  боламыз.

Үкімет Есебін қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңыз үшін рахмет!