Print previewPrint

ҚРҮ отырысына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің жобасы және ілеспе заң жобасы туралы» Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы

9/12/2017

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Астана қ, Үкімет Үйі, 12.09.2017ж.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті отырысқа қатысушылар!

 

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының жолдауында салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап ететіні атап өтілген.

Осы мақсатта Салық кодексінің жобасында бірқатар жаңа өзгертулер көзделуде. Кодексті жазу барысында бизнес қоғамдастықтардың, салалық қауымдастықтардың және тәуелсіз сарапшылардың барлық ұсыныстары жан-жақты қарастырылып, талқыланды. 

Жаңа салықтық әкімшілендірудің тұжырымы – мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастарды ырықтандыру болып анықталған. Адал салық төлеушілерді тексеруді азайту және салық төлеушілердің салық міндеттемелерін өз еркімен орындауға ынталандыратын шараларды көбейту көзделген.

         Мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеуші арасында өзара іс-қимылдың айқын қағидаларын белгілеу мақсатында мынадай салықтық әкімшілендіру қағидалары енгізіледі:

         1) заңдылық қағидаты;

2) тиімділік қағидаты;

3) бағдарланған әкімшілендіру тәуекелінің қағидаты;

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін талап қоюдың ескіру мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту ұсынылады, оның ішінде бұрын төленген салық сомалары қайта қаралуы және қосымша есептелуі мүмкін.

Салықтық тәртіпті ынталандыруды арттыру мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесі түбегейлі қайта қаралуда. Әртүрлі санаттағы салық төлеушілер үшін салықтық әкімшілендіруде сараланған тәсіл енгізіледі.  

Біз «жасыл топ» деп атаған бірінші санатқа тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілер жатады. Оларға тексерулер жүргізілмейді, есептілікті ұсыну, берешекті төлеу, көлденең мониторингке қатысу мүмкіндігі мерзімдерін өзгерту түрінде жеңілдеулер көзделеді және т.б.

Тәуекел деңгейі орташа топқа әкімшілендірудің қалыпты тетіктері қолданылатын хабарламалар жіберіледі, ал орындалмаған жағдайда салықтық бақылау шаралары қолданылатын болады.

Үшінші немесе «қызыл аймақ» деп аталатын топқа тәуекел деңгейі жоғары салық төлеушілер жатады. Қарапайым тілмен айтқанда бұлар заңды белінен басқан салық төлеушілер. Оларға салық міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдары бірден назар аударып, қатаң шаралар қолданатын болады.

Әлемнің көптеген елдерінде салық төлеушілерді санаттарға бөлу жасырын «жабық» ақпарат болып табылатынын атап өткен жөн. Біз салық төлеушілерге тәуекел деңгейі төмен «жасыл аймаққа» ену үшін бағдар болатын «ашық критерийлерді» көздейтін және «қызыл аймаққа» түсіп кетуді ескертетін аралас модельді енгізуді ұсынамыз. 

Өздеріңізге белгілі болғандай көптеген кәсіпкерлер үшін компанияны жабу оны ашуға қарағанда әлдеқайда күрделі. Бұл жұмыс істемейтін салық төлеушілер санының көбейіп кетуіне әкеп соқты. Осыған байланысты заң жобасында оларды мәжбүрлі түрде тарату үшін негізгі шарттар берілген.

Осы рәсімнің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мәжбүрлеп тарату туралы ақпарат Бұқаралық ақпарат құралдарына алдын ала орналастырылатын болады және осы компаниялардың ықтимал кредиторларының талаптары бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Жобада сенім және ашықтық қағидаттарына негізделген ірі салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың жаңа түрі көзделген.

- Көлденең мониторинг. Мұндай тәсіл ЭЫДҰ елдерінде пайдаланылатын прогрессивті әдістердің бірі болып табылады.

Осы рәсімді ұзақ және егжей-тегжейлі зерделедік. Біз оны бизнеспен талқыладық және мұндай әріптестік қатынастардың артықшылығын өза түсіністікке келдік. 

