Print previewPrint

«Конструктивті қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі баяндама

9/10/2019

«Конструктивті қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі баяндама

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Мемлекет басшысының «Конструктивті қоғамдық сұхбат – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру үшін Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді.

Жоба 5 бағыт бойынша 81 іс-шарадан тұрады.

 

«Қазіргі заманғы тиімді мемлекет» I БАҒЫТЫ БОЙЫНША  Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған 11 іс-шараны іске асыру; азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын күшейту, мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын кезең-кезеңімен 25%-ке қысқарту, қатысушылар үшін қолжетімділікті ескере отырып, белгілі бір жерлерде бейбіт митингілер өткізуге рұқсат беру көзделген.

Әл-Фарабидің 1150 жылдығын, Абайдың 175 жылдығын және Тәуелсіздіктің 30 жылдығын өткізу жөніндегі республикалық жоспарлар әзірленетін болады.

 

«Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» II БАҒЫТЫ БОЙЫНША сот шешімдерінің мониторингісі мен судьяларды бағалауды енгізу, «Сот практикасының сандық аналитикасы» жүйесін сынақтан өткізу, озық халықаралық тәжірибе негізінде Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру бойынша 15 іс-шара іске асырылатын болады.

 

Жеке адамға қарсы бірқатар ауыр қылмыстарды (жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық), браконьерлік, әкімшілік Әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар енгізу бойынша 5 Заң қабылдау жоспарлануда.

2020 жылдың 1 тоқсанының соңына дейін Қарулы Күштер мен әскери құралымдарды дамыту тұжырымдамасы жаңа редакцияда қабылданады.

 

«Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика»
III БАҒЫТЫ БОЙЫНША
экономиканы әртараптандыру, бизнес пен банк секторын дамыту, салық және бюджет заңнамасы бойынша 27 іс-шара іске асырылатын болады.

Микро- және шағын бизнес үшін «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде жаңа және әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылатын болады.

Микро- және шағын бизнес табыс салығынан және үш жылға тексеруден босатылады.

Бұдан басқа, ұлттық компаниялар қызметінің тиімділігіне, оларды қысқарту бойынша ұсыныстар енгізе отырып, талдау жүргізілетін болады.

 

«Әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңі» IV БАҒЫТЫ БОЙЫНША 18 іс-шара қарастырылған.   

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үйге кредит беру кеңейтіледі, жоғары оқу орындарының санына талдау жүргізіледі, педагогтардың, мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайтылады.

Атаулы әлеуметтік көмекті жетілдіру, табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакетті енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

«Мықты өнірлер – мықты ел» V БАҒЫТЫ БОЙЫНША 10
іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдарды бағалау жүйесі қайта қаралатын болады, бюджеттің 4-деңгейіндегі кірістерді кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленеді, 3 ірі қала әкімдіктерінің құзыреті кеңейтіледі. 

«Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосу үшін газ тарату желілері кезең-кезеңмен пайдалануға берілетін болады.

 

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Жалпыұлттық жоспарды жүзеге асыру Мемлекет  басшысының Қазақстан Халқына жолдауында қойылған барлық міндеттерді және сайлауалды тұғырнамасын шешуді қамтамасыз етеді.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар белгіленген мерзімдерге сәйкес ЖҰЖ-дық іс-шараларын толық тәжірибелік іске асыруды қамтамасыз етуі қажет.

ЖҰЖ-дың іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру Үкіметтің жобалау офисінде болады.

 

Назарларыңызға рақмет!