Біріншіден, салықшылар салықтық тексерулерді жүргізуден бас тартады.

Екіншіден, салықшылардың қызметі неғұрлым қызмет көрсетуге бейімделген болады. Олар салық төлеушілерге туындаған мәселелер бойынша консультациялар беретін болады және салықтық міндеттемелерді дұрыс орындауда сүйемелдейтін болады.

Үшіншіден, егер консультация нәтижесінде салық сомасын төмендетуге жол берілген жағдайда жауапкершіліктен босату көзделеді.  

Көлденең мониторингке қатысушылар үшін кедендік әкімшілендірудің ТБЖ оңайлатылады.

Салықтық тексерулер бөлігінде олардың санын едәуір азайтуға және сапасын арттыруға бағытталған шаралар көзделген, атап айтқанда:

- жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздер 56 процентке қысқарды (32-ден 14-ке дейін).

- аудиторлық ұйымдардың тексерулерді жүзеге асыру үшін жағдайды жақсарту, мұнда бизнес бизнесті тексереді (жылдық жиынтық табыс бойынша шегі 150 000 АЕК дейін ұлғайды және аудит жүргізу кезінде бұзушылықтар үшін лицензиядан айырмайды);

- жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың қызметі салықтық тексеру жүргізбей-ақ тоқтатылатын болады (камералдық бақылау негізінде).

Қазіргі уақытта алкоголь өнімін лицензиялау процесі көптеген наразылықтар мен дау тудыруда. Кодекс жобасында лицензиялық бақылауды ырықтандыру көзделеді. Лицензия алдындағы тексерулер жүргізілмейді, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде лицензиялаудан кейінгі бақылауға көшу болжанады.

Жобада ҚҚС қайтару рәсімдерін оңтайландыру бойынша шаралар көзделген.

Электрондық шот-фактура қолданатын салық төлеушілер бойынша қайтару мерзімдерді 30 жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Электрондық шот-фактура жазып беретін өнім берушілер бойынша қарсы тексерулер болмайды.

Арнайы экономикалық аймақтағы басқарушы компанияларды қаржылық қамтамасыз ету бойынша талаптар алып тасталады және т.б.

ҚҚС бақылау шотын жүргізу арқылы ел ішінде сатып алынған тауарлар бойынша дебеттік сальдоны қайтару тетігі көзделген, оны қолдану ерікті түрде болады.

Ел ішінде сатып алынған тауарлар бойынша барлық дебеттік сальдоны қайтару отандық өндірушілерді қолдауға ықпал ететін болады. Бұл өз кезегінде салық төлеушілерде ҚҚС бойынша дебеттік сальдоны қайтару мүмкіндігінің болмауы көрсеткішіне теріс ықпал еткен «DoingBusiness» рейтингін арттыруға септігін тигізеді.

Анықтама ретінде: «Салық салу» индикаторы бойынша 57-ші орыннан 60-шы орынға төмендеген.

Ұсынылған тетіктер жалған шот фактураларды пайдаланып алаяқтық схеманы азайтуға мүмкіндік береді.

Ілеспе заң жобасында әкімшілендіру бөлігінде бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер көзделген.

Трансферттік баға белгілеу туралы заң мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер көзделген. Трансферттік баға белгілеу туралы заңға өзгерістер айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында халықаралық топқа қатысушылар үшін 3 деңгейлік есептілік жүйесін жүргізуді көздейді (BEPS ұсынымдары).

Қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс нормаларының репрессивтілігін төмендету мақсатында корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төмендеткені үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 40 проценттен 20 процентке дейін азайтылды, баламалы тексерулер бойынша аудиторлық компанияларды лицензиясынан айыру жөніндегі норма алып тасталды.

Қорытындылай келе, әкімшілендіруді жетілдіру бойынша барлық жаңалықтар бизнестің дамуына сөзсіз оң ықпал ететінін және салық органдары жұмыстарының фискалдық әдістерінен бизнеспен әріптестік қатынастарға көшуді қамтамасыз ететінін атап өткім келеді.

Баяндама аяқталды!

Назарларыңызға рахмет!